Ерлер бір желөкпе үшін, бір-ақ күнде бүкіл отбасын сата салады

Астаналық үш баласы бар ана жас қызға бола өзін тастап кеткен жолдасына деген өкпе-ренішін баяндап берді. Тағдырдың тәлкегіне мойынсұнған ол, енді үш балапанын өз күшімен өсіріп, жеткіземін дейді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Астаналық Әсем (авт. аты-жөні өзгертілді) есімді келіншек осыдан 10 жыл бұрын сүйген жігітіне тұрмысқа шыққан. Тату-тәтті өмір сүріп жатқан ол, жолдасының өмірінде басқа жас қыздың келуімен өмірінің астан-кестен шыққанын айтты.

"Сүйген жігітіммен отбасын құрып, үш бала тәрбиелеп отырған қарапайым отбасылардың бірі болатынмын. Бәрі жолдасымның көңілі басқа қызға ауғаннан басталды. Алғашында жай араласамыз, әріптесім деп жүрді. Кейін сол жұмыстағыларымен көп қыдыруды шығарды. Қазір, айтуға да ұят, бірақ сол жас қыз үшін туған балаларынан, менен теріс айналып кетіп қалды. Әрине, бастапқыда қатты қиналдым. Күндіз-түні жылайтынмын. Бірақ жылағанмен не пайда? Міне осы тамыз айында ажырастық. Қазір одан ештеңені талап етпеймін, тек бір мезгіл балаларына уақыт тауып, көңіл бөліп тұрса болғаны",-дейді келіншек.

Елордалық үш балалы ананың айтуынша, әйел адамдар тек өздеріне ғана сенулері тиіс екен. Себебі, "ерлер бір желөкпе үшін, бір-ақ күнде бүкіл отбасын сата салады" дейді.

"Мен ешқашан жолдасымның мойнында отырып, одан ақша сұраған емеспін. Өзімнің тапқан табысым өзіме артығымен жететін. Екеуміз жанталасып жүріп, екі бөлмелі пәтерге қол жеткізген едік. Оны енді балаларына қалдырады деп ойлаймын. Бұрынғы күйеуімнің туыстары да өте жақсы адамдар. Әйелдер қауымына айтарым, жолдастарыңызға сенбеңіздер.

Өз тіршіліктеріңізде жасап, мейлінше оларға қаржылай-материалдық жағынан тәуелсіз болуға тырысыңыздар. Қазір бұрынғы жолдасымнан көңілім қалғаны соншалық, ажырасқаныма тәубе дегеннен басқа айтарым жоқ. Жұмысым бар, білімім бар, үш балапанымды оның қандай да бір көмегінсіз өзім-ақ жеткіземін",-деп әңгімесін аяқтады келіншек. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста