​Балаға ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС туралы түсіндіргенде 7 ҚАТЕЛІККЕ жол бермеу керек

Бала «бөпенің қалай пайда болатынын» білгісі келді, қалай түсіндіресіз? Қателік жіберіп жүрген жоқсыз ба?

«Үлкендердің тірлігіне» келгенде балаға түсіндіру үшін ата-ананың біршама қиналып қалатыны жасырын емес. Әсіресе, жыныстық тәрбиеге келгенде мүдіріп қалатындар аз болмайды. Бірақ, бір кездері бала «бөпенің қалай пайда болатынын» білгісі келеді. Сосын сұрақты жаудыра бастайды. Ал есейе келе бала ол сұрақты қоймағанмен, ойында сансыз сауал болатыны белгілі. Олар өсіп келеді, дамып жатыр. Жыныстық қатынастың не екенін білмесе де іштей сезеді, табиғи жаратылысы сезіндіреді.

Міне, тап осы уақытта ұл немесе қыз балаға ата-ана тарапынан айтылуы тиісті нәрселер бар.

Әрине, әркім баласы үшін мұндай сұраққа дайын болуы керек-ақ. Мамандардың кеңесіне сүйенсек, бүгінде балаға жыныстық қатынас туралы ата-ананың айтқаны, түсіндіргені жөн көрінеді. Түсіндіргенде мына 7 ҚАТЕЛІКТЕН абай болған жөн.

1. Бала сұрағанда, жауаптан қашу

Иә, бала деген кейде бетіңнен отыңды шығаратын ыңғайсыз сұрақтар қояды. Осындай сәтте қаншалықты ыңғайсыз болса да сабыр танытып, баланың сауалын жауапсыз қалдырмаңыз. Жауап бере алмасаңыз, балаға міндетті түрде кейінірек айтатыныңызды жеткізіп, оған дайындалыңыз. Қажет болса, психолог маманмен кеңесіп алыңыз немесе кітаптарды қарап шығыңыз. Бірақ бала қойған сұрағына дұрыс та нақты жауап алуы керек. Егер Сіз жауап бермесеңіз, ол өзін мазалаған сұрағына жауапты басқа жақтан іздейді. Ал ол «басқа жақ» Сіздің балаңыз үшін қауіпті болмасына кім кепіл?!

2. Ұлға – анасы, қызға – әкесі түсіндірмейді

Жыныстық қатынас туралы түсіндіргенде ұлға – әкесі, қызға – анасы айтқаны дұрыс. Егер қандай да бір себептермен анасы немесе әкесі болмаған жағдайда, ол туралы сенімді деген ағасы немесе әпкесі сияқты жандарға айтқызған жөн.

Неге? Себебі, ұл өсе келе өзін болашақ әке, ал қыз бала келешек ана ретінде көреді. Бұл механизм баланың болашақта қоғамда әйел немесе еркек болып қалыптасуына көмектеседі.

Сонымен қатар, жыныстық мүше немесе жыныстық тәрбие туралы сөйлесуге ұл балаға ер адам, ал қыз бала үшін әйел заты ыңғайлы.

Осындайда, қазақ халқында төсек тақырыбын қыз балаға әзілдеп жүріп жеңгелері жеткізген еске түсірейікші. Перзентіне тікелей айта алмаған ата-аналар жеңгелер арқылы-ақ бәрін жеткізе білген.

3. Сұрамаса, айтпай жүре бересіз бе?

Бала жыныстық қатынас туралы сұрақты ата-анасына мүлде қоймауы мүмкін. Бірақ дене мүшесі, санасы дамып келе жатқан кез келген баланың көкейінде ол сұрақтар пайда болмай қоймақ емес. Білгісі келуі, сол сауалдар айналасында қызығушылық танытуы қалыпты жағдай.

Егер жыныстық қатынас жайында мүлде сұрақ қоймаса, қызығушылығы артық деген сөз. Сұрағысы келеді, бірақ ұялады. Сондай-ақ, ересектердің бұл тақырыпта сөз қозғағысы келмейтіндігін байқағанда сауалын жасырып қалады.

Демек, қолайлы сәтті күтіп, баламен бұл тақырыпта сөз қойғап ойын білген жөн. Сөз арасында ата-анасының еркін сөйлесіп отырғандығын аңғарған бала көкейіндегі сауалын жеткізеді.

4. Баланың жасына сәйкес әңгіме бастаңыз

Балаға жыныстық тәрбие жайында сөз қозғауда оның жасы маңызды екені белгілі. Ендеше, баланың жасына лайықты «тілді» таңдап алуыңыз керек.

Мәселен, бес жастағы бала өзінің қалай пайда болғанын сұрады делік. Немесе, «мен өскенде бөпені қалай жасаймын?!» деген сұрақ қойды.

Мұнда баланың жасына лайықты жауаптың дұрысы былайша болмақ: «Біз анаң (әкең) екеуміз жасымыз 20-ға келгенде бір-бірімізді жақсы көрдік. Сосын некемізді қиып, шаңырақ көтердік. Содан кейін бір-бірімізді қатты қысып құшақтағанда сен пайда болдың. Бірақ сен тым кішкентай болғандықтан, анаң сені бөпе болып өскенше ішінде сақтап жүрді...»

Міне, ол жастағы баланың санасы үшін осы да жеткілікті.

Әрі қарай бала өскен сайын оған түсіндіру жағы да қиындай береді. Бірақ, дұрыс айта білсеңіз, түсінуі оңай болатынын есте сақтаған жөн.

5. Бүге-шігесіне дейін айтудың қажеті жоқ

Әлбетте, балаға түрлі поза немесе эрекция жөнінде айтпайсыз. Бастысы, балаға өзінің ата-анасының ыстық махаббатының, адал некесінің арқасында өмірге келгенін білдіру қажет. Сонымен қатар, баланың өмірге келуі кезіндегі қиындықтар (толғақ, қан кету немесе ота жасау арқылы дүниеге келудің ауыртпалықтары және т.б.) туралы да айтуға болмайды. Мұндай жағдайлар бала санасында қорқыныш тудыруы мүмкін.

6. Зорлық-зомбылық жайында да айтудан қашпаңыз

Зорлық-зомбылық жайында айту – қазір аса қажет-ақ. Бірақ, баланың санасында аса қатты қорқыныш ұялататындай егжей-тегжейін айтып шошытып алудан сақ болғайсыз. Бала бөтен адаммен ешқайда бармау керектігін, еркелетіп тәтті немесе басқа да ұнамды заттар ұсынса да соңынан ермеу қажеттігін білуі тиіс.

Ең бастысын ұқтырыңыз – баланың тәні ТЕК ҚАНА ӨЗІНЕ ТИЕСІЛІ және оған ЕШКІМНІҢ ҚОЛ ТИГІЗУІНЕ құқығы ЖОҚ!

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста