Мен бұрын орыс сайттарын тапжылмай оқып, орыс газеттерін сатып алатынмын. Себебі көптеген қазақ газеттері адамға мән үйрету, патриоттық туралы жазады да, күнделікті тірлікте адамға аса қажетті нәрселерге мән бермейді.
 
«Алаш айнасы» деген портал бар екенін ойда жоқта білдім. Маған қатты ұнады! Маған, әсіресе, екі адамның арасында болатын махаббат хикметтері ұнайды.
 
Неге десеңіз, мен жалғызбасты жігітпін. Екі рет үйленіп, ажырасқанмын. Одан бері де талай қыз-қырқынмен уақыт өткіздім. Бірі көңілімнен шықпады. Себебі қазақ қыздары ұяң ба, төсекте сауатсыз ба, әйтеуір көңілімнен шықпады. Өзім оқырман болып табылатын сайтқа бүгін хат жазуды ұйғарып отырмын. Біз, еркектер, қандай әйелдерді ұнатамыз? Соны айтқым келеді... Егер сайтқа жарамсыз деп жарияламай қойсаңыздар, өз еріктеріңіз әрине.
 
Әйелдердің көпшілігі төсек қатынасы тек ерлердің міндеті деп ойлайды да, процесс кезінде тек төбеге қарап немесе көздерін тарс жұмып жатуға құмар. Одан кейін өзіне қажетті ләззатын ала алмағандықтан ерін кінәлап, «дұрыс жұмыс істемеді», тіптен «ол эгоист» деген пікірде жүреді. Әйелдер (кейбір еркектер де) өз қалауын жұптасына айтып жеткізе алмайды. Ашып айтса, ері дұрыс түсінбей қалады, «бұзылған» деп ойлайды дейді де, үнсіз қалады. Өзіне «ләззат сыйлай алатын» жанды іздей бастайды. Бұл қателікті түзеуге тырысу керек, әйтпесе бұл - қарым-қатынасты тығырыққа тірейтін жол.
 
Әйелдер қауымы өзін үлгілі ана, жақсы келін ретінде сезініп, ұяңдық танытып, «мынауым ұят болады» деген пікірден арылуы керек. Екеудің арасында болған нәрсені ешкім көріп, естімейді. Тиісінше, ер мен әйелдің бір-бірін түсініп, ашық сырласа алуына ықпал жасайды.
 
Төсек - екі адамның сыр ақтарысатын, ашуланғанды ұмыттыратын ерекше орын. Онда ұялу деген болмауы керек. Әйел өзіне жағымды әрекеттен алған ләззатын еріне білдіріп, дыбыс шығарып, қимылдап жатуы керек. Еріне тиісінше ләззат сыйлау үшін тек қана миссионерлік қалыпта қосыла бермей, осы салада біраз жаңалықтар енгізуі керек. Кітап оқып, интернет ақтарып, арнайы фильмдер қараған көмектеседі. Тіпті ерімен бірге эротикалық фильм тамашаласа да, онда тұрған сөкеттік жоқ деп ойлаймын.
 
Процесс кезінде макияжының өшіп қалмағанын, шашының бұзылмағанын ойлап, ері терісіне, целлюлитке, қарынның майына, аяғын қалай көтергеніне, қалай жатқанына қарайды деп іштей қысылу - еріңіздің еңбегін жоққа шығарумен тең. Кейбір жағдайларды қоспағанда, ерлер мұндай нәрселерге назар аудармайды. Ерлер әйелдің әр жерін жеке-жеке емес, бүтін бір образ ретінде қабылдайды. Егер еркекке ұнамасаңыз, ол сізбен жолыққан сәттен-ақ ары қарай қатынас құруға бармайды. Сондықтан мұндай ойдан арылу керек.
 
Денеге жағатын иісмайлардың, түрлі косметикалық құралдардың алуан түрі бар кезде, кейбір әйелдердің үстінен жағымсыз иіс шығып тұрады. Оны қанша қымбат иіссумен «жапқыңыз» келсе де, жігіттер тым иіс сезгіш болады. Егер әйел гигиеналық тазалықты сақтамаса, ол - үлкен қателік. Мәселе иісте де емес, жұбыңызға жұқтырып беретін түрлі бактерияларда емес, өз денеңізге немқұрайлы қарағандықтан, еріңіз де сізді керемет сыйлай қоймасы анық.
 
Төс, омырау - тек әйелдердің ғана эрогенді жері емес. Көп еркектерде төсі сезімтал болады да, әйелдің аймалағаны жағуы мүмкін.
 
Төсек қатынасы кезінде әңгіме айтып, күндіз не көргенін талқылауға болмайды. Өйткені көп еркектер төсек қатынасында сөйлеп жатқан әйелге «түк те әсер бере алмай жатырмын» деп ойлауы мүмкін. Ұзақ-сонар әңгімеден гөрі, еріңіздің құлағына жағатын тәтті сөздер мен мақтаулар айтыңыз.
 
Жалпы, төсек қатынасын дем алу, ләззат алу процесі емес, міндет деп қарайтын әйелдер толып жатыр. Стандартты емес секс түрлерінен қашуы да жігіттерді жалықтыруы ықтимал. Сондықтан одан да ұялмау керек.
 
Сөге жамандамаңыздар, бұл менің азаматтық қоғамдағы өз ойым, пікірімді ашық білдіргенім үшін кешірім өтінемін жолдастар.
 
 
 
Автор: Серік Сахиден, Атырау