Бұл күйзелістен құтылар күн бар ма...

Мені Бәлкім түсінер жан табылар, бәлкім біреулер түсінбес. Мен өзімнің күйеуімді қатты жақсы көрем. Ол барда ешқандай қиыншылыққа қарамай тек күліп жүре беруші едім. Қанша қиындыққа тап болсақ та тек күйеуім қасымда болса болды дейтінмін. Отбасылық өміріміздің 5 жылында ешқашан ажыраған емес едік, ұрсысып қалсақт а қасымыздан бір елі кетпеуші едік, бірақ ақыры ажырап тындық мәңгіге. Ол енді ешқашан келмейді.

 

Оны қатты сағындым. Міне, күнде жылаумен таңдар атады, маған өмір соншалықты қатыгез болады деп ойлап көрмегем. Неге мен ылғи құлай беруім керек? Неге, бақытты болуға хақым жоқ па? Неге ылғи жылаумен қиналумен өмір сүруім керек? Білем, Аллаһ өзі береді, өзі алады. Бірақ ылғи сынағына мен түсе берем ба? Шыдармын бәріне, бірақ іштен ғана тынып жүрмін. Шыдамым таусылды. Тек балаларым үшін ғана сабыр деп жүрмін.

 

Ешкімге ештеңе айта алмаймын ашылып, тек күліп қана жүре берем. Түсінетін адамым да жоқ. Анама бәрін жылап отырып айтқым келеді, бірақ оның қиналғанын көргім келмейді. Енді ары қарай не болады өмірім? Ештеңеге сенгім келмейді.

 

Күйеуім қайтып келердей күтіп жүремін. Ұнататын тамақтарын дайындап қоямын. Енеме, қыздарыма шәй тамағын беріп болған соң оңашада еріксіз жылап аламын. Бұрын бәрін күйеуім келсе мәз болып қуанып қалсыншы деп дайындайтын едім енді қазір ештеңеге зауқым соқпайды. Тек күйеуім келіп қалардай барымды салып бәрін істеймін.

 

Оның мәңгіге кеткенін ойласам өзіме сыймай кетемін. Бәрі өтірік сияқты. Балаларым ес біліп әкесін сұраса не деймін қайда деймін. білмеймін. Қазірде сұрайды мама біздің папамыз больницадан қашан келед оны қатты қатты сағындық дейді. Тек балалар үшін ғана шыдап келем.

 

21 жасымда жесір атанам деп 3 ұйықтасам да түсіме кірмепті. Шаршап кеттім. Бірақ Аллаһтан үмітімді үзбеймін. Мүмкін қиындық арқылы маған тәубеге келуге мүмкіндік беріп тұрған шығар, сабыр етсем Ахыретте пайдасы болатын шығар. Тек Аллаһтан сұрарым балапандарым аман болса екен, бөпешімді аман сау бауырыма алсам екен.

 

 Аноним

Аlashainasy.kz/

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста