Алғашқы түні жылап-сықтап қыз емес екенімді білдірмей жібердім...

Алғашқы түні жылап-сықтап қыз емес екенімді білдірмей жібердім...

Кей сәтте адам баласы өзінің жанында жүрген досына жете көңіл бөлмейтін секілді көрінеді. Сондықтан да оның айналасына шынайы достық сезімді түсіне білетін және кез келген сәтте өзіңе деген сыйластығы жоғары тұратын достар мен сенің қалтаңның қалыңдығына бола достасатын да құрбылар болады.

 

Биыл 4 жылдық бакалаврдың соңғы курсын тәмамдаймыз, бұйыртса. Университеттің жатақханасында тұрам. Жатақханада әртүрлі қыздарды көрдім. Түсініктері тым таязы да, сыйластық пен достықтың мен түсіне білмеген деңгейіне шығып алған ақ көңіл жандар да бар екен мұнда.

 

Бір бөлмеде тұрған 4 қыз апалы-сіңілідей, тең құрбы болдық. Аида - батыстан, Нұржамал - оңтүстіктен, Сабина - Ұзынағаштан, мен - Өскеменнен едім. Бәріміздің мақсат-мүддеміз - тек білім алу.

 

Алғашқы жылдар қызықты өтті. Бір-бірімізбен шәй дескен жоқпыз. Әкем аудандық деңгейдегі білікті басшы болған соң менің қолымда үнемі ақша болатын. Ал, Нұржамал мен Сабина көбіне Аида екеуміздің қолымызға қарайтын. Күнделікті тамақ пен қыздардың боянатын ұсақ-түйек заттарын үнемі Аида екеуміз есептеспей-ақ ала салатынбыз. Бірінші курстан бастап бұл екеуі біздің мойнымызға мініп алды. Жағдайлары жоқ болған соң біз де оларды кемсітпей, алған дүниемізді міндетсінбей, арадағы татулықты сақтауға тырыстық.

 

Менің Арман есімді өзімнен 2 жас үлкен ағам жатақханама жиі келіп тұратын. Өзі темір жол саласында қызмет етеді. Сапарлатып келген сайын төртеумізді ертіп алып Алматының көрікті жерлерін аралатып, керемет ресторандарға апарып, қонақ қылып кететін. Сөйтіп жүргенде пысық Сабина құрбым ағама құрығын салып үлгергенге ұқсайды. Ағам төртеумізді де қарындасым деп құрақ ұшып, қолындағы бар ақшасын тастап кетіп жүретін. Сабина да көрік жағынан соншалықты сорлы қыз емес. Әжептәуір өңі бар. Тек жылтыраққа құмарлығынан, ақшаға жақындығынан іш тартатын едім. Ол кез келген дүниені ақшамен өлшейтін.

 

Соңғы кездері ағамның да бізге келуі жиілеп, енді тек Сабина екеуі қыдыратынды шығарды. Сабина тіпті түнде жатақханаға келмей қалатынды шығарды. Ішім бір сұмдықты сезетіндей. Сабина енді бізден бөлектене бастады. Бұрын ештеңе сатып ала алмай қиналып жүруші еді, соңғы кездері тіпті барахолкадан, "Адемнен" шықпайтын болып алды.

 

Бастапқыда қыздар Сабинаның жайын сөз ете отырып, бәлкім олардың арасында шынайы махаббат бар шығар деп қорытқанбыз. Мен де бәлкім өз туған ағамды Сабинадан, жалпы болашақ жеңгемнен қызғануым орынды шығар, бауыр болған соң деп өз өзімді басқан едім.

 

Бірақ өткенде сабақ үстінде ауырып қалып, ерте келіп, көрпемді бүркеніп жатып қалғам. Сәлден соң Нұржамал мен Сабина келді. Жоғарғы төсекте жатқан мені олар аңғармады ма, екеуі еркін әңгімеге кірісті. Нұржамал Арманның жайын сұрауы мұң екен, Сабина "жеңгем" ақтарылып қоя берді. "Арман аңқаулау жігіт. Алғашында көп қарсыласып, төсек қатынасына әрең көніп, онда да жылап-сықтап есін шығарып өзімнің қыз емес екенімді білдірмей жібердім. Ол байқұстың есі шығып, өзін менің алғашқы еркегім деп түсінді. Қазір асты-үстіме түсіп құрақ ұшып жүр. Биыл дипломды қолға алсам, Арман екеуміз үйленіп, Астанаға кетеміз деп шештік. Оған әкесі Астанадан үй әперуге уәде етіпті. Өмір бақи кедейліктің, жоқшылықтың дәмін таттым ғой. Сүймесем де, сезімім жоқ болса да мен Арманға үйленем. Бір-екі бала туған соң ажырасып та кетерміз. Бәрібір үй маған қалады", - деген сөзін естігенде ауырып жатқаным ұмытылып, қаным басыма шапшығандай болды. Өз-өзімді әрең ұстадым. Олар тез-тез шайларын ішіп, сыртқа шығып кетті.

 

Содан бері Арманға бұл қыздың шынайы бет-бейнесінің басқа екенін, өзін алдап жүргенін қалай айтарымды білмей басым қатып жүр. Айтқаныммен ағам оны қалай қабылдайды. "Менің жеке өмірімде шаруаң болмасын деп тиып тастаса қайтем" деген уайым да бар. Сіз не дейсіз, оқырман.

 

 

Әсел, Алматы

Аlashainasy.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста