​Билей алатын жігіттер төсекте де "билетеді" (18+)

​Билей алатын жігіттер төсекте де "билетеді" (18+)

Әйел еркекке қарап несіне қызығады? Табысына ма? Мүмкін, келбеті мен ортасындағы абыройына шығар?! Жоқ. Түптеп келген еркекке әйелдің басты қызығушылығы басқада...

Тән жақындығы, жыныстық қатынасты ашып айтуға болмаса да, ол туралы фильм немесе көркем шығарма оқыған адамның қиялы біраз жерге «жүгіріп» кететіні жасырын емес. Еркек сымбаты келіскен сұлуды құшқысы келсе, әйел заты өзін төсімен тұншықтырар әлеуетті еркекті қиялымен сүйеді. Сүймесе де сүйгісі келеді.

Ал сол еркектердің «төсімен тұншықтырып, сезімге мас ете алатынына» сенімді болуға бола ма? Қандай іс-әрекетіне, қайсыбір белгісіне қарап төсекте «күшті» екенін болжауға болады?

Иә, сырт келбеті ғана тартымды еркектер емес екен оңаша отауда сезімнің шыңына шығара алатын... Оны мынадай белгілеріне қарап білуге болатын көрінеді.

Өзінің тәнін игере алатын жігіттер

Егер еркек керемет билеп, әуен ырғағына дөп түсе алатын, яғни, өз тәнін епті игере алатын болса, олар жыныстық қатынаста жұбын өкпелетпейтін көрінеді. Оны сыртынан би алаңында немесе бассейнде, спорт залында бақылап-ақ қопал еместігіне көз жеткізу арқылы-ақ білуге болады екен.

Өкінішке орай, қопалдығы басым, сүлесоқ әрі ебедейсіз болса, олардың төсекте де епті бола бермейді екен.

Үстінен жұпар аңқыған жігіттер

Әйел мен еркек бір бірін иіс арқылы табады десек, сенесіз бе? Былай айтайықшы... Жұп болуға үйлесімді екі жанның бір-бірімен иісі де сәйкес келуі керек екен. Жо-жоқ, иіссудағы талғамы емес, табиғи иісі. Иә, әр адамның өзіне тән иісі болады. Тән жақындығы үшін бұл иістің де ұнауы маңызды. Егер жұбыңыздан өзіңізге ұнамайтын иіс шығатын болса (ол тазалық сақтамағаннан шығатын иіс емес, табиғи жаратылыс) оның қасында көп болмайтыныңыз анық. Оны ешбір иіссу жасыра алмайды. Ұнамайтын «иіспен» жатқан соң «шаруа» да оңбайтыны белгілі. Оңбаған соң тән ләззатын ала алмасыңыз тағы рас.

Тосынсый жасай алатын еркектер

Егер еркек әйелді түрлі тосынсыйлармен таңдандыра алатын болса, олардың жыныстық қатынастағы «тосынсыйы» да жаман болмайды. Демек, ол романтика дегеннің не екенін түсіне алатын жан. Ал романтиканың соңы қайда апарады? Естен кетпес керемет түнге...

Ең бастысы – олар әйелді керегін өтеп қана алатын затқа емес, оған ләззат сыйлай алатынына сенімді әйелі ретінде қарай алады.

Айтпақшы, романтиктер әйел затына озбырлық жасаудан алыс болатынын да ескере кеткен жөн.

Түкті жігіттер

Статистика бойынша, жүрегінде ғана емес, денесінде де түгі бар жігіттер қызуқанды болып келеді. Бұл да біз айтып отырған шындыққа жанасымды, бірақ...

Бірақ бұл еркекттердің жалпы тәнінде түгі көп болуы тиіс деген сөз емес. Жыныстық қатынас кезінде естен тандыратындарының кеудесі немесе білегінде түгі бар деп қателесіп қалмаған жөн. Табиғат тек жыныс мүшесі айналасындағыларға көбірек мән берген екен бұл жағдайда. Яғни, солардың құшағы ыстықтау болатын көрінеді.

Өзіне сенімді еркектер

Өзіне сенімді болу деген қай кезде де жақсы, қашанда бағаланады. Екі аяғында нық тұрып, сөйлеген сөзіне дейін сенімді шығатын еркектер өздерін еркін ұстайды. Тап сондай еркектерге әйелдердің қызығатыны бекер емес екен.

Өзінің төсектегі әлеуетіне көзі анық жететінінен басталады екен еркектердің сенімділік құпиясы. Жыныстық қатынасқа келгенде кідіріп қалатындардың сенімсіздігі былайғы уақытта ұяңдық немесе ашыла сөйлеспеу, көпшілік ортада шеттеу тұратындығынан-ақ белгілі болады.

Ас ішкенде асықпайтын еркектер

Ертеректе жұмысқа қабылдайтын адамның алдына ас қойып, оның қалай тамақтанатынына қарайтын болған деседі. Ол асты қалай жейді, соған қарап қалай жұмыс істей алатындығын білген екен.

Бұл теория төсек қатынасында да маңызды көрінеді.

Егер еркек тамақтанғанда апыл-ғұпыл, қалай болса солай аузына бұралақтай тығып жейтін болса, ол төсекте де солай. Онымен төсекте «ыстық» болуы мүмкін, бірақ асығыстық пен шыдамсыздықтан рахаттың дәмін татып үлгермей қалуы да ғажап емес. Ал алдына қойған асты талғаммен, түрлі дәмдеуіш-тұздықтармен сәнін келтіріп жейтін еркектер осы қалпын төсекте де сақтайды. Жыныстық қатынастың бүткіл ләззатын сезінгенді өзі қалайтынның қатарынан болмақ.

Мұндайда еркекті түскі ас кезінде сынап көруге болады екен.

Аяғының өлшемі кішкентай еркектер

Аяғы үлкен еркектерден қарағанда кіші өлшемді еркектерден «бірдеңе» шығады деп түйін жасапты тап осы тақырыпты зерттеген мамандар. Денелі, бойы ұзын еркектерге қарағанда төсектегі «шаруаға» шағын еркектер епті болып келетін көрінеді.

Аздап толықтау еркектер

Сымдай тартылған, спорттық дене пішімді еркектер де аздап толықтау, тығыншықтау келгендер есе жіберіп қоятын көрінеді. Бұл әсіресе, 40-тан асқан ер-азаматтардың арасында осынау қағиданың дұрыс екенін дәлелдейді екен.

Дене пішімін өмір бойы сақтағандар жыныстық қатынаста тығыншықтай еркектерге қарағанда осалдау болып келетінін алға тартады зерттеушілер.

Жаны жомарт жігіттер

Бұл жерде мәселе ақшаға келгенде қолы ашықтарға қатысты емес. Егер еркек жақсы сөз, керек кеңестер мен көмектесу, қол ұшын созу сияқты іс-әрекеттерге жаны құмар, жүрегі ашық болса, ол өзін төсекте де солай ұстайды. Аймалап сүюге, тәтті сезіммен баурап алуға сараң бола алмайды. Бар қуатын арнайды.

Әрине, еркектің КҮШТІ болуы тек төсекте ғана маңызды емес. Оның ақылы мен батылдығы да күшті болуы тиіс екені белгілі. Десек те, әйел мен еркекке берілген осынау тәтті сәттің көп нәрсені шешетініне мән берсек, еркектің ол қыры да маңыздыларының бірі.

Дереккөз: top10a.ru

Аударған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста