Енем мені кемсітуін қояр емес

 Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман. Аман-есенсіздер ме? Бүгін мен ішімдегі сырымды  ақтарылып, сіздермен ренішімді бөліскім келіп, ақыл сұрағым келіп отыр.  
Аллаға мың да бір шүкіршілігімді айтамын, отбасым бар, тұңғышымызды күтіп жүрмін. Мені ренжітетін жайттар, қайын енемнің мені кемсітіп сөйлеуі. Неге кемсітеді дейсіздер ғой? 
Мен тұрмыс құрарда, өз отбасымда ақшалай шамалы қиыншылықтар болып, артымнан алып баратын заттарға аздап үнемдеп, ең кереметін ала алмайтын болғандықтан, орташасын, көп қаражат болмаған соң, шамамызға қарап алған болатынбыз. Қазір енді соны менің бетіме басып айта береді реті келіп қалған сәтте. Өзім жұмыс жасаймын, жалақым жаман емес, 100 мыңнан көп аламын, Шымкентте ондай айлық беретін жұмыс көп емес, бірақ карточкамды тіпті өзім ұстамаймын, барлығын енеме беремін. Сол кісінің талабы бойынша, өзімнің және күйеуімнің тыныштығы үшін. Ай сайын айлығымды алып отырады, тіпті премиялармен қосылып 500 мың түскен айлар да болды, қысқасы мен келгелі қаншама қаражат түсті. Күйеуімнің де карточкасы сол кісіде. Осы жұмысқа орналасқаныма 1 ай болғанда тұрмысқа шығып кеткенмін, сондықтан ақша жинап үлгермегенмін ғой. Мен ешқандай айлығымды міндетсінбеймін, барлығын алсын, ай сайын алатын заттарым болып қалса да үндемей қоя саламын, бәрі өткінші деп өзімді жұбатып. Бірақ енемнің мені артымнан әкелген заттарымды айтып кемсіте бергені жаныма батып кетеді. Әкем де қайтыс болған, жалғыз анам қолынан келгенінің барлығын жасады емес пе? Кеше ғана "сенің спальный гарнитурың180 мыңдікі шығар көп болса, ал ана келіндікі 280 мыңға алынған, мен оны білемін, тура сондай тағы бір қызымызға алғанбыз,"- деп көңілімді түсіріп кетті, ойнап-күліп отырған жерімде. Әкелген ыдыстарды да, "базарға апарып өткіземін, алса үстіне ақша қосып басқасын аламын, не істеймін мен мынандай ыдыстарды,"- деп отырады. Айта берсем, әңгіме  жетеді... Күйеуіме айтқым келмейді, анаң осылай дей береді деп, оған жағымды әңгіме болмайтыны анық. Жылап алам да жүре беремін, үндемей. Әпкелер, ақыл қосыңыздаршы, өтініш. Менікі дұрыс емес пе? Кемсітуден шаршадым, мүмкін мен үндемеген сайын басынатын болар? 

Айзере, Шымкент 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста