Дүниеге келген күн махаббатқа қалай әсер етеді?

Дүниеге келген күн махаббатқа қалай әсер етеді?

Өзіңізге ұнайтын адамды кездестіргеннен кейін болашағыңыздың не боларын ойлайтыныңыз анық. Кездесулеріңіз отбасылық өмірге ұласа ма, ұласқанның өзінде оның мәңгілік болар-болмасы құпия. Уақыт өте келе сіздер бір-біріңізді жақсырақ танитын боласыздар, сол кезде өзара сүйіспеншіліктің қаншалықты берік екені анықталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мassaget.kz-ке сілтеме жасап.

Десе де, уақыттың құны алтынмен барабар. Сондықтан махаббаттың қарапайым формуласы барын есте сақтаңыз. Оның есептеу шығару үшін жұбыңыздың дүниеге келген күнін білсеңіз жеткілікті.

 

Жұп үйлесімділілігін анықтау үшін нумерологтар осы қарапайым және нақты формуланы пайдаланады. Сіз мұндайларға «еріккеннің ермегі» деп қарасаңыз да, қызық үшін байқап көрсеңіз болады. 

 

Сезім тағдырын есептеу үшін туған күндеріңіздің сандарын қосыңыз.

 

ФОРМУЛА ЖӘНЕ АЛГОРИТМ

 

Схема қарапайым: сіз оның толық туған күнін білуіңіз керек. Барлық сандарды бір жолға жазып шығыңыз (қандай ретпен екені маңызды емес) және 1-ден 9-ға дейінгі жай санды алғанша олардың барлығын қосыңыз. 

 

Мысалы, сіз 1996 жылы 1 қаңтарда дүниеге келдіңіз, ал сіздің ғашығыңыз 1993 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. Туған күндеріңіздегі барлық сандарды қосамыз: 1+1+1+9+9+6=27, яғни 2+7=9. Сонымен, сіздің туған күніңізден 9 саны шығады. Оның күнін де есептеңіз: 2+2+1+9+9+3=26, содан 2+6=8. Оның саны 8. 

 

Енді алынған сандарды қосыңыз: 9 + 8 = 17 - және бір таңбалы сан шыққанша жалғастырыңыз: 1 + 7 = 8. Сегіз сіздің тағдырыңыздың саны болады. Әрбір санның туған күні бойынша үйлесімділігін сипаттайтын өзіндік мағынасы мен түсіндірмесі бар. Енді төмендегі тізімдегі болжамды қарау ғана қалды.

 

ЕСЕПТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

Тағдыр саны 1. Сіздер қосылсаңыздар, тау қопарасыздар. Бұл сан жоғары үйлесімділікті көрсетеді. 1 саны — көшбасшылық саны, сондықтан екеуара кім бастық екенін анықтай алмай жиі жанжалдасуыңыз мүмкін, бірақ егер бірлесе үйлесімділіктің құпиясын ашсаңыз, онда екеуіңіз де бақытты боласыздар. Одағыңыздың ғұмыры ұзақ, ал достық сезімге ғана емес, сенімге, түсіністікке және басқа да жақсы қасиеттерге негізделген себепті берік болады.

 

Тағдыр саны 2. Сіздің жұпты тұрақты қаржылық жағдай ұстап тұрады. Кіріс неғұрлым көп болса, одақ соғұрлым күшті болады. Сіздер фильмдегідей романтикаға сене алмайсыз, бірақ бұл сіздің отбасыңыз нашар болады дегенді білдірмейді — егер сіз екеуара келісімдер аясында әрекет етсеңіз, бір-біріңізді құрметтесеңіз және достық қарым-қатынаста болсаңыз, неке де, достық та ұзақ уақытқа созылады. 

 

Тағдыр саны 3. Екеуіңіз де қарым-қатынас пен флиртті жақсы көресіздер. Бұл жалықтырмайды, бірақ сатқындық ретінде бағаланатын әрекеттер болуы мүмкін. Әсіресе ұзақ уақыт бірге жүрген болсаңыз. Сізге ғашықтардан гөрі дос болу оңайырақ. Сонымен қатар, бұл сан өзара түсіністік пен бір-біріне көмекке келуге, қолдау көрсетуге, түсінуге және тыңдауға деген шынайы көңілді білдіреді. Нағыз достықтың белгісі.

 

Тағдыр саны 4. Ұйымдастыру, тұрақтылық, жайлылық. Бұл туған күні бойынша үйлесімділік төртті көрсеткен жұптардың алдынан күтетін дүниелер. Сіздер жылы қарым-қатынаста боласыздар, бір-біріңізге қамқорлық жасайсыздар. Бірақ өзара кикілжің болу кезеңі өте ықтимал, бірақ ол артта қалғаннан кейін сіздер өзара түсіністікке қол жеткізесіздер.

 

Тағдыр саны 5. Сіздің байланысыңыздың негізі — бір-біріңізді қуанта білу. Және бәрі махаббатқа негізделгенімен, екеуіңіз де өзімшілсіздер. Әркім өз бетінше талап қояды, басты болуға тырысады. Кейбір адамдарға бұл "ойын" ұнайды, бірақ бәріне емес. Дегенмен, егер сіз бір-біріңізді тыңдауды (ең бастысы, естуді) үйренсеңіз, сіздер ең күшті жұптың біріне айнала аласыздар.

 

Тағдырдың саны 6. Алты шықса, ұзақ уақыт бірге болатыңызға сенімді болыңыз. Екеуіңіз үшін де абсолютті басымдық — өзара көмек. Егер сіздер үйленсеңіздер, тыныш және тату отбасы боласыздар, ал романтиканы тоқтату керек болса, сіз жақсы достар болып қаласыздар. Сіздер бірден қосыла алмауыңыз мүмкін, бірақ махаббатқа қол жеткізген жағдайда бір-біріңізден адал серік, берік дос табасыз.

 

Тағдыр саны 7. Нумерологтар жетіні мақұлдайды: ерлі-зайыптылар мінсіз жұп құрады. Сіздердің  тактика ұстану қабілетіңіз жоғары, келіссөздер жүргізуді білесіз, сондықтан отбасыңызда жанжал сирек болады. Кез келген мәселені бірге шешу үшін әрқашан бір-біріңізге көмекке келесіз.

 

Тағдыр саны 8. Сіздің жұп өзге, бірақ дәл осы нәрсе тартады. Сіздің қарым-қатынасыңызды оғаш және стандартты емес деп атауға болады: серіктестердің бірі өзіне сенімдірек және тәуекелге баруға дайын, ал екіншісі ұялшақ және тұрақтылыққа бейім. Өздеріңіздің артықшылықтарыңызды пайдалануды үйренсеңіздер, сіздер сыртқы құбылыстарға өте икемді және күшті одақ боласыздар. Бәрі ойдағыдай бола бермейді, бірақ сенім арқылы үйлесімділікке қол жеткізуге болады.

 

Тағдыр саны 9. Дос болып қалғаныңыз абзал.Мұндай қарым-қатынаста адам әрқашан екіншінің мүдделеріне нұқсан келтіріп, көрпені өзіне тартады. Жақсы одақ құру оңай болмайды — сіз оның кемшіліктеріне шыдап, өзіңізді шектеуге тырысуыңыз керек.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста