Күйеуімнен көңілім қалды. Бұрын қыз бен жігіт болып жүргенде маған қолы жетпей жүруші еді. Қазір өзінше болып қалды. Мен оған қыз күнімде босаға аттамай, некеміз қиылмай жақындаспаймыз деп шарт қойғам. Үйленемін деп өлердегісін айтса да көнген жоқпын. Алғашқы неке түніне дейін зорығып әрең жеткен. Аллаға шүкір, табалдырықты арыммен аттадым.
Алғаш үйленген кезде мен жігітімммен болғаннан аса ләззат алдым деп айта алмаймын, бірте-бірте үйреністім. Бірақ табиғаттың заңы ғой, әйел адам үшінде төсек қатынасы өте маңызды екенін түсіндім. Бас кезінде күйеуімнен қашқақтап жүретін болсам, кейіннен қайта өзім қалап тұратын болдым.
Сөздің төркіні, күйеуімді жұмыстан келгенше асығып күтіп жүремін. Бір-бірімізді қатты жақсы көреміз. .Үйленгенімізге 1 жылдай болды, қазір аяғым ауыр. Жүкті болғалы тіпті, төсек қатынасына құмарып ауып тұратын болды. Күйеуім жұмыстан келген соң шай, тамақ ішіп алып теледидар көреді, өзінің тірліктерімен айналысады. Ал мен ас үй тірліктерімен жатын орныма ұшып жығылып жетемін, қысқасы төсекте ғана қауышамыз. Ол таңертен ерте тұрып жұмыска кетеді.
Кейінгі кезде ол мені қаламайтын секілді. Төсекте бірге жатқанымыз болмаса менен қашқақтайды, құшақтағанымды жаратпайды, қолымды қағып тастайды. Анда- санда қосыла қалсақ, ол мені мүлде қанағаттандырмайды. Менімен болғаны міндет секілді, тірлігін бітіреді де, теріс қарап жатып қалады.
Менің тәжірибелі қыз-келіншектерден сұрағым келетіні, еркектер жүкті кезде әйелімен болғысы келмей ме, әлде менің күйеуім басқа біреуді ұнатып қалды ма? Санамды сан түрлі сұрақ мазалап жүр. Жұмыстан шаршап жүр дейін десем, алғашқы кездерде жұмыстан кеш келсе де, қатты шаршаса да, маған көп назар аударатын, еркелететін, аймалайтын. Қазір мүлде өзгеріп кетті. Әлде мен күйеуімді қанағаттандыра алмаймын ба? Қашанғы осылай жалғаса бермек?
Мен бүгін күйеуіме қатты ренжіп отырмын. Ол жұмыста жүрген кезде күндіз бір рет болса да хабарласып, жағдайын сұрап қоятынмын. Бүгін тіпті сөйлегім де келмейді. Мұндай жағдайда не істеуім керек. Шыдамдылық танытып, оған ештеңе айтпағаным дұрыс па, әлде ашық сөйлесейін бе?
Марал, Алматы
Аlashainasy.kz