Арамтамақ әпкелерімнен қалай құтылам?..

Арамтамақ әпкелерімнен қалай құтылам?..

 Сәлеметсіздер ме? Менің сұрар кеңесім отбасыма қатысты. Менің жасым 17-де. Бойым 175 см., арық , бойым ұзын әп-әдемі қызбын. Сыртымнан көргендер мені бақытты деп ойлайды, шын мәнінде олай емес. Әке-шешем ажырасып кеткен, 3 апкем бар. Біреуі қазір тұрмыста. Екеуі ажырасып келген. Бір жиенім үйде. Жасы 7-де, әлі мектепке бере алмай отырмыз. Үйде ешкім жұмыс жасамайды.

Мен 3 жылдай болып калды даяшы болып та істедім, тойда биледім де, қазір тойда өлең айтам. Сабақ үлгерімім өте тамаша еді. Казір де жаксы бірак бұрынгыдай емес. Үйдегілердің кесірінен ҰБТ-ға да қатыса алмадым. Бәрі үйде жатыр. Мен тамақ істеймін, кір жуам, даланы жинаймын, ақшаны да табам, бәріне мен жүгіремін.

Түнде тойдан келсем, ыдыс жуылмаган, шашылып жатады, жыным келіп жылап өзім істеймін бәрін. Әпкелерім түске дейін ұйықтайды. Сабактан келсем тағы сол жагдай. Жүйкем тозып кетті. Тапкан акшамның бір тиыны өзіме тимейді тек азық-түлікке кетәеді. Әпкелеріме жұмыс істесендерші десем, отыра береді. Үйде көк тиын таппай жатканын 8 жыл болды. Тұрмыстагы апкем де осылардын кесірінен оқымады. Асыраймын деп ол да журді бала күтушісі, үй қызметшісі  болып. Мыналар сегіз жыл бойы уйде калай жатады тусінбеймін. Тым құрыганда ыдысты жуып, жинап отырса болады ғой,  ол да жоқ. Не істейтініімді білмей кеттім. Мынау менің уйім, мынау апкелерім деп айтуга ұяламын. Өз-өздеріне карамайды да. Семіз-семіз болып семіріп алган.

Бір кап 50 кг ұн бір айга жетпейді. 1 кесе шайга 6 қасык кант салады, мен оны күндіз-түні ұйыктамай табамын. Тамақ жасай алмайды. Бәріне өзім калай үлгерем деп шаршадым.
Тойда, кһпшіліктің арасында жүрген соң небір бай, әдемі жігіттер көп сөз салады. Жүрейін десем ұяламын үйден, сол себепті әлі ешкіммен жүрмегем. Кейде осылардан құтылу үшін солардың біріне тиіп кетсем деп ойлап коямын. Бірақ маманы ойлаймын мен кеткен куні өледі ғой. Оның үстіне үйде құда күтпек түгілі нанды әрең тауып отырмыз, үй де қатты тозып кеткен, біреу-міреу келсе ұят. 
Сенбейтін шыгарсыздар, бірақ өкінішке орай бәрі шындық. Осындай әпкелерім болғанша бомағаны жақсы еді. Өздерінің араматамақ болып жатқагдарына қарамай арақ ішіп көңіл көтергілері келеді, мамама дауыс көтеріп, аузын аштырмайды. Әбден шаршап кеттім. Үйдегі ұрыс-керіс, жоқшылық жүйкемді тоздырды. 

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста