Алғашқы махаббатым туған құдама айналды

Алла Тағала адамзат баласын небір қиындыққа салып, түрлі жағдайда сынайтын болса керек. Қазақ атам "ат баспаймын деген жерін үш басады" деп тегін айтпаса керек-ті. Жуырда менде де сондай жағдай болды. Өмірі көрмеймін деген адамымды кездестірдім. ол жай адам емес, менің алғашқы махаббатым еді...

Біз пединститутта оқып жүрген кезде Сапар кәдімгідей ақын жігіт болатын. Кез келген отырысымыздың гүлі Сапар еді. Ол өлеңдетіп сөйлеп, небір жауһар жырларды оөығанда аузын ашып, көзін жұмбайтын қыз баласы болмайтын сірә. Басқа факультеттің қыздары да оны иектеп жүретін. Ондай кезде біздің группаның қыздары кәдімгідей қызғанатынбыз Сапарды. "Сапардың ауылда атастырып қойған қызы бар екен", "Сапар негізі үйленіп қойған жігіт. Ауылда әйелі мен бір ұлы қалыпты. Өзі каникул сайын ауылға асығып тұрады. Ұлын қатты жақсы көреді екен", "Сапар бір үйдің жалғыз ұлы болған соң ата-анасы 10 жылдықты бітіре салысымен аяғына тұсау салып, келіндері ұл немере сыйлаған соң ғана Сапарды алдыңнан жарылқасын, оқимын десең оқып қайт деп жіберіпті қалаға" деп неше түрлі қаңқу сөздерді тарататынбыз. Өйткені аузынан жылы сөз шыққан қызға ғашық бола беретін Сапарды басқа қыздардан бәріміз қызғанамыз. Сондықтан олар Сапарға жоламас үшін осындай қитұрқы әрекеттерге баратынбыз.

Сапар біздің топтағы 4 ұлдың сойы еді. Оның қыздармен сыпайылықпен сөйлесуі, институттағы ұстаздармен тең дәрежеде пікір таластырып, кей сәтте өзінің көзқарасын дәлелдеп, өзіндік пікірі қалыптасқан азамат екенін паш етуі біздің қыздардың тіптен есін алды. Оның махаббат жайлы, сезім жайлы лирикалық өлеңдері мен домбырада ән айтатын қоңыр дауысы талай қыздың жүрегін тулатқаны анық. Жатақханада бірге тұрған кезде де Сапардың барлық жағдайы жасаулы еді. Өйткені оның киімін жуып, тамағын дайындап та беретін қыздар қауымы болатын.

Бірде сенбі күні Сапармен қала ортасындағы кітапханада ұшырасып қалдым. Екеуміз түскі шайды бірге іштік. Көңіліме қуаныш ұялап, бір жақсылықты сезетіндей жүрегім дүрсіл қағады. Сапар тауға шығуға ұсыныс айтты. Мен қуана келісім бердім. Екеуміз тау аралап, табиғаттың сұлу көрінісін тамашаладық кешке дейін. Кеш бата киноға кірдік. Махаббаттары тұтанған, бірақ өмірде бір біріне қосыла алмаған ғашықтар жайлы үнді киносы еді. Менің кинодан жылап шыққанымды көріп Сапар мазақ қып күле берді. Екеуміз жатақханаға қарай жаяу қайттық. Сол түні Сапар маған сөз салды. Өзінің жүрегіндегі ең аяулы сезімін білдірді. Менің басымдағы жайтты сөзбен айтып жеткізу тіптен мүмкін емес. 17-ден 18-ге енді қараған шағымда жігіттің төресі сөз салып тұрса...

Сапар екеуміздің махаббатымыз институт ішінде аңызға айналды. Өз құрбыларымның ішінен де көре алмайтындар, сыртымнан небір өсекті боратып, мені күйеуден шыққан, есік көрген қыз етіп сөз қылғандар да табылып жатты. Мен олардың бәріне күле қараушы едім. Өздерінің қолы жетпеген соң әйелдер қауымы жақсыны да жасық қыла салады емес пе.

Біз институт бітіріп, әркім өз туған жеріне тартты. Мен де өзімнің туып-өскен Қызылордама аттандым. Сапар болса менің толық адресімді алып қалды. Шамамен 1 айдан соң ата-анасын құдалыққа жіберетін болды. Сонымен екеуміз сөз байласып, бір бірімізді қимай қоштастық.

Мен ауылға келгелі 2 айдан асты. Сапардан хабар жоқ. Жатақханаға телефон соқсам, вахтер апайлар жөндемді жауап қайырмайды. Сапарды көрмегендерін, ол жайлы ештеңе білмейтіндіктерін айтады. Ай артынан ай өтті, менің жүзімдегі жабырқауды анам да байқады. Мен бар сырды жасырмай айтып бердім анама. Анам "қызым, сабыр қыл. Алла саған бұйыртып, маңдайыңа жазған ер болса келер. Бұйыртпаса келмес. Оған бола налыма. Тағдырдың дегені болады, сенің емес..." деді. Содан сол жылы мектепте мұғалім болып орналастым. Сапарымнан хабар да болмады, ошар да жоқ. Ұшты-күйлі жоғалып кетті. Не оны көрдім деген де жан баласы жоқ. Мен арада 1,5 жыл өткен соң басқа жанға тұрмысқа шықтым. Өз ауылымыздан, менен 4 класс жоғары оқыған жігіт еді. Мен мектепке жаңадан жұмысқа тұрғанда ол да сонда істейтін еді. Қазір Құдайға шүкір, 3 ұл, 1 қызымыз бар.

Дүниенің дөңгелек екеніне, кездеспеймін деген жандардың да кездесеріне осы көктемде көз жеткіздік. Алматыдағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетте оқитын үлкен ұлым достарымен бірге қыз алып қашып келіпті. "Мама, мен Шынарды сүйем. Сіздің келініңіз болады" деп қарап тұр ұлым. Ақ түйенің қарны жарылып, ұлан асыр той болды. Үйдегі үлкендерді жіберіп, құдалардың алдынан өткіздік. Бәрі ойдағыдай қиюласа кетті. Сол кезде құданың аты Сапар екен деген сөзге еш мән бермеппін. Біз жақ той жасар алдында құдалықты бірге өткізіп жібермек болдық. Сонымен не керек құдалар да келіп жетті. Құдай.... Сапар, сол Сапар. Құдам - алғашқы махаббатым. Жүрегіме мәңгілік тыныштық сыйлаған, кеудемді асыл сезімге толтырған адал Сапарым... Сол күні не болып, не қойғанын, құдалық пен тойдың қалай өткенін әлі күнде жөндемді еске түсіре алмаймын. Өң мен түстің арасында жүргендеймін. Қуаныш па, әлде таңырқау ма, әйтеуір жүзім алабұртып, асып-сасып, қалбалақтап кеттім. Тойға келген жандардың бәрі риза боп, алғыстарын жаудырып жатты. Соған қарағанда той жаман өтпесе керек.

Міне, содан беріде 3 айдай өтті. Құдағимен телефон арқылы тілдесіп тұрамын. Бірақ Сапармен әлі сөйлеспедім. Тіпті тойда да. Не айтам, ол нендей күйде екен? Кейде отырып сырласқым да келеді. Сол кезде неге келмей қойғанын да білгім келеді. Құдағиым да жаман адам емес секілді. Соған қарағанда ол құдағиымның бойынан менен артық қасиет көрген болар деп жұбатып қоям өзімді. Бақытты болса екен неде болса...

Асүйде келінім томпаңдап жүгіріп жүреді. Сапардан туған асыл болған соң ба келініме қатты іштартып тұрамын. Өз қызым секілді еркелетіп отырам үнемі. Кей кейде студенттік шағым, алғашқы махаббатым еске түсіп кеткен сәтте келініме сырымды айтып қоя жаздаймын. Жоқ, мен ақыл тоқтатып, сезім суытқан жастағы адаммын ғой деп өзімді тоқтатам кейде. Өмір деген осындай қызықтарға толы екен...


Арай, Қызылорда облысы.
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста