Үйіміздің шаңырағынан шудаланып шығатын тыныштықтың түтіні және төсек тіршілігінің сәттілігі мен тәттілігі осы төсекте алғаш рет бас тоғыстырған түннен басталатынын есте ұстаған абзал.
Шаңырақ көтерген отбасының тарихы осы бірінші түннен басталады. Ендеше, бұл түн некелері қиылып жаңадан үй болған ерлі-зайыпты екі жастың бір-бірімен ең алғаш жақындасатын түні. Бұл – қыз үшін балалық дәуренмен қоштасып, бейтаныс жаңа дүниенің есігін ашу. Оның болашақ жан серігінің алдында абыройының және ар-намысының тазалығын паш ететін түні. Алғашқы түн жастардың болашақ өмірінің өте бір жауапты сәті.
Қыздық пердесі қыздарға кедергі келтіріп, тұла бойы тұнып тұрған махаббат, қызығы мол жылдарда еркектің сылап-сипауынан кенде қалуына себепкер болып та жатады. Дегенмен көптеген сексологтар қыздық пердені табиғаттың жасаған тартымды сыйы деп түсінеді. Өйткені қыздық перде белгілі кезең ішінде бойжетсе де, ақыл тоқтата қоймаған қыздың алғашқы сүйіспеншілік кездері оның қорғанышы бола алады және оны тым ерте жыныстық қатынастан және өте ауыр қателіктен сақтандырады. Әрбір қыз қыздық перденің тек қана жыныс мүшесінің механикалық кедергісі емес, өте маңызды екенін және оның бұзылуынан кейін мүлде басқа өмірдің басталатынын сезеді.
Жас жұбайлардың төсекте өткізген алғашқы түніне әр халық өзінше баға берген. Немістердің көне рәсімі бойынша, қадір түннің куәсіндей қыз төсенген жайманы той өткізетін үйдің есігінің алдына, көрнекті жерге іліп қояды екен. Соған қарап қалыңдықтың қыз не қыз емес екенін білген. Тұрмысқа шыққан қыздың ұзатылып келген еліне абыройлы не абыройсыз болуы сол түнге байланысты болған. Бұл түнді, оның нәтижесін екі жастың ата-анасы мен жақындары, кейде тіпті бір рулы ел болып та күткен кездер болса керек. Жаңа түскен келін қыз болып шықса, той тойға ұласып, мереке-думан жалғаса түскен де, етегі ашылған қыздың төркінінің бетіне ел болып түкірген.
Қазақтар бірінші неке түні қыздықты алуды айтарлықтай қиын мәселе деп қарастырмаған. Мұны жабайы адам да, өркениетті адам да орындай алатын мәселе екені даусыз. «Қыз Жібек» дастанының мына бір тұсы осы сөздерімізді айғақтайды.
«Екі ғашық қосылып,
Әңгіме-дүкен құрады
Екеуінің суреті
Ләйлі-Мәжнүндей болады,
Екі бекзат қосылып,
Күндей балқып толады.
Екеуінің нұрына
Көрген жанның бәрі де
Тамаша қайран қалады.
Ойын-күлкі, сәулетпен
Жездеңіздің қасында
Кеш батқанша отырды.
Кеш батқан соң, апаңыз
Күйеуге төсек салады,
Төсекті жайлап алған соң,
Жатар мезгіл болған соң,
Жездеңіздің мойнына
Асыла барып құлады…
Ендігі сөздің қысқасы,
Айтушы ердің ұстасы,
Біз де соны айтамыз
Бұрынғылардың нұсқасы
Сығалап жатқан ақ берен
Қалаған жерден ұрады,
Қаршыға ілген үйректей
Жұмарлап мойнын бұрады,
Тебетейін сындырып…
Мергендер атқан бөкендей
Мүшелеп жайып салады…
Жібек сынды апаңыз
Жас құлындай шыңғырды,
Саулы інгендей ыңқылдап…
Екі ғашық қосылып,
Көңілдері тынады».
(Жүсіпбек Шейхусламовтың нұсқасы)
Қазақ халқында алғашқы неке түні жігіт пен жас келінді жеке отауға кіргізіп, өздеріне төсек салып алаңсыз, жайлы жатуына жағдай жасайтын әйел, әдетте, жігіттің жеңгесі болады. Ол жастарға бақыт тілеумен бірге, әзіл-қалжыңды араластыра жүріп, алғашқы төсек ләззатының жөн-жосығын, әдет-ғұрпын түсіндіреді. Ертеңіне келіннің пәктігіне де осы жеңге куәлігін береді. Бұл күн – жұптың, некелік өмірдің ұмытылмас сәттерінің бірі. Сондықтан бұл түнді көңілді әрі жайлы өткізудің орны мүлде бөлек. Бұл үшін барлық өнері мен қабілетін жұмсайтын жақсы жеңге келер таңды асыға күтіп, қайнысының жылы төсектен тұрған сәтін күтіп тұрып, «ерініңді жібіттім, қойыныңды жылыттым, енді жолдығымды бер» – деп назданған.
«Қазақтар қалыңдықтың қыз күйінде, таза, абыройлы келуіне көп мән берген. Алғашқы неке түні қыздың астына «неке жаулық» деп аталатын жайма төсеген. Ертеңінде күйеу ұйқыдан оянып, төсектен тұрып кетісімен екі жеңгетай киіз үйге кіріп, ақ жайманы тексерген, қыздың тазалығының белгісін тапса, оның шешесінен сүйінші алып, бұл хабарды бүкіл ауылға таратқан. Егер күйеу ұрын келіп жүргенде қалыңдығымен жақын болса, жеңгетайларға бұл жайында алдын ала ескертуге тиіс. Бұндай жағдайда қалыңдықтың құрбылары күйеуді ортаға алып, айып төлемесең, атыңның қарнын жарып, өзіңді жаяу қалдырамыз деп қыстайды, күйеу жігіт айып төлеп құтылған.
Қыз абыройының, ар-намысының тазалығы қашан да болса, оның пәктігінің белгісі емес пе еді? Егер қалыңдық күйеуге дейін біреумен көңіл қосып қойып, алғашқы неке түні таза болмай шықса, күйеу бұл жайды жеңгетайларға хабарлап, олар жайсыз хабарды қалыңдықтың анасына жеткізген. Сосын анасының: «бетіме күйе жағып, елге қарамастай қылдың» деген сәлемін қызына айтып барған. Содан кейін олар қыз абыройын төккен жазықтыны іздеп тауып, билердің алдына жыққан. Қызды бүлдіруші күйеуге бір тоғыз айып төлемей құтылмайды. Қыздың әкесі «қызға қырық үйден тыйым салмадың» деп әйелін сабаса, күйеу қалыңдығының кінәсін айтып, қыз әкесіне кісі салған. Егер қыздың абыройсыздығына әке-шешесі кінәлі болса, яки оны біреуге зорлап қосса, онда күйеуге кіші қызын беруге тиіс, өйтпеген жағдайда жігіт қалың малын қайтарып алуға қақылы. Қалыңдық абыройсыз болып шыққанда жасалатын түрлі рәсімдерді «қатын шықты» деп атайды. Жігіт берген қалың малын қайтарып алуы үшін куәгерлерін алдыға тартып, қыздың кінәсін дәлелдеуі керек», – деп жазды Петр Маковецкий.
Егер некелескен қыз ұятты болып шықса, қазақтар оны масқаралап, бетіне күйе жағып, өгізге теріс отырғызып, тесік қазан мен шүмегі сынған шәугім ұстатып, еліне қайтара отырып, қалыңмалын қайтарып алатын болған. Өйткені пәк күйінде тұрмысқа шықпаған қыздан «әйел – үйдің шегесі» дейтіндей мықты отанасы болуды талап ету де қиын тірлік екенін білген.
«Қайтып келген қыз жаман» деп, қызының қайтып келгеніне арланып, жұртқа қарауға бетін басатын халқымыздың қазір осындай жамандыққа еті өліп кеткендігі соншалықты, оған үйреншікті жағдайдай қарап, елеп ескермейтін болды.
Әйелдің адалдығы мен пәктігін нақты білдіретін белгісі – қыздық пердесі (гимен). Еркектің мұндай белгісі жоқ. Сондықтан әйелдер бір рет қателессе, бүкіл өмір бойы опық жеп өтеді. Сүйіспеншілікте әріптесіне тым сеніп кету қыздардың қыздық пердесінен айырылуына әкеледі де, ал мұнысы тұрмыс құрарда кедергі келтіреді.
Қыздық перде қынапқа кіре берісте орналасқан. Ол қынаптың ластануына және ауру жұғуына жол бермейді, гигиеналық қызмет атқарады. Қыздық пердеде әр түрлі пішінді (сақина, шашақ, жұлдызша тәрізді) тесік болады. Кәмелетке жеткен қыздардың етеккірі осы тесік арқылы сыртқа шығады, яғни ағады.
Ер адаммен алғаш жақындасқанда қыздық перде жыртылып, оңдағы жіңішке қан тамырлары үзіліп, аздап қана ауыратыны белгілі.
Дефлорация (латынша de — алып тастау, жою + flos, floris — гүл, қыз) қыздық перденің алынуы, жыртылуы. Әдетте бұл алғашқы жыныстық қатынаста болады, кейде қыздық перденің созылғыштығына орай бірнеше жыныстық қатынастарға дейін алынбауы да мүмкін. Қыздық перде алынған жағдайда шамалы қан ағады. Қыздық перденің алынуын қыз бала психологиялық тұрғыдан әртүрлі қабылдайды. Олардың кейбірі қатты қорықса, енді біреулері сүйікті адамына берілгендігіне қуанышты да болады. Үш-төрт күннен кейін қыздық перденің бұзылған шеттерінің жарасы жазылып келесі жыныстық қатынастарды ауырсынбай қабылдай береді. Осы кезеңде жыныстық органның тазалығына аса мән берген жөн.
Алғашқы неке түні қыз үшін тек алғашқы жыныстық әсер ғана емес. Бұл күні оның әйелдік сезімталдығының оянуы үшін өте маңызды. Еркек бұл түнде мейлінше ізеттілік көрсетіп, түсіністікпен қарамаған жағдайда қыздығы алынып жатқан қыз төсек ләззатына жиіркене қарап, тіпті салқын әйелдер санын толтыруға бейім болуы да мүмкін. Қайталап айтамын, әйел затының төсек тоятына енжарлығының бір себебі ағзаны күтпеуден ұрынған аурулардың асқынуынан келіп шықса, екінші әрі негізгі себебі болып алғашқы қауышуда ер адам жіберген тұрпайылықтан болатыны белгілі. Көбіне-көп, алғашқы қауышуды өзінің еркінен тыс жасауға мәжбүр болған қыздың санасында сол сәттегі үрей мен тән сезінген ауыртпалық көкейінде терең із қалдыратыны анық. Санасындағы терең із қалдырған алғашқы қауышудың ауыртпалығы жойылуы үшін аса көп уақыт қажет. Ал мұндай жағдайды келешекте қандай керемет еркек кездессе де, енді қайтып оның орнын толтыра алмайтындығын есте ұстаған абзал. Жар төсегін жатсынбау дәл осы күннен басталады. Жар төсегіне енген жастардың екеуінің де жүрегі үндесіп жатса құба-құп. Жыныстық қатынастың өн бойында аялау, аймалау, өбу, жайлы сөздермен жанын тербету сияқты әрекеттердің барлығы да ер адамның аса бір ынты-шынтысымен сызатсыз атқарылуға тиісті міндеттері. Сүюдің басты белгісі сенің түр-тұлғаңа, төсек ләззатындағы өнеріңе қызығу емес, адам жанының бірінсіз-бірі тұра алмауы деп қабылдау қажет.
Жар төсегінің салқындығы ажырасқан әрбір үшінші отауда болады екен. Сөз төркінінде жар төсегінен жеріну, өзі жаққан оттан безіну, барын жоқ етіп, жарын жатқа балау жатыр.
Түнгі жарастық кезінде әйелге аударған ықылас қаншалықты мол болса да, ол артық емес. Әрине, әйелдің еркектен алатыны да аз емес.
Поляк сексологы М. Кинесса былай деп жазады:
«Менің тәжірибем бойынша жыныстық салқындық шамамен былай жіктеледі:
1) күйеуін сыйламағандықтан туындаған салқындық – 20%;
2) жүкті болып қаламын-ау деген күдіктен туындаған салқындық – 30%;
3) бірінші неке түні еркектің дөрекілігінен туындаған жыныстық салқындық – 50%».
Әлбетте алғашқы түні қыз ер жігіттен керемет сипалау мен сыйлауды, еркелетуді күтетіні анық, ал мұның орнына өзінің ындынын басудың қамына кіріскен дөрекі қимылмен осыған құлшына кіріскен еркекті көрген оның психикасына орасан зор зақым келуі мүмкін.
Кейде әйелдің алғашқы жыныстық қатынасы ер азамат әбден масайған кезде болып та жатады немесе қолайсыз жағдайда өтеді.
Ер жігіттің де, қыздың да жұбайлық өмірдің алғашқы түні төсекте кездесудің қалай боларын ойлап қатты алаңдайтыны бәрімізге аян. Бұл қобалжу жұмыр басты пенденің бәріне тән құбылыс екені ақиқат. Бұл алғашқы түн ойша естеткеннен мүлде өзгеше болуы мүмкін. Өз жарын «пәктіктен» айыруды мейлінше ізетпен, үйлесімді түрде жасаған абзал. Әлі «беті ашылмаған» қыздың алғашқы түнде еріне деген ынтызарлығын толық көрсете алмасы анық. Өйткені, бұған дейін етегін жел түрмеген абыройлы қыздың бірден «ибадан аттауы» оңай шаруа емес. Сол себепті ер азамат ойға алған ісін орындағанша сабыр мен икемділік танытып, әйелімен үйлесер жол іздегені дұрыс. Ерлі-зайыптылардың бір-бірімен жарасымды төсек қатынасын орнатуы да, осы «өткелден» қиналмай өтуге көмектесері анық.
Алғашқы жыныстық қатынас әйел баласы үшін біршама ыңғайсыздау келеді. Өйткені қыздық пердесінің жыртылуы кезінде әйел тәні ауырсынып, басқа балдай тәтті сезімдерді тата алмайды. Екінші және үшінші жыныстық қатынас кезінде, егер әйел жаны еркектің дөрекілігінен жарақаттанбаған болса, тәтті сезімдерге бөлене алады. Жыныстық сезімдердің қалыпты дамуына еркектің тәжірибелілігі, оның сипалап аймалай алуы қатты әсер етеді.
Әйелді сылап-сипап, еркелетіп, қапсыра құшақтап, сүйіп, өбіп, жанына жағатын жылы сөздер айтып бірте-бірте жүрегіне жол табу керек. Мұндай сәттерде әйелдің көңілі жаздай жадырап, тұла бойы балқып, қан айналысы да жақсарып, құштарлығы оянып, қозады. Осылай еркімен ұшырасқан нәзік жан жақындасуды жанымен де, тәнімен де тілей түседі.
Алғашқы жыныстық қатынас қандай жағдайда өту керек? Ең бастысы екеуара келісім қажет, сонан соң ешкім кедергі келтіре қоймайтындай оңаша бөлме керек. Осыдан бір ғасыр бұрын ғана кең далада көсіліп өмір сүрген халқымыз оңаша отау тігіп беретін!
Бұрынғылардың өсиеттерін көкейге ала отырып, алғашқы неке түніне аса жауапкершілікпен қараңыз. Ең маңыздысы бірнеше қарапайым ережелерді есте ұстаңыз:
1) Қыздығы бар қызбен жыныстық қатынасты ұзақ дайындықтан кейін барып жасаған дұрыс. Қыздықты алайын деп жатқанда қызды аймалау, өбу, құшақтау, жылы сөздер айту қажет. Ең дұрысы осы кезде төсек тоятын алуы. Қызды төсек тоятына жеткізу үшін сіз оның бал құрағына аса мән беруіңіз керек. Алғашқы неке түні қыздардың көпшілігі қынап тоятын ала алмайды, бірақ алғашқы жыныстық қатынасы барысында-ақ шүртекей тоятының өзінен жақсы сезім алып рахаттанады.
2. Аймалаулар кезінде қыздық пердені саусағыңызбен жылжытыңыз, бұл қыздық перденің алынуын жеңілдетеді.
3. Қыздың қынабы бусанып, буырқанып жатқаннан кейін ғана қыздықты алуға кірісіңіз. Ұлы мүшеңізді сенімді түрде кіргізіп, соққылаңыз. Бірақ соққыңыз қатты әрі кенеттен болмасын.
4. Алғашқы жыныстық қатынас кезінде қыз тізелерін жиып, аяқтарын көтерсін. Егер аяқтарын құр талтайтып қана жатса, онда қыздықтың жыртылуы қыздың жанына батып ауыртады.
6. Сенімді әрі батыл қимылдаңыз: сіздің қобалжуыңыздан алғашқы неке түні зайыбыңыз үшін ауыр тиюі де мүмкін. Ал бұл дегеніңіз оның сексуалдық невроздар жамап алуына әкеледі. Осыған орай қыздықты алатын ер азамат әрі тәжірибелі, әрі өз-өзіне сенімді, сауатты болуға тиіс.
7. Тірлігіңізді орындап болған соң, қызды құшақтап, аймалап жылы сөздермен жанын тербетіңіз. Осы сәттерде сіздің ықыласыңыз бен қамқорлығыңыз аса қажет. Мүмкін болса осы тірлікті атап өтуіңізге де болады.
5. Қызбен болғанда, бар жан-тәніңізді салыңыз, құлағына жылы сөздер сыбырлап жанын жадыратыңыз. Мұның бәрі оның көкейіндегі үрейді жеңуге, босаңсуға әкеп, қорқынышын су шайғандай шайып жібереді. Сіздің сезімталдығыңыз оның психикасына оң әсер етеді, сөйтіп оның жан дүниесін жараламайсыз. Қыздың қыздығын ала отырып, сіз оның тағдыры үшін жауапкершілікті жүктейтініңізді ұмытпаңыз.
Қыздықты алу үшін еркектің қыз үстіндегі позасы өте қолайлы деп есептелетінін ескерген жөн. Бірақ бір ескерте кететін жайт бар. Ұлы мүшені қыздың қынабына кіргізген кезде міндетті түрде қыздың екі аяғын талтайтып қана қоймай, аяқтарын жоғары немесе ер азаматтың иығының үстіне көтеріп алған дұрыс. Сонда ғана қыздың асыл тұңғиығы толық ашылады әрі алғаш рет жыныстық қатынаста ұлы мүшенің үлкенді-кішілігіне қарамастан ауырсыну сезімі азайады. Бұл үшін қыздың қатты ұялшақтығын ұмыттыратындай әркеттерге барып, біршама қыздырып алған дұрыс. Мүмкін болса алдын ала біршама болар істің мәнісін айтып та кеткен жөн. Әрине сыпайылап қана.
Махабаттың мың ырғауына кіріскен кезде ер жігіттің қыздың құйрығын сипалап қана қоймай, қатты қысып, мытып алса, оның жаны жадырап рахаттану сезімі күшейе түседі. Өйткені мұнда ең сезімтал нерв талшықтары орналасқан.
Қыздықтың алынуы кезінде түрлі инфекциялар жұқпас үшін ер азамат міндетті түрде өзінің ұлы мүшесін тазалап жууы қажет. Өйткені жыныстық қатынасты бұған дейін көрмеген әрі барлық гигиеналық ережелерді сақтаған болса, онда қыздың қынабы өте таза болады. Сондықтан жыныстық қатынас алдында міндетті түрде жуынып-шайыну қажет.
Қыздықты алуға лайықты жас 18-20 деп саналады. Бұл кезде қыз баласынан қыздықтың алынуында қан аз мөлшерде ағады. Ал жасы ұлғайған сайын қыздық қалыңдай түседі және созылғыштығы төмендейді. Кейбір маман-дәрігерлер қыздың 23-24 жасында қыздығының созылғыштығы 30% төмендейді, ал 30 жастағы қыздың қыздығының созылғыштығы – 80% төмендейді дейді.
«Он екіде бір гүлі ашылмаған», яғни қыздығы алынбаған деген ұғымның өзі әйел үшін қашып құтыла алмайтын жағдайға душар етуі де мүмкін.
Алғашқы жыныстық қатынас кезінде қыздың барлық сезімтал аймақтарын аймалап, тіпті бірнеше сағат бойына мұны жалғастыра түскен жөн. Сонан кейін қыздықты алған дұрыс. Иә қыздықты алу кезіндегі қыздықтың жыртылуына орай ауырсыну сезімі қызға төсек тоятын сезінуге мүмкіндік бере де қоймас, бірақ ұзақ аймалаулар қызды келешекте өз ер азаматының аймалауларын жақсы қабылдауға үйретіп, бірте-бірте ынтызарлығы артып тұратындай етеді.
Алғашқы жыныстық қатынастан кейін қыздың қыздығы алынбауы мүмкін бе? – деген сұраққа Кинесса былай деп жауап береді. Иә, мұндай жағдайлар аз емес. Өмірде жиі кездесіп жатады. Мұның екі себебі бар: бірі – қыздық перде өте созылғыш немесе қыздық перде еркек бір дегеннен ала алмайтын өте қатты. Тұрақты жыныстық қатынасқа қарамастан, созылғыш қыздық перде тіпті босанар кезге дейін сақталуы да мүмкін. Ал қатты қыздық пердеге еркектің ұлы мүшесі тіреліп, бір түн тұрса да, бұза алмауы мүмкін.