Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

Ақарыс есімді 22 жастағы жігіт өзінен он жас үлкен төрт балалы әйелге ғашық болып, әйел айтқанына көнбей қойған сәтте жұдырық ала жүгірген. Енді келіншек өзін ұрып-соққан ер адамның үстінен шағым түсіріп, қылмыстық іс қозғалған. Ал жігіттің анасы болса осының барлығына ересек жесір әйелді кінәлап отыр.

«Айдана деген төрт баланың шешесіне менің ұлым әскерден келесала ғашық болып қалғанын айтты. Ойбай оның төрт баласы бар, он жас үлкен дегеніме кеудесін ұрып «Алғашқы махаббатым, жүрекке әмір жүрмейді» деп ашуланды. Балам ішпейтін, тіпті оның мына әйелді ұрып, үйін өртеді, өлтірмекші болды, зорлап тастады дегенге сенбеймін.

Бұл келіншек баламның ғашықтығын пайдаланып өзіне қымбат сыйлықтар алуға мәжбүрледі.  Түрлі айласын айтып, баламды керегіне пайдаланды. Араларында не болғанын білмеймін, енді керек емес болып қалды. Сотқа шағымданып, қаматып жібермекші.

Енді ол балам қамалатын болса мен мына әйелді өзім өртеп тастаймын. Жас баланы арбаған да өзі.  Балам үйге ақша алып келмейтін болды. Бар ақшаға сол әйелдің балаларына тәтті алып беріп құртты. Тіпті ұлым соңында бұл әйелді жұмыста бүкіл күзетшілермен көңіл қосқан, жүргіш деп күйді»,-деп жылады алты баланың анасы.

Баласын қамаудан босатқысы келген ана  «Көреміз» бағдарламасынан көмек сұрап келген. Алайда, сарапшылар балам қамалып кетпесін деп жан ұшыра барын салған ананың әрекетін орынсыз деп атады.

«Апай, сіздің ұлыңыз он сегіз жастан асқан адам. Неге әйелді кінәлі деп отырсыз. Балаңыз ересек жігіт. Сіз екеуінің ортасында болған жоқсыз. Сондықтан олай қатты айтпаңыз. Балаңыздың нендей әрекет жасағанын көзіңізбен көрген жоқсыз. Олай болмайды. Сіз өртеймін деп білдей бір арна эфирінен айтып отырсыз. Мұның өзі қорқыту, жауапқа тартылуыңыз мүмкін»,-деді сол бағдарламада сарапшы болып отырған Ақмаржан Көшербаева.

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста