Менің сіздерден сұрайын дегенім бар ,мүмкін менікі қате болар деп ойланып жүрмін.Тұрмыстамын 3 балам бар.Тұрмысқа шыққаныма 6 -жыл болды.Күйеуім үйде жалғыз ұл.
Күйеуімнің жұмыс бабымен басқа қалаға бала -шағамызбен қоныс аудардық. Ауылда ата -енем ғана қалды. Тек жұмыс ретімен кеткеніміз болмаса, ата -енемізден еншімізді алып біржола бөлек шыққанымыз жоқ.
Біз кетерде енем сендердің бөлмелеріңе "спальный кроваттарыңа" атаң екеуміз жата берейік дейді.
Жаман болдым.Затты қызғанғаным емес. Анам ерлі -зайыптылардың төсегіне басқа кісі отыруға болмайды деп қатаң ескертетін.Суықтық болады бір -біріне деп ырым қылатын. Ал енем отырмақ түгіл "жата берейік" дейді.Жастардың төсегіне жату қаншалықты дұрыс?
Енемнен осы уақытқа дейін ештеңе аяған емеспін. Үнемі сыйлық жасап жүремін. Жаңа телефон, қымбат киім, алтын, косметика алып беремін.Қолымнан келсе ештеңе аяған емеспін.Ал жаңа кроват алып беруге дәл қазір мүмкіндігім болмай тұр.Өздерінде ескісі бар.
"Болмайды ғой қалай біреудің төсегінде жатасыздар?Біз келіп тұрамыз ғой.Өлімге бара жатқан жоқпын "- дедім.Менікі дұрыс па білмеймін.Енеме олай айтқаныма әлі ыңғайсызданып жүрмін.Дұрыс жасамадым ба деп... не айтасыздар ?