Ғаламторда ер жетіп қалған баланың сүндет тойының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бейнежазба тойхана ішінде түсірілген. Онда ер жетіп қалған бала аттың үстінде отырғанын көруге болады.
Ал той қонақтары атқа жабылған қоржынға көрімдік ретінде ақша салып жатады.
Видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі ер жетіп қалған балаға сүндет той өткізуді ерсі көрсе, енді бірі ештен кеш жақсы деген пікірде.
"Қазақ дарақыланып бара жатыр", "Бұлай той жасамай-ақ қоймай ма? Ерсі екен", "Кештеу сүндеттелген сияқты. Орынсыз тойланған", "Есерсоқтаумыз ба, қалай өзі?", "Тойдан басқа дым білмейтін халық болдық қой", "Үлкен жігітке мұндай той жасау ұят", "Сүндет той жасау ата-анаға міндет екен. Кім біледі уақытында жағдайы болмады ма?", "Ештен кеш жақсы деген бар", "Ұл той ғой. Оңтүстікте сүндетке бала кезінде отыра береді. Кейін тойын әркім өз жағдайына қарай өткізеді. Несі бар түсінбейтін" деп жазды желі қолданушылары.
Көптің қызу талқысына түскен тойдың еліміздің қай өңірінде өткені белгісіз. Дегенмен желі қолданушылары бұл Оңтүстікте өткен деп топшылады.