"Бауыздаймын" деп қорқытқан". Әкесі зорлағанын айтқан қыздардың ісіне қатысты күтпеген деректер айтылды

"Бауыздаймын" деп қорқытқан". Әкесі зорлағанын айтқан қыздардың ісіне қатысты күтпеген деректер айтылды

Туған әкесінен зорланғанын айтқан апалы-сіңлілердің ісіне қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы. 

Телеарна мәліметінше, күдікті ер адам қыздарын "ауыз ашсаңдар бауыздаймын" деп қорқытқан. Тілшілер елді дүр сілкіндірген оқиға болған ауылға барған. Екі қызын ұзақ жылдар бойы зорлап келген ер адамның екі әйелі бар болып шыққан. Алайда олар "түк сезбедім" деп ақталған. 

- Сіз қызыңызды білдіңіз бе?

- Білмедім.

- Неше балаңыз бар сіздің ол күйеуіңізден?

- 2 балам бар.

- Бәйбішеден ше?

- Төрт баласы бар.

- Неше жыл отасып жүрсіз?

- 13 жыл болды.

Ұзақ жылдар бойы туған әкесінен азғындық көргенін айтқан қыздар аудиоға дәлелдер жинаған. Ал ер адамның әйелі телеарна тілшілеріне алғашында күйеуіне сенетінін айтса, артынша тек қыздарына сенетінін жеткізген. 

"Мен білген жоқпын. Қыздарымды соңына дейін қорғаймын", - дейді жәбірленуші қыздардың анасы. 

Ал күдікті ер адам үнемі мешітте жүретін, күзет фирмасында болған екен. 

"Өте тамаша көршілер болған. Үйіне барсақ құда күткендей күтіп алады"

"Шыны керек, жақсы араласатынмын. Олай істейді деп ешқашан ойламадым, өзім таңғалып жүрмін", - дейді көршілері. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ер адам екі қызын зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған еді. Бүгінде туған әкесінен зорланғанын айтқан апалы-сіңлілі полицияның қорғауына алынды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста