Сәлеметсіздер ме! Кешірерсіздер, ұят та болса, басымдағы жағдайды жазайын деп шештім. Есімім жасырын болсыншы.
Менің жасым 24-те. Тұрмыс кұрғаныма 4 жыл болды. Бір ұлым бар, жасы 3-те , қызым әлі кішкене наресте 5 айлық. Айтайын дегенім, куйеуіммен арамыз жақсы, шүкір. Бір-бірімізді сүйіп қосылмасақ та, ел қатарлы отбасымыз. Оның жақсы жігіт екенін біліп тұрмыска шықтым.
Ол мені ұнатқаны болар, тіптпі пәк болмағаныма да қарамады...
Жас кезмде бір жігітті құлай сүйіп, өз еркіммен берілген едім. Бәрі бізге қызыға да, қызғана да қарайтын. Бірақ тағдыр бізді қоспады. Арамыз алшақтай берді, ақыры екіге айыпылып тындық. Бірақ мен оны әлі күнге сүйемін, ұмыта алмадым.
Қазір оның да әйелі, бір ұлы бар. Мен ұлды болганнан кейін екеуміз кездесңп жакындастық, оған дейін телефонмен. сөйлесіп тұратынбыз. Оны көргенде сағыныштан өзімді ұстай алмадым.
Қызымды көтергелі, босанғалы бері кездеспедім, әрнәрсені сылтаураып, қашқақтап жүрдім. Қазір де сөйлесіп тұрамыз. Ол кездесуге шақырады. Оны көргім келеді, сағынамын. Өзімнің ісімнің дұрыс емес екнін білсем де, қоя алар емеспін. Жолдасыммен төсек ләззатын ала алмаймын. Ал бұрынғы жігітіммен өзімді ең бақытты ійел сезінемін.