Дуаланған қыздың тағдыры...

Дуаланған қыздың тағдыры...

Өткенде "Отбасы-ошақ қасы" бөлімінен дуаланған жігіт туралы оқып, өзім көріп куә болған дуаланған туысқан сіңілім жайлы әңгімелеп беруді ұйғардым.
Бұл оқиға осыдан алты жыл бұрын Семей қаласында болған еді. Өзім Семей қаласында студент болдым. Сол кездері менімен қатарлас ағайындарымыздың Сәуле есімді қызы оқыды. Сәуледей әдемі қыз көрмеген шығармын. Хор қызындай десем артық айтпаспын. Көркіне ісі сай қыз болды. Оқуда озат, бойы ұзын талдырмаш қызды барлығымыз жақсы көрдік. Өзі сонымен қатар қылықты қыз еді. Ол студенттер жатақханасында тұрды. Анда-санда бір-бірімізге қонаққа барып, кездесіп жүрдік. Бір күні ол маған қалалық Бауыржан есімді жігітпен танысқанын, ол жігіттің өз сезімін білдіріп жүргенін айтты. Өзіне сондай қатты ұнамайтынын да жасырмады. "Мен өз ақбоз атты ханзадамды әлі кездестірген жоқпын", – деп күліп қояды. Осылайша Бауыржан Сәуленің артынан қалмай екеуі киноға барып, анда-санда қыдырып жүрді. Бауыржан ауқатты жанұяда тәрбиеленген, өз дегенін жасайтын ерке жігіт еді.
Мен ауылға практикаға кеттім. Екі айдан соң келсем, Сәуле мүлдем өзгерген. Өңі де солғын. Байқағаным бұрынғыдай сабаққа белсенді емес. Тіпті, қыздармен қыдырып, арақ ішіп, темекі тартатынды шығарыпты. Өз көзіме өзім сенбедім. Кейде қарадан қарап отырып жылайды. Өзіне не керек екенін түсінбей, айта алмайды. Жылай береді, жылай береді. Жүрегі мүлдем басқа адамды іздейтін сияқты. Бірақ Бауыржанның артынан еріп жүре береді. Құдды бір жансыз қуыршақ сияқты. Өзі қатты жүдеп кетті. Мең-зең күйде жүреді. Жылайды. Айта алмайды. Ал, анау Бауыржан Сәуленің қасында жүргеніне мәз.
Осылайша күндер өтіп жатты. Сәуленің қылығына үйрене бастағандаймыз. Бір күні Сәуле мерекелік демалысқа ауылына кетті. Артынан Сәулені ауылда өзінен жеті жас үлкен Азат алып қашып кеткенін естідік. Азат ауылының бетке ұстар азаматтарының бірі. Университет бітіріп келгеннен соң ауылда бизнес ашып қалып қойған еді. Жігіттікке тән қасиеттері көп Азатты бүкіл ауыл сыйлайтын. Азат Сәулеге мектеп қабырғасынан ғашық болған еді. Негізі Сәулеге де ұнайтын еді. Сәуле мен Азаттың үйлену тойы өткеннен соң Семейге көшіп келді. Бірақ Сәуле бұрынғы "ауруына" қайта көшті. Жылау. Не керек екенін айта алмай жылайды. Ештемеге зауқы жоқ. Жылай береді...
Таныстар Сәулені бақсы-балгерге көрсету керек екенін айтады. Өйткені дәрігерге де, психологқа да барған, еш көмек болмады. Бір күні Азат көпті көрген ақылды жігіт қой, Сәулені жетектеп бір сыған әйеліне алып барады. Сыған әйелі Сәуленің бір жігіттің дуалағанын айтады. Бауыржанның суретін тауып, сыған әйеліне көрсеткенде, сыған бірден осы жігіт деп көрсетеді. Азат "қалаған ақшаңды төлеймін, тек қызды дуадан құтқар", - дейді. Келесі күні сыған әйелі бөтелкеге бір қағаз орап салып, "жас қабірге апарып көм" дейді. Азат айтқанын бұлжытпай орындайды. Шынымен де ақырындап Сәуле есін жинап, жылауын қояды. Ақырында оңалып, қазір туысқан қызым төрт баланың анасы, бақытты отбасының ұйытқысы болып отыр. Сәуленің айтуынша сол кезде өзінде елге айтып түсіндіре алмайтын бір түсініксіз жағдай болған. Азат болмағанда Бауыржан сияқты эгоист, әлсіз жігіттің құрбаны болып кетер ме еді, кім білсін? Бауыржанды сол күйі көрмедік.
Негізі Семей өңірінде татарлар көп. Сол кездері бірге оқитын татар қыздары жігіттерді өздеріне қаратып алу үшін сол татар кемпірлерге барып жүретін еді. Оларға ол үйреншікті істей, ұялмай ашық түрде айтып отыратын. Мектеп жасындағы қыздары да солай жасап жүргенін көргенім бар. Тіпті бір жігітті емес бірнеше жігітті өздеріне қаратып алу үшін олар оп-оңай сол татар кемпірлердің үйіне қарай тартатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста