Қазіргі қазақ қыздарынан ұят кеткелі қашан? Қалай болса солай киінеді, қалай болса солай жүреді. Олардың темекі тартуы, арақ ішуі, жеңіл жүріске салынуы қазір ешкімді таң қалдырмайды.
Қазір олар (бәрі деп айта алмаймын, жақсы қыздар да көп қой) өздерінің жалаңаш денелерін әлеуметтік желілерге жиі салатын болды.
Жұрт қарасын, қызықсын дей ме, әлде оның астарында басқа жатыр ма, білмеймін.
Бәлкім, әдемі мүсініме қалталы еркектер қызықсын, мені іздеп тапсын дей ме?
Кеше сол әлеуметтік желілерді ақтарып отырып, мынаны тауып алдым.
Анель атты жап-жас әдемі қазақтың қызы негрмен суретке құшақтасып түсіп, салып қойыпты.
Онымен қоймай, астына «мен қазақ жігіттерінен таппаған бақытты африканецтен таптым. Ендігі арманым оған тұрмысқа шығып, бала сүю. Бақытты отбасы атану», деп жазып қойыпты.
Ызам келді. Сонда Анелді бақытты ететін қазақтың бір жігіті табылмады ма, әлде… негрдің құшағы ыстық болды ма?
Қаным қайнап, әлгі қыздың жекесіне ренішімді жазып жібердім. Көп ұзамай одан жауап келді. Былай депті әлгі қыз:
«Мен сіздің ренішіңізді түсінемін. Бірақ сіз де мені түсініңіз. Мен де өз қандастарымның біріне тұрысқа шығып, бақытты отбасы болғым келген. Бірақ біздің жігіттердің көбінің ойлағаны бірақ нәрсе. Ол төсек. Қалайда сенімен бір жатқысы келеді. Жатып алған соң түк болмағандай жүре береді. Оларға керегі тек секс. Құмар тарқату. Талай жігітті көрдім. Бәрінің мақсаты біреу. Сенімен қалайда жаныстық қатынасқа түсу. Болды. Әлде, маған тек сондай жігіттер кездесті ме, білмеймін. Олармен жарытып әңгіме де айта алмайсың. Әр түрлі тақырыпқа пікір де таластыра алмайсың. Бір жақты әңгіме. Қызыл сөз, арзан күлкі. Болды. Білімділері шамалы. Жазда ЭКСПО көрмесін аралап жүріп бір африкалық азаматпен танысып қалдым. Жасы үлкен. Бірақ өте мәдениетті екен. Француз тілін жақсы білеуші едім. Ол да француз тілінің маманы екен. Әңгімеміз жарасып жүре берді. ЭКСПО-ның маңындағы бір кафеде отырдық. Айтқандарына риза болдым. Өте білімді екен. Рас, кафеде отырғанда маған жиіркенішті көзбен қараған қазақтың қыз-жігіттері болды. «Әй шлюха, бізді неге қорлап отырсың», деп сыраға тойып алып, едіреңдеп келген бір жігітті Леон сабырға шақырды. Жай ғана таныс екенімізді алға тартты. Әлгі топас жігіттің қылығына күйініп, «кіммен қыдырамын, кіммен жатамын өзім білемін. Қақың болмасын, әйтпесе полиция шақырамын» деп бұрқ еттім. Ол жігіт жөніне кетті. ЭКСПО біткенше Леонмен дос болдым. Бірге жүрдік. Ол мені жақсы көріп қалғанын айтты. Мен де оның білімдарлығына, мәдениеттілігіне риза екенімді жеткіздім.
Арамызда төсек қатынасы да болды. Білгіңіз келсе, қазақ жігіттерінен ала алмаған ләззатты содан алдым.
Құмарымды күн сайын қандырды. Ол менен жиырма жас үлкен. Бірақ әлгі күнге үйленбеген. ЭКСПО бітіп, ол еліне қайтар кезде сөз байластық. Өйткені мен одан жүкті едім. Леон: еліме барып, жиналып қайтып келемін. Үйленеміз. Қаласаң, Қазақстанда тұрамыз, деді. Мен оған Қазақстанда қалған дұрыс қой дедім. Қазір еліне кеткен. Хабарласып тұрады. «Жұмысым біткен соң, келемін» деп уәде беріп қояды. Қазір соның жолын күтіп жүрмін. Айтпақшы, Леонмен жүріп жүргенімді көрген дос қызым Жанна «мені оның досымен таныстыршы» деп өтінген еді. Леон ЭКСПО-ға өзімен бірге келген досы Мунирді Жаннамен таныстырған. Олар да үйленейік деп сөз байласыпты. Жанна да жүктімін деп жүр.
Ия, қазақ жігіттерінен таппаған бақатымызды африкалық азаматтардан таптық. Енді солар келсе (алдап кетпейтін шығар деп ойлаймын) үйленсек, той жасасақ, балалы болсақ деп жоспарлап жүрміз.
Мұнымыз еш сөкет емес шығар.
Қазір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Жаһандану. Демек, қазақтың қызы қазақтың жігітіне шықсын деген заң жоқ шығар?
Жарың қай ұлттың өкілі болуы міндет емес, ең бастысы сүйіп қосылу сосын бақытты болу шығар».
Бұл – Анелдің маған жазып жібергені. Ал мен мұны сіздермен бөліскім келді. Сонда қазақтың жігіттері қазақтың қызын бақытты етуге жарамағаны ма?
Не дейсіз?