Әкемді үптеп кеткен әйел құдаша болып шықты

Әкемді үптеп кеткен әйел құдаша болып шықты

Жаныма батқан жан жарамды «Отбасы – ошақ қасы» айдарының оқырмандарымен бөліссем деп едім. Қайғыны бөліссе азаяды демей ме қазақ атам. Бұл сырымды сыртқа шығарсам ба, жоқ әлде қажет емес пе деп көп ойландым...

Балалық шағым Кеңес одағының шатқаяқтап тұрған шағымен тұспа тұс келді. Әкем колхозда есеп маманы болып жұмыс істейтін. Жиған терген қоры көп екен, 90-жылдардың аяғында елдің бәрі қиналып, ала қап арқалап кеткен шақта біз еш қиындық көрмедік әкемнің арқасында. Ішіп-жеміміз мол, әдемі де әсем киім де біздің үстімізде. Алғаш коммерсанттар ауыл-ауылды аралап үстеме баға қойып сатып, нешетүрлі қат киімдер әкеліп жатқан кез. Әкем ойлана келе ақшасын осы сауда саттыққа салмақ болды. Анам үй шаруасында-тын. Тиын тебенмен жұмысы жоқ, әкемнің тапқанына үйреніп қалған.

Елдің әйелдері ала қап арқалауға көшкенде әкем анамнан түк шықпасын білді ме, жанбағыс майданына өзі шықты. Жиған қорының әне міне таусылатынын, балаларының бірінен соң бірі үйленетінін бағамдаса керек. Тиынға тісін сындыратын әкем нағыз шығайбайдың өзі еді. Соның арқасында болар, тиыннан теңге құрап, саудасын ілгерілетіп әкетті. Ауылдарды аралап сатқаннан аз-маз ғана пайда түсетінін білген соң, аудан орталығынан базардың қасынан құлағалы тұрған ескі үйді арзан бағаға пұлдап сатып алды.

Алғашында Алматыға барып көп мөлшерде азық-түлік әкеп сатып жүрді. Келер жылы ескі үй құлап қалып бірімізді басып қалар деп сырып тастап орнына дүкен салып алды. Ауылға аптасына бір рет келіп кетеді. Түпкілікті көшіп кетуге ата қонысты қимады-ау деймін. Әзірге қалаға жылжу туралы жақ ашпады. Ауыл мен аудан арасы қашық та емес. Күркілдеген ескі москвичімен шықса жарты сағаттан аса уақытта жетіп баруға болады. Әкем сонда да көлікке құятын қаржыны қимай ма, үйге келуді соңғы кездері сирексітіп жіберген.

Аудандағы дүкенімізге анда-санда барып тұрамыз. Соңғы барғанымызда жап-жас бір тәтейдің жүргенін көрдік. Әкем оны сатушы қыз деп таныстырды. Үйге келгеннен кейін ауданда көрген қызықтарымызды бастырмалатып айтып жатып, әлгі тәтейді де сөз арасында айтып қалдық. Анам ол кім деп қайта-қайта сұрады. Ауыл арасында сөз жатқан ба көп уақыт өтпей-ақ әкемнің әлгі жас қызбен әмпей-жәмпей болып жүргенін есіттік. Анамның күрсінісі көбейді. Түнімен жылап шығатынын да білем. Кейде анамның солқылдап жылап жатқанынан оянып кетем. Бірақ не деп жұбатарымды білмеймін. Есейіп қалған мен анамды жылатқаны үшін әкемді ұрғым да келетін. Бірақ «жынды болса әкеңді байлап бақ» дегенді естіп өскен мен онымның дұрыс еместігін де білем. Бірақ, бірақ... Сосын ойға кетем, кейін үйленген соң әйелімді ешуақытта да олай жылатпаймын деп тас түйін бекінем. Әкеме деген арақатынасымыз да суынған. Осылай жалғаса берер ме еді, бір күні әкемнің әйелі атануға талпынып жүрген әлгі әйел әкемнің жиған бар қаражатын бір тиынын қалдырмай үптеп кетіпті. Тәртіп сақшыларына хабарлағанмен олардан қайран болмады. Жердің тесігіне түсіп жоғалғандай әлгі әйел сол күйі зым-зия болды. Бар жиған тергенінен бір күнде айырылып қалған әкеме жаным ашыған жоқ. Анамның көз жасы ұрған шығар дедім...

Арада жылдар жылжып өз арнасымен ағып жатты. Бұл жағдай ұмытыла да бастаған. Әкемнің қайраты қайта бастаған уақ, бұрынғыдай емес, қаһарымен бір үйді жасқайтын. Оның үстіне бізге сатқындық жасағаны үшін де әкемді кешіргім келмейтін бір сызат тұратын үнемі. Әкем де соны сезеді-ау деймін бізге көбінше үндемеуге тырысатын. Тақырға отырып қалғаннан кейін тырбаңдап тірлік қылып біраз қаржының басын құрап үлкен ағамды үйлендірді. Жеңгеміз жаман емес, үйімізге тез сіңісіп кетті. Тойы мен құдалығын қатар өткізбек болып шешілген еді. Қызықты қарасаңызшы, құдалыққа келгендердің қатарында баяғы әкемді сазға отырғызып кеткен тәтейіміз жүр. Ұяттан өртенейін деп жүрген ол жоқ. Түк болмағандай бидің түбін түсіріп жүр. Ол емес, біз ұялдық. Тәртіп сақшалары итпен іздеп таба алмаған алаяқты Тәңірім өзі алдымызға айдап келгендей болды. Сөйтсек құдағиымыздың сіңлісі болып шықты. Әкем тілін тістеуге мәжбүр. Анамды жастыққа жасын шылатқан арам әйелді шапалақпен салып қалсам ба деп мен жүрмін. Бірақ қайдан, өз қолыңды өзің кесе аласың ба, ағам мен жеңгем үшін бәрін де кешіруге мәжбүрміз ғой. Амал не? Әкеме бала-шағасын, әйелін жылатқаны үшін Тәңірімнің берген сыйы шығар бұл деп қабылдадым... Әкем жүр бүгінде тілін тістеп келінінің бетіне қарай алмай. Әу баста ойлануы керек еді-ау, ә?..

Аманғали, Сарыағаш
alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста