Енемді де, күйеуімді де үндемей жеңдім

Енемді де, күйеуімді де үндемей жеңдім

Мен "Алаш айнасы" сайтының тұрақты оқырманымын. Осы сайттан түрлі отбасылық оқиғаларды оқып отырамын. Көп жағдайда жас келіншектердің "енемен ұрысып кетіп қалдым, енем күн бермейді" деп жазғандарын жиі көзім шалады. 

 
Менің айтқым келетінін, енелер үшін отбасымызды бұзғанымыз дұрыс емес. Ене де біреудің анасы ғой. Кім өз баласының жаман болғанын қалайды дейсіз,сіз жақсы болсаңыз ене да, ата да жақсы. Баласын қызғанады,айырып алам деп айтады дегенді оқып, қандай ана баласының ажырасқанын,немересінің тірі жетім болып өскенін қалайды дейсіз? Аналар баласының бақыты үшін бəріне көнеді. Егер сіз сыйлап, анаңыздай жақсы көріп журсеңіз, сізге де сондай қатынас болады.
 
Бізде ертең ене боламыз,  сіз келініңізге солай істер ме едіңіз? Егер күйеуіңіздің əке-шешесімен жақсы болсаңыз жан-жарыңызда сізді одан əрі жақсы көрер еді. Менде енеммен тұрам, басында бізде де келіспеушіліктер болды,бірақ кейін бəрі орнына келді. Қазір екуміз бəрін ақылдасып отырамыз, куйеуім де риза.Мейрам сайын, тіптен базарға барған сайын сыйлық немесе керек заттарын алып берем. Ол да мейрамды бос жібермейді.Ешқашан басқа адам ушін жанұяңызды бұзбаңыз, қайта өзіңіздің мықты екеніңізді көрсете біліңіз.
Ал күйеуім сабайды, ұрады,тебеді деп жазғандар да табылады, бірақ ол жайдан жай келіп сабамайтын шығар, өз тілімізден, ісімізден табамыз деп ойлаймын .Егер артық ауыз сөз айтпасақ,ашуланған кезінде жай күліп үндемей қоя салсақ таяқ жемейтін шығармыз.Үндемей жүрген адамды қалай ұрады,ойланыңызшы.Басқа бəле тілден дейді ғой.
Бастапқы жылы мені де ұрған, өзім қарсы сөйлеп жауабын алғанмын. Ал қəзір шапалақты ұмыттым, өйткені тілім қысқарды, үндемей жеңем. Тіптен ұрысуымыз да азайды.Сіздерге өз басымнан өткесін жазып жатырмын.
 
Қыдыруға жақын еркектерді де өз орнына қоятын уақыт келеді.Тек аз ғана шыдамдылық керек. Үйде қамамаңыз,қайта- қайта себепсіз телефонын тексере бермеңіз ,аз білсеңіз уайымсыз ұйықтайсыз.Барсын баратын жеріне,кейін одан да шаршайды, 1 ай қыдырар,2 ай қыдырар кейін одан да жалығады.Осы уақытта сіз өзіңізді босаңсытпай мықты болыңыз.Сізде қыдырыңыз, өзіңізге қараңыз,балаңызға қараңыз.Жылап ,жүйкеңізді құртып күтіп отырғанша, жаныңызға жақын істермен айналысыңыз.Басқа қыздармен сөйлескенін білсеңіз де кетуге асықпаңыз. Жеңілмеңіз!Еркектің ештеңесі кетпейді, қанша сізді сүйсе де сіздің орныңызды басатын адамды табады.Екі ортада балаңыз əкесіз,өзіңіз жарыңызсыз қаласыз.Ажырасуға асықпай ақылмен шешу керек! Басқа бір əйелге сүйген адамыңызды бере салмақшысыз ба? Ажырасқанмен сізге күйеу табылар, бірақ балаңызға əке табылмайды. Бірінші бағымызды бағалайық! Есі бар еркек қанша қыдырса да,ішсе де,өзінің əйелінен асқан адамды табалмайтынына көз жеткізеді.Еркекке керегі еркелетін баласы, адал əйелі, тамағының тоқтығы, жайлы төсегі жəне миының тыныш болуы. Қалғаны оларға тек уақытша нəрсе.Менің күйеуім де қыдырады, ішеді де,үйге қонбаған кездері де болды.Бізде де жетіспеушілік болды,ақшадан да қиналдық.Бірақ мен шыдамдылық танытып келе жатырмын,өйткені ол бұрынғыдан аз да болсада өзгеріп келе жатыр.Бұрынғыдай күнде қыдырмайды,телефонын өшіріп тастамайды .Мінезі өте қатал.Ашулы жəне ішіп тұрғанда мүлде сөйлемеймін.Күліп,тамағын дайындап журе беремін.Менің жеке кəсібіме де ықылас танытып,көмектесіп жүр.Бұрын шаруасы да болмайтын.Сөзімнің соңында айтарым əрбір күнімізді бағалап, ұрысып,ренжісумен емес, қайта баламыздың қылығына тоймай шүкіршілікпен өткізейік. Ертең бізді не күтіп тұрғаны бір Аллаға ғана аян, сондықтан уақытымызды зая жібермейік. Менікі дұрыс емес дейтін шығарсыздар,əркімнің тағдыры əр түрлі деп, мен тек өзімнің басымнан өткесін жазып отырмын.Бір адам болса да ажырасатын жағдайға бармаса екен деймін. 
Аноним 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста