Әйелімнің төсекте салқындығынан шаршадым

Әйелімнің төсекте салқындығынан шаршадым

Көрші пәтерден тағы айқай-шу шықты. Тыңдап жатырмын, еркектің дауысынан әйелдің дауысы қаттырақ шығады. Бірін-бірі боқтаған еркек пен әйелдің дауысы подъезді алып барады.

Шыдай алмадым. Барып есіктерін қақтым. Өйткені бұл отбасыны танимын. Мұнда көшіп келгендеріне көп бола қойған жоқ.
Күйеуінің аты – Шалқар, әйелінің аты – Ақмарал. Екі баласы бар. Шалқар таксист. Таң атпай жаман «Нексиясына» мініп, қоқайып кетіп бара жатады. Кешке келе жатады. Ақмарал былайша айтқанда «домахозайка» сияқты екі баланы қарап аулада жүргені. Байқаймын, жиі ұрысады.

Ондай жанжал туған кезде Шалқар қашып біздің үйге келеді. Темекі сұрап тартады. Оны-мұны айтып, мыжып отырғаны. Әйелінің ашуы басылды-ау дегенде ғана үйіне барады.
Бірақ бүгінгі дау бұрынғыдан бөлек сияқты. Содан кейін ғой, шыдай алмай есіктерін қаққаным. Есікті Ақмарал ашты. Бұрқылдап сөйлеп жүр. 

«Сүмелек, мені жезөкше көреді екенсің ғой. Төсекте әйт-бүйт дегендеріңді көшеде танысқан салдақыларыңа айт. Соларға бар. Бұ несі-ей, төсекте маған алай жаса, былай жаса дейді. О, сорлы, белің дұрыс жұмыс істемесе, мен кінәлімін бе? Мына бір кітапты алып келіпті, оқы, үйрен дейді. Жасым отыз беске келгенде секс-кітап оқып, позаларды үйрену қалыпты, маған. Өй бейшара, оданlа ақша табудың жолын қарастырсашы», деп бір кітапты ашылған есіктен подъезге лақтырып жіберді.

«Жүр, бауырым. Келінің ашуы басылғанша біздің үйде отыра тұрайық», деп Шалқарды үйге шақырдым. Еңкейіп жерде жатқан кітапты алдым. Кітаптың аты «Төсек ләззаты» деп аталады екен. Күліп жібердім.

Себебі, Шалқар «әйелім қанағаттандырмайды. Төсекте кескен томардай жатады да қояды. Өтірік болса да жыныстық қатынас кезінде ыңырсып, құшақтап, аймаласуды білмейді», деп жақында ғана сыра ішіп отырып, бар сырын ақтарып салған. Шамасы, мына кітапты тауып әкеліп, әйеліне оқытпақ болған сияқты. Дау содан шықса керек.

Шалқар екеуміз аулаға шығып, темекі тұтаттық.

«Өткенде айтып едім ғой. Төсекте әйеліме қанағаттанбаймын деп. Әйтейік-бүйтейік десем, «оны қайдан білесің. Біреумен жатып жүрген секілдісің ғой», деп тап береді. Жаңа естідіңіз ғой. Мен жезөкше емеспін дейді. Мына бір кітапты таныстарымның үйінен алып келіп, осыны оқышы, бәлкім, төсектегі қарым-қатынасымыз түзелетін шығар десем, шу шығарды», деп Шалқан нали сөйледі.

«Білмеймін не істерімді. Расында, жезөкшелерге барып, құмарымды анда-санда тарқатып тұрсам ба екен. Әлде төсектің қыр-сырын жетік білетін бір көңілдес ұстау керек пе? Бұлай жүре беруге болмас», деді тағы ол.

Үндеген жоқпын. Өзге отбасының жыныстық қарым-қатынасы жайында не айтуға болады? Білмедім. Тек Шалқар белгілеп қойған кітаптың беттерін парақтап, көз жүгірттім. Мынадай жолдарды оқыдым.

«Кез-келген әйел өз ер азаматын жүрегімен барынша сүйетін болса, ол оны жыныстық тұрғыдан да бақытты ете алуға тырысуы тиіс. Өйткені өмір бір бағытта жүретін көше емес. Бұл екеуара келісіп, жыныстық өмірді қызықты да тартымды етудің жолдары.

Жыныстық қатынасты сәтті аяқтай алмаған еркекке «сен еркек емессің» дегеннен ауыр сөз жоқ. Бұл ер-азаматтың сізге енді қайтып бар ынтасын салып жыныстық қатынасқа баруына кедергі болады да тұрады. Мұндай қателіктен аулақ болғандарыңыз абзал. Тіпті мұндай балағаттаулар мен басқа да жыныстық қатынасқа кері пікірлер бірте-бірте жігітті белсіздікке әкеледі. Сондықтан жыныстық қатынастың өте нәзік психологиясы бізден бір-біріміздің көңілдерімізге кірбің түсірмейтіндей іс-әрекет етуді талап етеді».

«Адамдар арасындағы сексуалдық сауатсыздық, төсек ләззатындағы мәдениетсіздік қауышудың кейбір жақтары «таза емес» деген ойды көкейімізге ұялатқан. Ол жөнінде жұбайлар арасында ашық айтып, пікір алысу «бұл тәсілді, немесе әдетті кімнен көріп, үйреніп жүрсің?!» деген күдікті сауалдың тууынан қашқандықтан жиі бола бермейтіні рас. Олар өздерінің жыныстық талап-тілектері жөнінде бір-біріне айтудан тіпті қорқады да. Өйткені бірін-бірі кінәлап, тіпті ара қатынастары бұзылуы мүмкін деп ойлайды.

Бір-біріңізге төсек ләззатында көмектесуге тырысыңыздар, себебі төсек ләззатына құлаш ұру – екеудің тірлігі. Сондықтан тек қана еркек немесе әйел осы істі басынан аяғына дейін атқарып шығуы керек деп ойлау – тым қате. Сіздер бір-біріңізді қанаттандырып, құштарлықтарыңызды қоздырып, бірге қанағат табуға, құшырларыңызды қандыруға тиістісіздер…»

«Сіздің еріңіздің сізге төсек тоятын сыйлай алмауының бірнеше себептері болуы мүмкін. Мүмкін, бұл оның кінәсінен немесе екеуіңіздің де кінәңізден болуы мүмкін. Бірақ қалай дегенде де сіз ғана бұл жағдайға ықпал ете аласыз. Әйелдің «кескен томардай» серейіп жатпай, еркектің қимылдарына өзі де жауап беріп, оның аспабына қарсы өзінің асыл тұңғиығын тосып, қарсы қимылдармен көмектескені жөн. Кейбір әйелдер аяқтарын көсілтіп, өзінің кәусар бұлағына еркек ұлы мүшесін бойлата кіргізсе болды деп ойлайды. Қайталап айтамын, бөкселеріңізбен адуынды жұмыс істеп, еркектің аспабына өзіңіздің асыл тұңғиығыңызды тоса қимылдауыңыз қажет. Егер де әйел мұндай қимылдарды ұят санаса, қимылдамастан төсекте тыныш жатса, онда жыныстық қауышудың әншейін жұбайлық борыш ретінде ғана болғаны. Және ерте ме, кеш пе, еріңіздің сізбен жасалатын қауышудан тоят ала алмағандықтан, басқа жерден ләззат іздеуіне сара жолды салып беруіңіз мүмкін, тіпті ол өзге әйелге кетіп қалуы да ықтимал. Сондықтан төсекте тоят алу шеберлігін меңгере білу – ер адамның сүйіспеншілігін еселеп арттырып, оны өз жаныңызда ұстаудың бірден-бір көзі болып табылады. Сол себепті көрпе асты ойынын өзгертіп, өзіңіздің жұбайыңызды құшақтап, аяқтарыңызды айқастырып оның ырғағына қарай қимылдасаңыз, жаныңыз жай тауып, керемет ләззаттанып, рақат шыңының ұшар басына шығасыз».

«Төсек лаззаты» осылай дейді.

Мұндай дәлелді дүниеге ешкім дау айта қоймас. Қажет кітап. Расында, қуаты сыртқа теуіп тұрған еркектердің жарынан немесе сүйгенінен неге теріс айналып, өзгеге ынтық болатыны, түсінікті болды.

Әйелдің кінәсі. Егер де әйел төсекте күйеуінің ыңғайына жығылып, оның ләззат алуына, өзінің де ләззат алуына жағдай жасаса, ешқандай еркектің бөтен қатынға бармасы анық.

Сіз не дейсіз? Сіз әйеліңізден ләззат аласыз ба? Сіздер ше, әйелдер қауымы, күйеуіңізді төсекте риза етуге даярсыздар ма?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста