Менің ұлтым басқа. Жасым 22 -де. Алматыда туып-өстім. Мен 21 жасымда бір жігітпен танысып, жүре бастадым. Біз өте бақытты едік, ұрыс керіссіз бір бірімізді ерекше сыйлайтынбыз. Арадан уақыт өте ол жігіт мені ата-анасымен таныстырды. Шынын айту керек, анасы екеуміздің жұлдызымыз бір бірімізге сай келмеді.
Бірде телефоннан баласымен сөйлесіп отырып, менің үйіме кірмеуін, тамақ ішпеуін өтінді. Ол күні мен оны ата-анаммен таныстыруға шақырған болатынмын. Телефоннан даусы жарқын естіліп тұрды. Мен бірден жылап арамызда барлығы біткенін жеткіздім. Бірақ жігіт маған бəрі өзгеретінін айтып əлек.
Мені ұлты басқа, əкесі жоқ, шешесінің екінші байынан туған деп шешемді көп балағатайтын анасы. Анам бірінші некесінен бала болмағаннан кейін екінші неке құрып, мені босанған еді. Қысқасы, болашақ ене деп жүрген əйелге жақпай ақ қойдым.
Жігітім мені ертең алып қашамын деген күні мен бас тарттым. Әрине, жақсы көретін адамнан бас тарту оңай болған жоқ. Дегенмен ақылға салдым. Себебі болашақ жоқ еді. Ол үйде анасы, әпкесі мен қарындасы мені жақтырмайтынын біле тұра келін болып босаға аттауға батылым жетпеді. Өйткені анасы жаман екі жүзді əйел болатын, маған басқа, баласына басқаша өтірік айтатын. Қит етсе жылап еңірей жөнеледі, мен өмірде көп қиындық көрдім деп зар жылап, елдің бәрі оны аяса екен деп тұрады.
Жігітім де анасына ойын ашық айта алмайтын, жасқанатын. Сондықтан ол мені қорғай алмайтынына көзім жетті. Өмірде перзентінің қалауымен, арман-қиялымен санаспайтын, таңдауын қолдамайтын осындай да аналар бар екен.
Аноним
Аlashainasy.kz
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz