"Енені өзгертудің керегі жоқ". Танымал психолог келіндерге кеңес берді

Қазақ қоғамында ене мен келін мәселесі жиі көтеріледі. Отбасындағы кикілжіңдер көп жағдайда осы екі адамның арасында болады. Ал танымал психолог Ержан Мырзабаев келіндерге енемен тіл табысудың жолын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы психолог өзінің Instagram-дағы парақшасына видео салды. Айтуынша ене мен келін арасындағы кикілжің қалыпты жағдай.

 

Ененің, үлкен кісілердің ой санасын өзгерту, бір нәрсені дәлелдеу қиын. Менің ойымша керегі де жоқ. Көп адамдар өзін енесімен салыстырады. Енем мақтаса мен жақсымын, жамандаса жаманмын деп ойлайды. Енесінің ойына, пікіріне тәуелді болып қалады, — дейді психолог.

 

Ержан Мырзабаев кез келген қыз-келіншек өз алдына жеке тұлға екенін айтады.

 

Үлкен кісінің не айтқаны маңызды емес. Ол емтихан, сынақ емес. Акцентті енеге салған сайын кикілжің ұштала береді. Акцент күйеуге болуы керек, —дейді маман.

 

Егер күйеуі әйелін жұбайы, балаларының анасы ретінде жақсы көрсе, сыйлап, құрметтесе проблема болмайды. Әйелдің күйеуімен қарым-қатынасы дұрыс болса, енесімен қатысты проблемалардың маңызы жоқ.

 

Ерлі-зайыптылар бір бірімен қаншалықты жақсы болса, сырттағы әңгіме, кикілжіңнің туындау себептері соншалықты аз болады. Ал келіншектер "енем үй жинағанымды", "тамақ істегенімді ұнатпады" дейді. Ол адам ретінде өз ойын айтуға құқы бар, — деді Ержан Мырзабаев.

 

 

Психологтың айтуынша, бұның түрлі себебі бар. Көп жағдайда қыз кезінде анасымен дұрыс тіл табыса алмаған келіншектер енесімен де тіл табыса алмай жатады. Енесінің әрбір айтқан сыны, шағымы анасын есіне түсіреді.

 

—Анасы тарапынан қызына "сенің қолыңнан келмейді" деген секілді қысым қаншалықты көп болса, ененің сөзін көтере алмайды. Ал анасымен жақсы қарым-қатынаста болған, толық мейірімге бөленіп өскен, жеке тұлға ретінде қалыптасқан қыз өзіне сенімді болады. Енесі "мына тамақты былай істемедің" десе, ол "Жарайды былай істейік. Маған үйретіңіз" дейді. Ол шешуге әрекет етеді, кикілжіңге емес, — дейді психолог.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста