"Біреу басын айналдырып жүр". Тоқал алуға қарсы шыққан әже жұртты күлдірді
Қарт әже бір еркекке 4 әйел алуға болады деген ұсынысқа қарсы шықты, деп хабарлайды Экспресс К.
TikTok желісінде өзінің келініне кеңес беріп, тоқал алуға қарсы болған әженің видеосы жұртты күлдіріп, тамсандырды.
Оттапты, тоқал алу бұрын болған, қазір ондай жоқ. Ол сені басып тастайды ғой. Күейуіңе "тоқал алсаң, бөлек кетемін" деп айт. Ол сонымен қала берсін, сен екі баланы алып кет. Біреу оның басын айналдырып жүр-ау. Бұл жастық қой, тоқалмен тұра алмайды, — деп жұбатады әже келінін.
Бұл видеоға пікір жазғандар үлкен кісіні қолдап, көптеген жазба қалдырған.
"Жаным-ау, апа сеніп отыр. Хит болып кетеді осы кісі", "Күлсең, кәріге күл деген осы ау", "Сондай сүйкімді әже екен", "Асыл әжеміз бәрін сабырмен, дұрыстап түсіндіріп жатыр", "Апамыздың ғұмыр жасы ұзақ болсын", — деп тілек айтқандар көп болды.