Ажырасып кетсем де енеммен араласып тұрамын...

Әдетте қыз-келіншектер ата-енесінің түртпегіне шыдай алмай ажырасып жатады ғой. Өзімнің де құрбы қыздарымның арасында енесінің сөзін көтере алмай, бір шаңыраққа сыйыспай, отбасын сақтай алмағандары бар. Ал менің оқиғам керісінше, мен отбасымда сақтап қалуға барынша тырыстым, оған енем көмектесті, бірақ әттең сақтай алмадым. Неде болса, басымнан өткен оқиғамды «Алаш айнасы» арқылы оқырманмен бөліспекпін.

Біз жолдасым екеуміз бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Ол ерке, мінезі шатақтау болса да, мен оны бір көргеннен ұнаттым. Ол да мені жақсы көріп, соңымнан біраз уақыт жүгіріп жүріп қол жеткізді. Екеуміз бір ауданнанбыз, бірақ Алматы қаласында оқып жүрген кезімізде таныстық.
Бірде сабақта отырғанымда бөлем хабарласты. Ол екеуміз университет фойесінде кездесетін болып келістік. Сабақ аяқталғаннан кейін кездесуге асығып жүгіріп келсем, бөлем терезеге қарап ойланып тұр екен. Ол менің келгенімді байқаған да жоқ. Мен оған тосын сый жасайын деп артқы жағынан бардым да көзін жұмдым. Ол «Бұл кім деп?» қолымнан ұстай алды. Қолымды көзінен ала салып, жүзіне қарасам менің бөлем емес екен, мен оны басқа жігітпен шатастырып алыппын. Ой, сондағы ұялғаным-ай. Ол да қызарақтап ұялып қалды. «Қарындас, сіз мені шошытып жібердіңіз ғой» деді. Мен оған бөлеммен шатастырып алғанымды айтып ақталып жатырмын. Сөйтіп тұрғанымызда бөлем де келді. Ол менің жігітпен сөйлесіп тұрғанымды көріп, «кедергі жасаған жоқпын ба» деп күлді. Сөйтсем, әлгі жігіт менің бөлемді танитын болып шықты. Екеуі тіпті ұқсайды екен. Сонымен үшеуміз әзілдесіп, әңгімеміз жарасып кетті, бірге киноға бардық. Осылай танысқан Даниярмен мен 2 жылдай кездесіп жүрдім. Данияр екеуміз түнгі клубқа да, киноға да бірге қыдыратынбыз. Екеуміздің де достарымыз көп. Даниярға қыздар өте үйір болатын, ол менімен жүріп жүрсе де талай қыздармен сөйлесіп жүргенін біліп қалып, ренжіскен кездеріміз де болды. Бірақ ол көп қыздың ішінен мені таңдағанын айтып сендіретін. Сонымен екеуміз екі жыл жүріп отбасын құрдық.

Алғаш отбасын құрған жылдары маған өте қиын болды. Өзім үйде ерке өскен жалғыз қыз болғасын аса үйдің шаруасына да пысық емес едім. Оның үстіне күйеуім өзінің отбасылы екенін сезінбей, күндіз-түні қыдырып кететін. Кейде ойлаймын, мүмкін Данияр екеуміздің отбасылық өмірдің қиындығын сезінбей үйленгеніміз де дұрыс болмаған шығар.
Менің балалығымыды түсініп, үй тірлігін де, балаға қарауды да үйреткен енем. Менің енем өте жақсы адам. Ол алғаш сол үйдің табалдырығын аттағанымнан-ақ мені өзі қызындай қабылдады. Білмегенімді үйретіп, кемшіліктеріме кешіріммен қарай білді. Сол үшін де менің ол кісіге алғысым шексіз. Мен бірінен кейін бірін дүниеге екі бала әкелдім. Қызым мен ұлыма әжесі жаны қалмай қарады.
Күйеуім үйге ішіп келіп мазамды алған кездері енем мені жақтайтын. Данияр үйге қонуға келмей қалған кездері де жиі болып тұрды. Сол кезде енем мен сабырлылыққа шақырып, «еркектерде ес бар ма, қашанғы осылай жүреді ғой дейсің, бірте-бірте мұндай жүрісін қояды. Тек сен төзімділік таныт, қазір ажырасып кетсең, екі балаңды әкесіз өсіргеннен опа таппайсың» деп ақылын айтып отыратын. Мен күйеуі қанша ашулансам да, іштей қызғансам да енемнің сөздерінен кейін өзімді сабырға шақырып, айғай-шу шығармауға тырыстым. Бірақ Данияр менің бұл әрекетімді әлсіздік деп түсінді ме, барған сайын басынды. Қит етсе шу шығарып, қол көтеретінді шығарды. Тисуге ешқандай сылтау таппаса, қызғанған болып, «Сенің басқа біреуің бар шығар» деп бәле іздейді. Осындайда үндемесең, үндемедің деп тиседі, ал сөз қайтарсаң, ақталдың деп ұрады. Мені қанша ренжітсе де, ол балаларын жақсы көретін. Оларға ойыншық, киім-кешекті үйіп әкеледі. Кейде көңіл-күйі болған кездерде екеуін саябаққа апарып ойнатып та келетін. Осындай кездерде менің де ішім жылып қалады. Бірақ бірнеше күн өткеннен кейін өз әуеніне қайта басады. Түннің ішінде ішіп келеді де, «сен менен кете алмайсың, менсіз күн көре алмайсың. Сен кет. Менің басқа сүйетін адамым бар» деп аузына келгенді айтады. Осындай жағдай күнде қайталанады. Баласы сауыққан кезде енем талай рет ұлына айғайлап тұрып ұрысты. «Егер келінім мен немерем кетсе, мен сені балам деп есептемеймін» деді де. Даниярда үн жоқ. Мен де оның сау кезде ашық сөйлескім келді. Сосын бір күні: «Данияр, егер сенің сүйген адамың болса, мен бағыңды байламайын. Кетемін, тек бетіме ашығын айт» дедім. Сонда ол: «Мақпал, кешірші, шынымен саған деген сезімім суып қалды. Мен басқа жанды сүйемін» деді. Осы сөзді естігеннен кейін екі баламды алып кетуге бел будым. Енем қанша жылап-еңіреп бізді жібергісі келмесе де, ұлының әлгі сөзінен кейін амалы болмады. Мен өзімнің ата-анамның қолына көшіп бардым. Ол кісілер ауданда үлкен сый-құрметке ие болған адамдар. Кезінде басшылық қызметтер атқарған. Анам мектеп директоры, әкем ауданды басқарған. Кейін жастары келген соң қалаға көшіп келді. Қолында кенже інім отбасымен тұрады. Ата-анам мені, балаларымды жақсы қабылдады. Бір жылдан кейін олар өздерінің біраз жыл жинаған қорларына маған жеке үй алып берді. Қазір екі баламмен өзіміздің үйде тұрып жатырмыз. Ата-енем мен жұмыста болған кезімде балалырымды сабаққа апарып, тамақтандырып, маған көмектесіп тұрады. Тұрмыста болған кезімде мен ата-анама Даниярдың нашар қылықтары туралы айтпайға тырысатынмын. Алайда әкем о баста Даниярдың өзімшілдеу, қызқұмарлай жігіт екенін байқап, анама ескерткен екен. Бірақ олар менің отбасыма араласып, Даниярды тәртіпке салуға тырысқан жоқ. Өйткені оларды өзім де араластырғым келмеді. Күйеуімнен ажырасып келгеннен кейін де мені тергеп-тексеріп жатпады, түсіністікпен қарады. Қазір міне ажырасқанымызға да 3 жылдан асты. Алғашқы бір жылда жаным күйзеліп, ашушаң болып кеткем. Қазір жағдайым жақсы, көңіл-күйім де дұрысталды. Өзімді еркін сезінемін. Ата-анам да: «қызымызды танымай қалып едік, енді міне бұрынғы Мақпалға ұқсай бастады, күлегеш қызым» деп әкем еркелетіп отырады. Ата-анам, екі құлыным жанымда, бақыттымын. Енеммен де телефон арқылы сөйлесіп тұрамын. Ол кісі де немерелерін сағынғанда келіп тұрады. Айтпақшы Данияр екеуміз ажырасқалы ол екі рет үйленді. Екеуі де жап-жас қыздар екен, біреуімен 6 ай, екіншісімен бір жылдай тұрыпты. Енем біздің қайта қосылатынымызға сенімді. Ал мен шынымды айтсам, Даниярға қайта қосылғым келмейді, әбден көңілім қалды. Өзімді сонша қинап, оған басындырып, қор болып өткен өмірім есім түссе ызам келеді. Даниярдан маған қалған ең тамаша сыйлық екі балам. Мен балаларымның әкелерімен араласып тұруына кедергі болмаймын. Кейде ол балаларына келіп тұрады. Бірақ балаларым да менің жанымнан ешқайда алыстағылары келмейді. Қайта өзім оларды әкелерімен сөйлесіп тұруларын ескертіп отырамын.
Жаным тынышталып, сабырға жеңдіргелі өзімді бақытты сезінемін. Өзімді бағаламайтын адамға ерік беріп, басымды босатып алғаныма қуанамын.

Мақпал, Алматы

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста