Екі жігіттің қайсысын таңдасам екен...

Менің санамды мың ойландырып, толғандыратын бip "жағдай" жанымды жеп, осыдан шығарға амал таппай келемін. Әрине, әркімнің басында болатын жағдай... Бірақ, сіздерге жазып, ойларынызды бiлгiм келеді. Мүмкін, сіздердің жазған пікір мен ойларыныңызга қарап бір шешім кабылдармын. Өтінемін, соңына дейін оқыңыздаршы!!!

 

Менің жасым 20-да. Аллаға шүкір, ата - анам бауырларым бар. Студентпiн. Алла бұйыртса, бiтiргелi жатырмын. Мектеп оқып жүргеннен берi жүрген жiгiтiм бар едi.Алдағы қаңтар айында жүргенімізге 5 жыл толар едi... Бірақ, соңғы жылы көп ұрысып, айырылыса бердік. Оның сөздері, қылықтары жүйкеме тиіп, жынымды келтіріп, сезімім суйи бастады. Екеуміздің де ата - аналарымыз танитын бізді... Әр мейрам, туылған күн болсын бip - бipiмiзден ештеңе аямай сыйлықтар беретiнбiз.(маган ұялы телефон, духи сақина, жұмсақ ойыншық бәрін берді).

 

Жігітіммен бірде жақсы, бірде ұрсысып қалып жүргенімде әпкемнің тойында 28 жастағы бір жігітті көріп, ұнатып қалдым. Гитарамен өлең айтып, ортаны жайната білетін жан екен. Менімен танысып, жақсы сыйлап, көңіліміді табуға тырысып бақты. Өзім де ұнатып қалған соң мен ештеңеге қарамай сол баламен жүріп кеттім, әлi де жүріп келеміз. Сәуір айынан бері кездесіп жүрміз. Бірақ ортасында айырылысып бұрынғы жігітіме қайтып барған күнім де болды. Бірақ осыдан 1-2 ай бұрын бұрынғы жігітіме де жыным келіп тастап кеттім. Сол кезде атымды айтып, неге менi қинайсын айтшы деп жылап звондады. Олай өтірік сөйлеме деп қоя салдым. Содан кейін ол да менiмен жүрмеймiн деп шешіпті, кайта бармаймын деп...

 

Қазіргі жүріп келе жатқан жiгiтiм - тұрмысы төмен, жұмысы жок тұрақты, ең жаманы үйленіп, ажырасқан. Алайда бұнысына қарап тұрған жокпын. Алған әйелі пәкпiн деп алдап тиіп, уйленгеннен кейін шынын айтқан екен деседi, Жігітім шайтанның суына құмар, (бірақ акылымды айтып, бұл суды қазір ішпейди, койдырдым) ашуы жаман, өзіне ""Сiз"" деп сыйлап сөйлеймін. Өте қызғаншақ, кызганса көзi кормей қалады өзі де солай айтады. Бірақ, екеуміз бiр - бiрiмiздi өлердей сүйеміз, оның үйіне барып , анасымен таныстым. Барi жақсы, енді ол жұмыссыз, кездесуге суйгендiктен мен барамын, қолыма барымды алып барамын анасына мәз болсын деп, (анасы үлкен кiсi, ауылдың баласы) құрбыларымнан ұяламын кешегі сәуірденн берi мен барып жүрмін, ол бірде бiр рет келген емес көруге, жұмысқа тұрған соң өзi келеді ғой кездесуге деп. Жанына батпас үшін уақытша қиындык деп ойлап, ертең көтеріледі, сол кезде байимыз деп армандаймыз. Жігітімді тастап, жаңа өмір бастайын десем, оны бар жаныммен сүйем.

 

Сонымен бақытты болғым келеді, алға қойған мақсаттары бар, соған жетуге көмектесіп, бірге қасынан кеткiм келмейді. ол бала барынша жоқшылықта келе жатыр, арамызда ешқандай жаман тiрлik жок,..

 

Оны сүйгендiктен, бәріне көз жұмып армандарына жету үшін жүре берейін бе? Кейде бұрынғы жiгiтiме ешкім жетпейдi деп те ойлап коямын мен ақымақ. Кейде бұл шайтаннын азғыруы, көнем, барi жақсы болады деп те коямын.

 

Сіздер не дейсіздер?

 

 

Майра, Астана

Аlashainasy.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста