Амансыздер ма, құрметті оқырман! Мен ішкі сырыммен бөліскім келеді. Ұзақ болса кешіріңіздер. Маған дұрыс жол көрсетсеңіздер, өтініш сөкпеңіздерші. Мен ажырасқанмын келіншекпін, балам бар. Жасым 27-де. Қазір ата анамнын қолында тұрып жатырмын. Жұмыс істеймін.
Ажырасып кеткен соң күйеуім баламыз жаска жетпей үйленіп кетті. Содан бері де 4 жыл өтті. Бірақ мен оны ұмыта алмадым, ешқашан ұмыта алмайтын сияқтымын. Махаббатпен қосылып едік, ортамызға қайынапам, енем түсе берді. Мен оған қаншама иілдім. Бірақ шымадам таусылып кетті. Сонымен аягым ауыр боп ажырастық. Баласын бір-ақ рет көрді. Мен оны шын сүйдім. Неге екенін түсінбеймін оны көргенде жүрегім тоқтап қалатындай күйде болам. Екеуміз бір ауылдамыз. Үйде жүргенде не жұмыста отырғанда да оны ойлай берем. Баяғыдағы бірге жүргеніміз, қалай кездескеніміз, үйленгеніміз бəрі-бəрі есіме түсе береді.
Кейде ойлаймын, күйеуім оқыған, жұмыс істейді, бірақ неге ақылдырақ болмады екен деп. Алла тағала куə, ажырасқаннан бері ешкіммен сөйлесіп көрмедім. Өзімді əлі де күйеуім бар деп сезінем, соған адалдығымды сақтағым келеді. Оның қазір əйелі, баласы бар.
Маған үй ішім тұрмысқа шықпайсың ба дейді. Менің шыққым келмейді. Алладан сұрарым, тек балапаныма өмір берсе екен. Соны аяқтан тұрғызуға Алла тағаламқуат берсе екен деймін. Күйеуім неге бізден оңай бас тартты екен? Екеуміз ешқашан бір-бірімізді танымаған сияқты жанымнан өтіп кетеді. Жүрегім жылайды. Бірақ білдіртпеймін. Тек сабыр деймін. Айтыңыздаршы оны неге ойлай беремін. Не істеймін? Басқа жаққа əзірше көше алмаймын. Ажырасқаныма əлі де сенбеймін, сене алмаймын. Түс көріп жатқандаймын. Тым болмаса бір құшақтап иісін иіскесем ғой деймін. Сағындым қатты, соны сезсе ғой шіркін... Ол неге өзгеріп кетті деп Алладан сұраймын. Көкірек мінезі бар бұрыннан. Бірақ мені сүйетін еді ғой, мен оған сендім ғой деп күніне сұрақты өзіме қоямын. Өмір деген шіркін қызық екен!!! Ол мені алдап кетті, қайта қосыламыз деп жүргенде басқаға үйленіп кетті. Өзім де түсінбеймін не болып кеткенін. Мен оған соншама не істедім. Жұмысында көтерілген соң мені менсінбегені ме. Мен оны танымадым. Бұрыңғыдай емес. Сіздер маған дұрыс жол көрсетіңіздерші