Анамды сағындым. Маған ана болыңызшы

Мектеп бітіре сала тұрмысқа шыққан Тамара Рахимжанованы күйеуі қыз бала туғаны үшін тастап кеткен. Оның айтуынша, жолдасы дүниеге ұл баланың келуін күткен деп хабарлайды Еуразия арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

«Бұл адамның пешенесіне жазылған тағдыр ғой. Бірінші некеден тұңғышым қыз бала болды. Сөйтіп жолдасымның көңілі толмай, үш ұлы бар келіншектің қол астына кіріп алды. Ол кезде жаспын. Өмірге өкпелеп жүрдім. 18 жасымда мектепті бітіре салып, сондай тағдыр болды.

Ол кезде УЗИ болған жоқ. Сондықтан құрсағымдағы баланың жынысын анықтау мүмкін емес. Қызым дүниеге келген соң алты айлығында бізді тастап кетті. Енем де мені жақтырмады. Сонымен жараспайтынымды сездім де, кетуіне рұқсатымды бердім. Одан кейін тұрмысқа шықпай жеті жыл жүрдім. Енді тұрмысқа шықпаймын, осы қызымды өсіремін, жеткіземін деп ойладым», - дейді Тамара Рахимжанова.

Араға жеті жыл салып Тамара екінші рет тұрмысқа шыққан.

«Қазіргі жолдасыма алғысым шексіз. Бірінші жары қайтыс болып, өзі жеті баламен қалған. Ағайын-туысқандары сенің жеті балаңды жеткізеді деп мені әперіпті. Мен алғашында көнбей кетемін деген кезде Мақсат деген баламыздың сөзі жүрегімді жарды. «Анамды сағындым. Маған ана болыңызшы», - деді. Сол баланың көз жасымен босағада қалдым»,- деп баяндады басынан өткенін көп балалы ана.

Тамара ханымның айтуынша, оның бірінші күйеуі үш ағайынды болған. Енесі де екі жастың ортасына көп түсіпті.

«Сол себепті жолдасым кеш келетін. Кейде келгісі келмей қалатын»,- деп еске алды ол бірінші күйеуін.

Тамара Рахимжанова қазіргі өміріне мың да бір шүкіршілік етеді. Отағасына да дән риза.

«Менің көз жасымды көрді ме Алла, мен алты ұлы бір қызы бар отбасына келіп түстім. Одан кейін өзім төрт ұл, екі қыз босандым. Бірінші Алланың, екінші жолдасымның арқасында қазір төрт қыз, он ұл, 27 немере, төрт шөбере сүйіп отырмын. Жолдасымды мақтан тұтамын», - дейді Тамара ханым.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста