Ернұрдан соң көрмегенім еркек болсын деп 28 жасқа дейін тұрмысқа шықпадым...

Ернұрдан соң көрмегенім еркек болсын деп 28 жасқа дейін тұрмысқа шықпадым...

Тоқсаныншы жылдың аяқ кезі, студенттердің барлығы оқи жүріп жұмыс істейтін. Ауылдан келетін мардымсыз қаражат басқа тартсаң аяққа жетпейтін. Менсіз де үйде қалған бес баланын ауызынан жырылып, жесір шешемнің тірнектеп жиған азық түлігі ай сайын қатынасқан таксимен 6- жатақханаға кеп тұрды.

 

Жатақхананың екінші қабатындағы бөлмеме кіріп келгенімде бірге тұратын қыздармен шай ішіп отырған бейтаныс үш жігітті көрдім. Мұндай жағдай бұрын болып көрмегеннен кейін бе, алғашқыда тосырқап қалдым. Иығымдағы сөмкемді шкафқа қоя салып келген ізіммен дәлізге қайта шықтым. Менің бөтен адамдардан тосырқап тұрғанымды байқаған туыс сіңілім артымнан ілесе шығып, бұл үшеуінің біздің көрші ауылдың жігіттері екенін, үстінгі қабаттағы қыздардың сыныптасы, осы жатақханада бір ауданның қыздары бар дегенді естіп, танысуға келгендерін жеткізді. Жұмыстан шаршап келіп, бар ойым демалу болған мен жоспарымның күл-талқаны шыққанына іштей қынжылсам да бөлмеге қайта кіруге тура келді.

 

Дастархан басында тамаққа отырғанымызда төрде отырған Ернұр екеуміз көп сөйлеспесек те, сөзіміз бірден жараса кетті. Домбыра тартып өлең айтылды, анекдоттар айтылып ұзақ отырдық. Сол түні олар кеткен жоқ. Екі бөлменің қыздары кезек қонақ жасап, таңға дейін ұйықтамадық.

 

Күндегі әдеттіммен тан қылаң бере жұмысқа кеттім. Сол күннен бастап Ернұрды ойлай бердім, сағынамын. Ешкімге білдірмеймін дегеніммен екі айдай уақыт өткен соң мен оған бір көргеннен ғашық болғанымды жан жүрегіммен сезіндім.

 

Қараша айының соңғы күні, жұма болатын. Күндегі әдеттіммен жұмыстан келіп бөлмеме қарай көтеріліп бара жатыр ем Ернұр алдымнан шықты. Мені кешке дейін күтіп сыныптас қыздың бөлмесінде отырғанын айтты. Екеуміз бір-бірімізді көріп шын көңілден ашық жарқын амандастық. Қолымды қатты қысып жібергенін ол да аңғармады, тек мен саусағыма батқан сақинаны ауырсынғанымда күліп босата салды. Ол күні де солай бәрі көңілді болды. Бірақ ол кетіп қалды. Ертесі кешке Лимараның туылған күнін жасайтынын, оларға пәтерді Ернұрдың жалдап бергенін түгел-түгел бөлмедегі қыздар жеткізді. Біз әдетімізше төрт қыз барымызды киіп, жасанып, көрші үш бөлменің қыздарымен 20 шақты адам дайын отырдық. Ернұр келді де бәрімізді пәтерге алып барды. Мен оның әр қимылын көзбен бағып қана қыздардан қалыспай бірге билеп, дастархан жасасып жүре бердім.

 

Бір кезде вальс басталды да мені өзім күткен жігіт емес, мүлде басқа адам биге шақырды. Іштей ренжісем де келіспеске амал жоқ, биге шықтым. Бір уақытта жігіттер арасында кішкене кикілжің басталып, бірін-бірі ертіп сыртқа шығып кетті.

 

Санаулы минуттардан соң бәрі ішке қайта енді де, Ернұр менің қолымнан жетектеп далаға алып шықты. Не болғанын түсінбесем де, ол сыртқа шыққан соң бас сап ерніме жабысып, қатты құшақтап, босатпай қойды. Итерсем қолымды қайырып ұстап қайта құшақтап алды. Не болды деп кеудесінен итеріп, бұлқынып та көрдім. Басым айналып, жүрегім аузыма тығылды. Ең бірінші рет 19 жаста жігітпен сүйісіп көріппін!

 

Мектеп қабырғасында жүргенімде сөз салып, көңіл білдіргендер болмады емес, болды. Анам қатал болатын. Сен тек оқуың керек деп, күндіз-түні мектеп пен кітапхананың арасын жол жасаттыратын.

 

Ернұрдың бетіне жалтақтап қарай бердім, ұяттан өртеніп те тұрмын. Бір кезде ол кешірім сұрап, өзге біреумен билемеші, мен жігіттерге вальске тапсырыс беріп саған қарай келе жатсам, сен анаумен билеп кеттің. Содан мен қызғанып, оны далаға ертіп шығып ем жігіттер ажыратып алды деп қарап тұр.

 

Екеуміз де үйге кірдік. Қыздардың барлығы маған қарап мәз. Жақын құрбым кеп құлағыма сыбырлап кетті, «ол сені бір көргеннен ұнататын, маған айтқан, саған бата алмап едім», - деді де биге қосылып кете барды. Оның достары қарай береді, сынақтан әбден өттім. Сол күні таңға дейін әңгімелестік, артық қылыққа жол бермеді.

 

Осылай екі жыл уақыт өтті. Бір жерге бару керек болса екеуміз бірге барамыз, бірге қайтамыз. Жазғы сессиям біткен кезде, ауылға демалысқа кеттік, екеуміз енді телефонға тыным бермедік. Екі ауылдың адамдары бізді толық танып та бітті. Ол ауылға іздеп келіп кетті.

 

Университеттің соңғы курсында жүргенімізде дипломды алған соң үйленеміз деп шештік. Анасына да үй ішіндегілерге де солай айтып қойғанын ескертті. Мен де үйдегі анама айтып, ертерек қамдана берерін жайлап жеткіздім.

 

Бәрі аяқ асты басталды. Қыркүйек айының соңғы күні біз Алматы облысының қалаға жақын бір ауылына қонаққа бардық. Әрине жатақханадағы 20 қыз-жігіттер, 4 жылдан бері келе жатқан топ. Бәріміз бір-бірімізді танимыз. Туылған күн жақсы басталған. Бір кезде шу шықты. Менің ең жақын құрбымды сол ауылдың балалары зорламақ болған жерінен Ернұр көріп қап, ажыратып үйге кіргізіп жатқызып қойыпты. Шу шығып кетеді деп маған айтпаған. Туылған күн жасап отырған қыздың ата-анасы да араласып, ауыл балаларын қуып жіберді.

 

Сол түні бәрімізге бірге төсек салынды. Бірінші біз жатып қалдық. Өйткені, Ернұр масайып қалды да сыртта аңдып тұрған ауыл балалары төбелеске шақырып, шу шығатынынан қорыққан достарымыз саған көнеді ғой алдап ұйықтатып тасташы деді. Ернұр екеуміз қанша бірге жүрсек те құшақтасып жатқанымызбен әріге бармай, киіммен ұйықтайтынбыз.

 

Еркіме көнбей ол мені қинауға көшті. Мұндай қылығын бұрын көрсетпеген оны лақтырып жібердім. Алайда еркектің күші бәрібір мықты емес па, мүшесін толықтай ендіріп үлгертпей тағы лақтырдым, сонда ғана ол менің қыз екеніме көзі жетіп, қуанды. Алайда астымызға төселген сейсептің былғанғанын ол да мен де көрдік.

 

Мен оған ренжіп, біраз уақыт араласпай, көзіне көрінбей қашып жүрдім. Ол жұмыс орныма барып сөйлесуімізді өтінді. Ұзақ сөйлестік, өкпе-реніш тарқап, екеуміз жаңа жыл күні үйленетін болып шештік.

 

Қараша айында бөлмеде бірге тұратын құрбым күйеуге шығып, соның тойына қыз қосшы болып жолға шығып кеттік. Өзі шығарып салды, тез келуімді өтінді. Мен той біте салысымен ертесі қайтып келдім.

 

Жатақханада ешкім жоқ, бір жамандықтың болғанын ішім сезді. Алдымнан шыққан Арайдан амандық сұраспай бірден Ернұрдың қайда екенін сұрадым. Арай «ол адам емес екен» деді де ештеңе айтпай кетіп қалды. Жүрегім атқақтап, сүйгеніме бірдене болғанын, мен одан айрылғанымды сездім. Сезімім алдамапты. Ол ауылда туылған күн жасаған құрбымызды алып қашып, бір-ақ түнде үйлі-баранды болыпты. Тойға баруға қаржылары жетпеген қыздар арақты ішкізіп, мас қылып құрбы қызымызды қосып, өздерінше той жасап, ауылға жол тартыпты. Оны 15 жылдан соң өздері айтып, кешірім сұрады.

 

Ернұрдан соң көрмегенім еркек болсын деп 28 жасқа дейін тұрмысқа шықпадым. Таныстардың табасына ұшырасам да армандаған оқуымды аяқтап, дипломымды қолыма алдым. Жақсы мамандық иесі атандым. Ойда жоқта ескі танысымды кездестіріп әңгімеміз жарасып, көп өтпей тұрмысқа шықтым. Шынымды айтайын, ол кісі бұрын бір рет шаңырақ көтерген болатын. Қолдан ұзатып алып, ақ көйлек кигізіп Алматының қақ ортасындағы мейрамханада тойымызды өткізді. Аллаға шүкір, асты-үстіме түсіп сыйлап отырады. Отасқанымызға 8 жыл толды. Жағдайымыз да жаман емес.

 

Қазіргі күні жігіттеріне алданып қап опық жеп, өмірін қор қылатын бойжеткен сіңілілеріме керек қылса кеңес айтқым келеді. Адамның өз маңдайына жазылғанын бәрібір көреді. Алайда өмірім осы екен деп бәрінен безіп, теріс жол мен жеңіл тұрмысқа ұрынбай ұстамдылық танытқан жөн.

 

Әр нәрсенің бір қайыры бары хақ. Мен оқиғаны терең бойламай жеңіл ғана баяндап өттім. Алайда сүйгенімнің сатқындығын кешіре алмай жылап, биік ғимараттан секіріп өлгім де келген. Біреулер өлтіріп кетсе екен деп мәжнүн боп Алматының қараңғы түндерінде жападан жалғыз таңға дейін жүрген кездерім де болды. Ешкім жоқ жерге барып айқайлап, бақырып жылаған кездерімдегі жан қиналысымды өзім ғана білемін. Өте ауыр болды. Қатты стресс алдым. Бәрінен бұрын бізді үйленеді, тойлары болады деп жүрген достардың бетіне қараудан қалдым. Ақыры ортамды ауыстырып, олармен мүлде араласпай кеттім. 5 жыл жылап жүрдім. Намыстан тірі өлікке айналып едім.

 

Ернұр болса бұл күндері балалы-шағалы, тек араққа беріліп кеткен. Мың қыздың ішінен таңдап алған сүйіктісінің көзі көгеріп жүретін кездерін де көргендер айтып отыратын.

 

 

 

Автор: Ернұрдың бұрынғы Айжұлдызы

alashainasy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста