Балам аман қалмаса, күйеуім тастап кете ме деп қорқамын

 Сәлеметсіздер ме,оқырман қауым! Сіздермен басымда өтіп жатқан осы бір қиын кезеңмен бөлісіп, ақыл-кеңес сұрап,сіздердің бір жылы лебіздеріңізді естіп,жеңілдеп қалам ба деген үмітпен жазып отырмын.

Мен тұрмыстағы келіншекпін, жасым 34-ке таяп қалды. Бірінші күйеуіммен дәм-тұзымыз жараспай ажырасып кеттік. Себебін айтсам ұзақ әңгіме. Бірақ менің айтайын дегенім бұл емес. Біраз уақыт өткеннен кейін  екінші рет тұрмыс құрдым.  

Менің қозғайын деген әңгімем, бала жайлы, Тұрмысқа шыққалы бірнеше рет жүкті болдым, уақытына жетпей босанып қаламын да, балаларым шетінеп кете береді. Осылай қиналып жүріп зорға дегенде 2014 жылы қыз баланы дүниеге әкелдім. Аллаға шүкір, балапаным аман-есен өсіп келеді. Дәрігерлер осы баладан кейін біраз емделу керек екенін, тағы да жүкті болуға асықпау керек екенін ескерткен болатын. Бірақ мен енді емделем деп жүргенде аяғым ауырлап қалды. Ал баланы алдырып тастауға қимадым. Енем мен күйеуім де бұл баланы туғанымды қалады, бірақ дәрігерлер бұл баланы туу өміріме қауіп төндіріп тұрғаны туралы ескерткен болатын,

Жолдасым бір үйдің жалгыз ұлы болғасын, мұрагер керек, мен де ештеңеге қарамай туамын деп шештім, Енді міне, ай- күнім жетпей 6 айда босанып қойдым. Ішім алай-дүлей,бала 900 грамм ғана, қазір кувезде жатыр, Жүрегім аузыма тығылып жылаймын, бар білген дұғаларымды оқып, Алладан көмек сұраудамын. Менің өмірімді әзер дегенде аман алып қалған екен. Дәрігерлер енем мен жолдасыма енді бала көтерсе, аман қалмайды деп ескертіпті.

Жолдасыма ұл керек, енем де соны қайта-қайта айта береді, ішім толған өкініш. Неге, неге осы сұмдықтың бәрі менімен болып жатыр, неге одан да өле қалмадым деп жылай-жылай таусылдым.

Менің сұрайын дегенім, 900 грамм болып туған  ұл балалар адам болып кете ала ма? Кімнің басынан өтті осындай жағдай? Кішкентай балапаным адам болып кетсе екен деп үміттенемін. Жолдасым бұл бала аман қалмаса,ажырасам деп отыр. Маған ұл керек дейді, бірақ егер ажырассақ қызымды да маған бермеймін деп қояды. Мен онымен ажырасқым келмейді, не істеуіме болады? Егер мына бала шетінеп кетсе,мен өзім де өмір сүре алмайтын сияқтымын, жылаймын, жылаймын, бірақ шара не, өзімді өзім мүжіп жеп қоюға жакынмын,көмектесіңіздерші! 

Әсел, Алматы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста