Діндар жігітке тоқал болған келіншек адам шошырлық жайттарды айтты

Алматы тұрғыны дінді ұстанған қатал күйеуінің озбырлығы мен қатыгездігін айтып жұртты шошытты. Сөзінше өзі  Мұрат есімді  34 жастағы ер адамның екінші әйелі.  Күйеуі осы келіншектің рұқсатын алмай тағы бір әйелге үйленіп алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

«Мен өзім қыз күнімде орамал тағып, орану дегенге қарсы болдым. Шашымды жайып, тырысқан шалбар киіп жүргенді ұнататынмын. Тұрмысқа шығып, екі балалы болдым. Күйеуім ішімдікке құмар болып, отбасымыздың берекесі қашқанда ажырастым. Екі баламды ертіп анама келдім. Содан бастап дінге бет бұрып, орана бастадым. Мұсылман тауарын саттым. Сол жерде қазіргі күйеуіммен таныстым»,-дейді әйел.

 

Сол кезде келіншектің басы бос екенін біліп, күн сайын дүкенінің алдында діншіл «браттары» үйленуге кезекпен ұсыныс айтатын болыпты.

 

«Менің ажырасқанымды сол жұмысты тауып берген сестралар білді. Олар бәріне айтса керек. Сенесіз бе, күніне үш адам маған үйленуге ұсыныс жасайтын. Содан өзімнен кішкентай болса да қазіргі күйеуімді таңдадым. Оның өзінен бес жас үлкен бәйбішесі бар екен. Бәйбішесін де екі баласымен алған. Араларында қазір бес баласы бар.

 

Күйеуім мені екі баламмен асырай алатынын айтты. Үйленіп қазір ортақ төрт баламыз бар. Менің көңілімді қалдырғаны ол жұмысқа шығуыма қарсы болды, біріншіден. Екіншіден, еріп келген екі баламды ұратынды шығарды. Оларды ұрысса менің жүрегім қан жылайтын. Ұрғанын көргенде шыдай алмай анама апарып тастадым. Өзінен туған екі баланы бағып отырмыз.

 

Жақында үшінші әйелге үйленгенін айтты. Сонда оны маған әбден үйленіп алғанда барып айтып отыр. Оны пәтер жалдап қалаға тұрғызып қойыпты. Үлкен әйелі де пәтер жалдап тұрады. Мен енеммен тұрамын. Үшінші әйелі енемен тұрғысы келмейтінін айтыпты. Тауып жатқан табысым жоқ өз басымда. Күйеуім ас-ауқатқа ақшаны санап беріп, кешке есебін алады.

 

Анамның қолындағы екі ұлыма бір кәмпит сатып алып берерлік күшім жоқ. Жұмыс істемегендіктен  бойымда сенімсіздік. барлығын тастап кетуге де күшім жоқ. Қалаберді үшінші әйелге үйленгелі мен сүйкімсіз болып жүрмін. Тіпті арасында күйеуім меннен жиіркенетінін айтып қалды. Оған себеп ретінде  менің  жас күнімде орамал тақпағанымды айтады. Өте ауыр сөздер. «Сен жүргіш болдың. Жезөкше болдың» деген сынды ауыр сөздер айтып жанымды қинайды.  Күйеуім мені қатты жақсы көретіні сонша көшеге шығуыма әлі күнге қарсы. Үшінші әйелге кеткеніне қыр көрсетіп өзіме қарай бастадым. Соныма ашуланса керек ұрып тастады. Бұған дейін де талай қол көтерген.»,-дейді келіншек.

 

Төрт баланың анасы осындай жағдайда отырғанын бір жағынан тұрақтылық деп ойлайды. Бөлек кетсе далада ақшасыз, киім, тамақсыз қаламын деп қорқады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста