Әйеліме жасағаным қарындасымның алдына келді

Әйеліме жасағаным қарындасымның алдына келді

Сәлеметсіздер ме?! Өзімнің басымнан өткенімді айтқым келіп, хат жазуға бекіндім. Барлығына өзім кінәлімін. Соңымнан ерген жалғыз қарындасымның басынан кешіп жатқан жағдайға өзімді кінәлаймын.

 

Мақпал деген жалғыз қарындасым тұрмыста, тәп-тәтті егіз қыздары бар. Өзін ерекше жақсы көремін. Мен үйдің үлкенімін. Менен кейін туған екі бауырым қырық күнге жетпей шетінеп кеткен. Мақпал әке-шешем тәуіп, балгер, емші әжейлерге барып, сұрап алған бала. Ол туылғанда мен 10 жаста едім. Бала кезде оны ренжіткендерді аямайтын едім. Енді оған көмектесе алмай отырмын. Себебі, Мақпалға күйеу балам Болат күн бермейді. Екі бөлмелі үйдің бір бөлмесінде қыздарды ертіп әкеліп, ойына келгенін істейді екен. Мақпал «кетем» десе, «кете бер» деп қарап отырады. Мақпалды үйімізге әкелсек, 2-3 күн өтпей күйеубалам келіп, алып кетеді. Ажырасуға да ол келісім бермейді. 27-ге келген Мақпалдың бар жастық кезі жылаумен өтіп жатқанына мен кінәлімін.

 

Өзім 23-ке келгенде көрші ауылдағы Назерке деген қызға үйлендім. Назерке 14-ке келгенде анасы қайтып, ол өгей әкесінің қолында өскен қыз. Өмірдің қыр-сырын таныған. Екі ұл туып берді, кәрі әжеме, ата-анама дұрыс қарайды.

 

Осыдан он жыл бұрын семьяны асырау үшін Алматыға келдім. Орталық базардағы жиһаз дүкеніне күзетші болып орналастым. Базардағы жігіттермен пәтер жалдап тұрдық. Арамыздағы кей жігіттер мен сықылды семья асырау үшін ауылдан келген. Қалғаны бойдақтар. Бастапқыда табысым жаман болмады, ай сайын үйге ақша салып тұрдым. Кейін шатақ шығара бастадым. Пәтердегі жігіттермен араққа жақын болып, қыздарға баруды шығардық. Базардағы біраз қыздармен сауық құрдым. Үйге де ақшаны аз жіберетін болдым. Мазаламасын деп телефонымның номерін жиі ауыстыратынмын.

 

Күндердің күнінде менің хабарсыз кеткеніме уайымдаған әйелім мен мамам мені іздеп қалаға келген. Базардағылардан сұрап, мен жатқан пәтерге келген. Мен араққа тойып алғанмын, олардың келгенінен хабарым жоқ. Сол күні жанымыздағы Асхаттың туған күні болып, тойлап жатқанбыз. Музыканы шығарып, қыздармен билеп жатқанда үйге Назерке мен мамам келеді. Жігіттер де мас, оларды туған күнге келген қонақтар деп үйге кіргізген. Үйге кірген соң, менің басқа қызбен екенімді олар көрген. Назерке сонда ештеңе деместен есіктен шығып кеткен. Мамам мені сабама түсірмекші болған, оны тыңдаған кім бар дейсің. Ол да кете барған.

 

Кейін білгенімдей Назерке мен мамам пойызға мініп ауылға кеткен. Мамам «ажырасып кетеміз» деп қорыққан болу керек, мені жақтағандай болып, Назеркеге ақылын айтқан көрінеді. Жол бойы Назерке жылап, үндемей келген. Ауылға келген бойда мамам папама барып, мән-жайды айтқан. «Балаңыз менімен ажырасам десе, ажырассын. Көзіме шөп салған адам маған дұрыс күйеу болмайды» деген екен. Сонда әжем, ата-анам, Мақпал жан-жақтан қоя қой дегенде ол: «Жарайды, сіздер мен мына екі бала үшін қаламын. Тек бір шартым бар, біз енді бөлек бөлмеде тұратын боламыз. Қызды болуды, үлкен үйлі болуды армандаушы едім, енді ол арманыма жетуді ойламаймын. Өзім де жетім өстім, қазір ажырассам, барар жерім жоқ. Осы үйдің келіні болсам да, Мақсаттың әйелі болмаймын» депті. Оған біздікілер көнген.

 

Ертесі күні телефоныма Мақпал хабарласты. «Мақсат көке, денсаулығым болмай жүр, өткенде велосипедтен құлап қалып едім, аяғым басқызбайды, ауылға келші» дегенде бар жұмысымды тастап, ауылға жеттім. Мақпал осылай мені алдап шақырып алды. Үйге кірген бойда әкем қамшымен бетінен салып жіберді. «Алматыға жұмысқа емес, қызға кетіпсің ғой, анау екеуін ойламайсың ба?!» деп біраз әңгіме айтты. Сонда мән-жайды түсіндім. Назеркеден кешірім сұрадым. Назерке: «Әжем мен папаның сөзінен аттамаймын. Заңды түрде ажыраспасақ та, сенімен бірге тұрмаймын. Бірақ, екеуміз енді күйеу мен әйел емеспіз, балаларыммен бөлек бөлмеде тұрамын. Маған қайта қосылуды да ойлама» деп қайырды. Папам оны қолдады. Әрине, олардың барлығына да менің тірлігім ұнамады, жандарына батты.

 

Міне содан бері 7 жыл өтті. Мен ауылда қалдым, мектепте күзетшімін. Бір шаңырақ астында демесек, Назерке екеуміз екі бөлек тұрамыз. Мақпал 4 жыл бұрын менің класстасымның інісіне күйеуге шығып еді. Екі жыл уақыт болды күйеубалам тыныштық бермейді. Басында ауыл көшелерінде мас болып жүруші еді, енді қыздарға барып, аз болғандай, қыздарды үйге әкеп жүр. Қарындасымның бұл күйге жеткеніне қатты налимын. Әйеліме жасағаным жалғыз қарындасымның алдына келді. Құдалардың үйіне барып, талай айттық. Қайта-қайта кешірім сұрағаннан басқа қолдарынан келері жоқ.

 

Кеше Мақпал мен Назеркенің әңгімесін естіп қалдым. «Жеңгей, не істесем болады?! Жылап та, жалынып та сұрадым. Өз дегенін істеп жатыр. Қыздарым 3-ке де толмаған ғой. Мына сұмдықтың барлығын көріп өссе олар ертең қандай болады?! Мен сондай шаршап кеттім. Мақсаттың қылығы анау. Бүкіл ауылға кезінде бізді ұят қылды. Болатқа қой дейтін жайы да жоқ. Елге қарауға бет жоқ. Екі баламды аяймын, әйтпесе, өлгім келеді» деп жылап қоя берді.

Назерке: «Түсінемін сені. Маған да оңай емес. Екі ұлым өсіп қалды. Мектепте оларды мазақ етеді. Мақсатты кешіре алмаймын. Оны көрген сайын сол қызбен төсекте жатқаны ойыма келеді. Үлкендер сөзі болмаса, мен де басқа жаққа кетер едім. Бәлкім, екеуміз балаларымызды алып қалаға кетерміз?! Пол жуып, көше сыпырсақ та күнімізді көрерміз» деді.

 

Түні бойы ұйықтай алмай ойландым. Әйелім мен екі ұлыма жағдай жасай алмай, жалғыз қарындасыма қорған бола алмай жүрген мен несіне еркек болып жүрмін?! Екеуінің көз жасына қалдым. Сүйіп қосылған әйеліме опасыздық жасадым. Кесірім жалғыз қарындасыма тиді. Өзімді сол үшін жек көремін.

 

 

Мақсат, Шығыс Қазақстан облысынан

alashainasy.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста