Анам жеңіл жүріске салынды...

Бойжеткен қызбын. Менің бар мәселем отбасым.Сырт көзге бақытты болып көрінерміз, бірақ бәрі керісінше. Мамам 40-тан әлде қашан асып кеткен.Соңғы 5 жылда басқа еркектермен сөйлеседі, жүреді. Сол себепті әкем екеуінің арасы алыстап кеткен. Әкем оны әзірге басқа еркекпен ұстап алмады, бірақ бәрін сезеді, береке жоқ үйде.

 

Ал біздің көзімізше мамам басқа еркектермен сөйлесе береді. Жылап та айттым, ұрысып та, тіпті кейде төбелесуге дейін барамыз. Бұным үшін Аллам мені кешірмес. Бірақ бізге істеп жүргендеріне жүрегім езіледі. менің алдымдағы ағам үйге келмейді де,мені қойшы өзімнен кейінгі іні-сіңілімді ойлаймын, Олар әлі кішкентай, көргендері күнде ұрыс-төбелес, психикалары бұзылатын болды, не тәрбие алады ата-анасынан.

 

Анам мүлде үйге көңіл бөлмейді, көше ойының бәрі. Мен қашанғы папамның тамағын істеп, кірін жуып жүре беремін?Оқуға да түсе алмай жүрмін. Осының бәрін тастап күйеуге шығып кете салғым келеді, бірақ үйге кім бас-көз болады? Әкем соңғы кезде "шешеңді басқа еркекпен ұстап алсам, өз қолыммен өлтіремін" деп жиі айтады.

 

Үйдің үлкен қызы болған соң бәрін маған айтады.Папам арасында ішіп алса, осы себепті үйде төбелес.Сол кезде мамамды қорғаймын.Папам бірдеңе істеп қоя ма деп қорқамын. .Сол үшін папамның көңілі қалған менен. Мамам сонда да қоймайды. Болашақ жоқ сияқты.1 күніммен өмір сүрем, бүгін үйде ұрыс болмасыншы деп Алладан тілеймім. Бірақ болар емес.Қазір де ұрысып, жылап отырмын. Анамның жылуын сезініп, сыйлап жүргім келеді, ешқашан орындалмайтын сияқты бұл арманым.

 

 

 

 

Аноним

Alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста