Балаларым әкелерінен қорқады, оны жек көреді
Қайырлы күн, құрметті оқырман! Басымдағы жағдайды жазсам ба, жазбасам ба деп көп ойландым. Маған ақыл- кеңес керек болып отыр! Əңгімемді қысқа ғана айтайын!Тұрмысқа 5 жыл бұрын қыз болып шықтым (алып қашты).Ата-енем, қайын апам,қайын сіңілім, қайын інім,екі ұлым бар, Құдайға мың да бір шүкір!
Мəселем,күйеуім ішеді,шегеді жəне қол көтереді. Шекпесе əр жерден ұрыс іздеп,тиісіп отырады.Аяғы төбелесуге барады.Қатты қиналып кеттім. Бір күн шекпесе мені ұрады, балаларға айқайлайды. Шекпесе уйдің берекесін алады. Бүгін тағы солай болды.Үлкен ұлым 3-тен асты "мама, біздің үй неге сасық, папам жаман, сізді ұрады, мені ата-əженің үйіне жіберші өтінемін" деп əңгіме айтады
Əкем қайтқалы 2 жыл болды.Анамнын жүрегі ауырады(айта алмаймын анама).Өзім жұмыс істемеймін. Кішкентайым бір жарым жаста.Əбден таяқ жеп,қазіргі таңда жүйкем жұқарған ,қаным аз,талма ауруына шалдықтым.Қорқатыным, сіздерге айтатын мəселем ,мен ауру болып қалудан қорқам! Балаларыма кім қарайды,кім жеткізеді? Жазып отырған себебім де сол. Алтынымды,акшамды бәрін алып кояды.Ажырассам, баратын жерім жоқ,балаларымды қалай жеткізем деп қорқамын!Өтінемін мені сөкпей, ақыл-кеңестеріңізді айтсаңыздар екен деймін....Катты киналып кеттім. Екі баламның болашағын уайымдаймын. Әкелерінің осындай жаманиқлықтарын көріп өскен бала ертең қандай болмақ?
Аноним