Әкем де, өмір де бізді аямады...
Менің атым Асқар жасым 19 да кішкентай күнімнен қиындықты көріп өстім. Үйдің кішісі болсамда еркелеуді білмедім. Әкем алқаш болатын, ертелі кеш ішуден қолы босамайтын. Ішіп қана қоймай бізге тыныштық бермейтін, қарсы келсек бізді аямай ұратын.
Үйде екі баламыз. Өзімнен екі жас үлкен әпкем бар.
Анамның жүрегі ауыратын. Бір күні әкем әдеттегідей үйге мас болып келді. Біз теледидар көріп отырғанбыз, әкем үйге кіре салысымен анама "тамақ дайынба" деп айғай салды. Анам дереу тамағын дайындап берді. Ол тамақ жеп отырып бізге арақ әкеліңдер деді. Анам "үйде ақша жоққой тамақты әзер алып ішіп отырмыз" деп еді, әкем сен қатында ақша қашан болады, осы өтірік айтқанды қашан доғарасың деп оны ұра бастады. Біз жылап жүріп араша түсіп едік итеріп тастады. Анамды қатты аямай ұрғаны соншалық ол есін жия алмай ауруханаға түсіп көз жұмды.
Анамыздың өлімі ауыр соққы болып тиді. Әкем қатты өкінді. Бізден жалынып жалбарынып кешірім сұрады. Кешірім сұрағаннан не пайда анамыз қайтып келмегесін.
Әкемді сот 10 жылға түрмеге қамауға үкім шығарды. Оны алып кеткеннен соң бізді балалар үйіне жіберді.
Біз балалар үйіне келген соң үйренісіп кету оңай болған жоқ. Бөтен жер танымайтын балалар, апайлар. Кейде анамды-әкемді, достарымды сағынып жылап алатынмын.
Ең бастысы әпкем жанымда болды соған шүкіршілік ететінмін. Солай балалық шағымыз балалар үйінде өтті. Әпкем 18 жасқа толған соң оны үкімет жоғары оқу орнына түсірді.
Екі жыл өткен соң менде әпкем оқып жатқан оқу орнына түстім. Бақытты болмасақта, осыған қуанышты едік.
Содан не керек жаңадан достарым пайда бола бастады, бала кезімнен сабақты ерекше ынтамен оқитынмын, сол себептен барлық сабақтан 5 болды.
Өміріме риза едім. Бір күні сабақтан шығып жатақанаға қайтып келе жатқам алдымнан төрт бала шығып менен қалтамдағы ақша мен телефонымды шығаруды талап етті мен бермейтінімді айттым олар мені ұрып соғып ақшам мен телефонымды тартып алды. Менде ақша қайдан болды дейсіздер ғой сабақтан соң мейрамхана да даяшы болып жұмыс жасайтынмын, тапқан ақшамды керек жарағыма киімге жаратытынмын, әпкеме де көмектесіп тұратын едім. Сол ақшаны тартып алды. Бұнымен өмір тоқтасын ба?
Үш күннен соң әпкем маған келіп өзінің сүйетін жігіті бар екенін сонымен таныстырғысы келетінін айтты. Ішімнен жақсы жігіт болса екен деп тіледім. Ол мені жігітімен таныстырмақшы болып мені кафеге шақырды. Содан не керек бардым кафеге, жігітімен таныстым, жаман жігіт емес сияқты болып көрінді маған. Әңгіме айтып кешке дейін отырдық.
Өмірде бір жамандықтың артынан жақсылық болатынына сендім. Әпкемнің бақытын тапқанына қуандым. Бірақ бұл қуанышымда ұзаққа созылған жоқ. Бір айдан кейін әпкемнің жылап отырғанын көріп қасына барып не болғанын сұрадым. Ол аяғы ауыр екенін, жігітінің ата-анасы қабылдамайтынын, жігітінің хабарласпай кеткенін айтып жылады. Менде қатты қиналдым, әпкем үшін уайымдай бастадым. Әпкемнен енді не істейсің деп сұрадым. Ол "іштегі нәрестенің кінәсі жоқ мен оны қалайда дүниеге әкелемін" деді. Менде амалсыз келістім.
Содан не керек тоғыз ай өтіп әпкемнің толғағы басталды. Оны операция бөлмесіне алып кетті, мен әпкем мен сәби аман болса екен деп жаратқанға сыйындым.
Сөйтіп тұрғанымда дәрігер шығып сәбидің аман есен екенін, ал анасының толғақ үстінде көз жұмғанын айтты. Бұл жағдай мені есеңгіретіп жіберді дәрігерден әпкемді алып шығыңыз ол тірі осы күнге дейін оның осыншама қиыншылыққа шыдап келіп бұлай беріле салуы мүмкін емес деп көз жасыма ерік бердім. Дәрігер бекем болыңыз деп кете барды.
Содан бері бірталай уақыт өтті. Менің сабақ үлгерімім нашарлай бастады, өзім қатты жүдеп кеттім.
Құдайдың өзі беріп өзі алатыны рас екен. Тірі адам тіршілігін жасау керек. Өмір мұнымен тоқтап қалмайды деген ойға келдім.
Ендігі бар мақсатым оқуымды аяқтап, өз теңімді тауып, тұрмысқа шығып, балалар үйіндегі жиенімді асырап алу.
Жақында әкем түрмеден шығыпты. Өз істеген ісіне өкініп, намаз оқып, жұмыс жасап жүрген көрінеді. Сол әкемді кешіріп, жаныма алсам деймін. Ендігі арманым осы.