Бұрынғы жігітім "екінші әйелім бол" деп ұсыныс жасады

Сәлеметсіздер ме! Аты-жөнім аноним болса екен, өтініш. Тезірек шығарғандарыңыз керек болып тұр. Маған үлкен апкелер ақыл-кеңестерін берсе екен. Жасым 29-да. Шүкір ата-анам, бауырларым бар, жағдайым жақсы. Тек әттең-ай дейтіні жалғызбын. Тұрмыс құрмағанмын әлі. Екі ағам да, інім де үйленген, балалары бар, бақытты. Ата-анамның ендігі уайымы мен болдым.

 

Олар да біраз жасқа келіп қалған. Анам «көзім тірісінде сенің тұрмыс құрып, бақытты болғанынды көргім келеді» деп үнемі айтып отырады. Мен де соны қалаймын әрине. Өзім де жалғыздықтан шаршадым. Ақша да, мансап та, бедел де адамға бақыт болмайды. Мен оны енді ғана түсінгендеймін. Осылай жалғыз қалуыма өзім ғана кінәлімін. 1 курс оқып жүрген уақытта өзімнен 8 жас үлкен жігітпен жүрген едім. Бір жылға жуық уақыт жүріп, ол маған үйленуге ұсыныс жасады, ал мен болсам бас тарттым. Тұрмыс құрсам оқуым да жайына қалады, бала туып миым ашып отырады ғой, ата-анамның үмітін де ақтай алмай қаламын, оның үстіне әлі жаспын деген ақымақ ойлардың жетегінде кеттім. Ол маған тағы ойлануыма 2 ай уақыт берді. Жігітім үйінің жалғызы еді. Ата-анасымен де таныс едім. Ата анасы тезірек үйленуін өтініп қоймады. Екі ай өткен соң да мен әлі тұрмысқа шығуға дайын еместігімді алға тартып, жігітімнің ұсынысынан тағы да бас тарттым.

 

Еркелікке салынып «мені сүйсеңіз мен оқу бітіргенше күтесіз болмаса жолыңыз ашық» деп анық айттым. Жігітім маған ашуланып, бір сәтте-ақ ата-анасы таныстырған қызбен бас қосты. Ал мен болсам оны сүйіп тұрсам да осындай ақымақтыққа салындым. Ол жігіттен кейін ешкіммен жүрмедім, өйткені оны әлі де болсын ұмыта алмадым. Қиналсам да ешкімге білдірместен бар ынтамды оқуға жұмсадым. Себебі осылай қиналғаныма өзім ғана кінәлімін гой. Оқудың қызығына әбден түсіп, жасым 25 тен асқан кезімде тұрмыс құру жағын ойладым. Әрине өзіме де ұсыныс жасап, үйге де құда түсіп келіп жатқан ер-азаматтар болды. Бірақ мен менмендікке салынып ешқайсысын да жақтыртпадым. Біреуінің баласы бар болса, біреуінің жағдайы төмен деп. Сонымен осылай жүріп тағы 3 жыл уақыт өтті. Жасым 28-ге келген кезде ата-анамның қарсылығына қарамастан балалар үйінен бір бүлдіршінді бауырыма бастым. Енді негізгі мәселеге келетін болсам осыдан 2 ай бұрын ұлымды балабақшаға апарған кезде бұрынғы жігітімді кездестіріп қалдым. Ол өзінің қызын әкеле жатыр екен. Сол кезде оған әлі де сезімімнің бар екенін ұқтым. Бұрындары ол туралы сырттай мәлімет жинағанымда онын бақытты екенін, жұбайының жүкті екенін есіткен болатынмын.

 

Сонымен оны ұмытуға тырыстым. Бірақ тағдырдың ісі болар біз қайтадан жолықтық. Сол кездескен кезде хал жағдай сұрасып, менің номерімді алып қалған болатын. 2 аптадай хабарласып жүрдік, әрине тек таныс адам ретінде. Екеуміз кездесіп, сыр бөлістік. Мен оған баланы асырап алғанымды айттым. Оның жұбайы ауырып жүр екен, 5 жыл дегенде әрең көтерген қызын босанғанан кейінгі уақытта емі дұрыс болмай жатырын алдырып тастапты, содан бері 2 жыл уақыт өтсе де ауруынан айыға алмапты. енді босана алмайды өкінішке орай. Ал онын ата анасы ұл бала аңсап жүр екен, сонымен ол жігітке ата-анасы да, әйелі де екінші әйел алуға рұқсаттарын беріп, соған лайықты қыз іздестіріп жатыр екен.

 

Ол жігіт маған екінші әйелі болуыма келісімімді беруімді өтінді. Мен басында бас тартқаныммен оның жұбайымен де ата анасымен де кездесіп көргеннен кейін біраз уақыт беруін сұрадым. Жұбайы өте жақсы адам екен, намаз оқиды. Оның жұбайы маған «Шүкір қызым бар, бірақ мен күйеуімді, ата енемді ұл туып беріп қуанта алмаймын, оған менің денсаулығым жоқ, егер сен келісіміңді берсең екеуіміз апалы-сіңлідей болып, осы үйді қуанышқа толтырып отырсақ қандай керемет болар еді» деп айтты. Екеуміз біраз сырластық. мен әлі бұл жағдайды өз ата-анама айтқан жоқпын. Енді сіздерден сұрарым қалай істесем дұрыс болар екен? Маған үлкен өмір көрген әпкелеріміз кеңес берсе екен. Алла қаласа осы айдан сон демалысқа шығып, ата-анамның үйіне барып келеміз ұлым екеуміз. Егер де осы жағдайды ата-анама айтсам қалай қабылдар екен? Ұзақ болып кетсе кешіріңіздер. Барынша түсінікті жазуға тырыстым. Рахмет.

 

 

 

ВК-әлеуметтік желісінен алынды.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста