Қос әйелдің бір ер адамға таласқан сәті желіде үлкен талқылауға түсті. Ер адамның заңды әйелі күйеуінің нақсүйері барын анықтаған. Артынша отыз жастағы әйелді жалдамалы пәтеріне барып, сабаған. Киімдерінің бәрін жыртып шешіп, желіге жалаңаш әйелді ұрып, кешірім сұрата отырып жариялап жіберген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КҮН.КЗ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Podrobno.uz сайты жазған.
Оқиға Өзбекстанда болған. Әйел күйеуінің нақсүйерін өзі жазалап, бүкіл халыққа желі арқылы таратқан. 33 жастағы әйел өз туыстарымен бірге келіп, күйеуімен көңіл қосқан келіншекті аяусыз соққыға жыққан.
Әйелдің туыстары мен көршілері ашынған келіншекті қолдаған. Төбелес кезінде оқиғаға себепкер ер адам да болған. Бірақ ол әйелдерді еш ажыратпастан, қастарында қарап тұрған.
Видеоны Телеграмнан көре аласыздар.