Әйеліме сеніп, анамды қарттар үйіне өткіздім...

Әйеліме сеніп, анамды қарттар үйіне өткіздім...

"Алаш айнасы" интернет-порталын қолданушылар! Сіздерге хат жолдап отырған түн ұйқысын төрт бөліп аялаған анасын кәрілер үйіне өткізген безбүйрек ұл, өткеніне өкінген бейбақ жан. Менің жазбамды оқып мені табалайтындарыңызды да білемін. Не деп айтсаңыздар да орынды екенін ұғамын...

Мен ата-анамның жалғыз баласы едім. Анам маған дейін үш құрсақ көтеріпті, өкінішке орай үшеуі де шетінеп кетіпті. Әкем менің он сегіз жасымда өмірден өтті. Бір жамандықты сезді ме, өмірден өтерінде анамды қатты тапсырған еді. Осылайша әкемді қара жерге тапсырып, анам екеуміз тірлігімізді жасап, ауылда тұрып жаттық. Анам зейнетақы алады. Мен біраз мал асырап арасында ауылда елдің құрылыс жұмыстарына болысып күнімізді көрдік. Тұрмысымыз жаман болмады. Әйелім - Гүлшатпен Қостанай қаласынан біздің ауылға қатынайтын тас жолдағы бір кафеде даяшы болып жүргенде таныстық. Үйленетінімді анама айтып едім, қуаныштан жүрегі жарыла жаздады десем артық айтпаспын. Сүйіктім ата-анасы ерте қайтыс болған жетім қыз екен. Жалғыз туған әпкесі бар. Отбасымен Астана қаласында тұрады.
Осылайша ауылда тұрып жаттық. Басында бәрі керемет еді. Дүниеге екі баламыз келді. Анам екі немересінің қызықтарын тамашалап күндерінің қалай өткенін байқаймайды. Гүлшат ауылдағы дүкенде сатушы. Таңертен кетеді, кешке келеді. Қолымнан құрылыс жұмыстарының барлығы келеді. Ауылда құрылыс жұмыстарына деген тапсырыс күннен-күнге көбейе берді.
Бір күні Гүлшат аяқ астынан Астанаға көшелік деген әңгіменің шетін шығара бастады. Әпкесінің айтуы бойынша "мен сияқты құрылыстың қыр-сырын білетін жігітке Астанада жұмыс көп. Астана - нағыз ақшаның ортасы". Басында мән беремесем де кейіннен ойлана бастадым. Балаларымның болашағы - Астана, қазір елордада құрылыстың қызып жатқан уақыты. Қашанғы ауылда осылай елге жалданып жүрмекпін. Мүмкін көп ақша тауып, өзіме бір СТО ашып алсам деген ой да келді.
Ойымызды анамызға жеткіздік. Ана қашанда баласын қолдаған, әрине келісімін берді. Барлық қолдағы малдарды сатып, екі баланы өзімізбен алып Астанаға жол тарттық. Алдын ала келіскен жоспарымыз бойынша анамызды жұмысқа орналасып, пәтер тауып алған соң алып кетпекпіз. Гүлшаттың айтуымен балалар анамыздың мазасын алатындықтан, өзімізбен бірге ала кеткеніміз дұрыс деп шештік. Анамызды ауылдағы туысқандарымызға тапсырып, өзіміз Астанада тұрып жаттық. Басында Гүлшаттың әпкесінің үйінде тұрдық. Кейіннен екі бөлмелі времянкаға шықтық. Отты өзіміз жағамыз. Үйдің кем-кетігін жөндеп, реттеп алдық. Мен құрылыста, Гүлшат базарда жеміс-жидек сатады. Екі балаға көрші Зина жеңгей қарайды. Әрине, ақшасын төлеп тұрамыз. Осылайша тірліктің қамымен жарты жыл өтіп кетіпті. Гүлшат банктен таныс тауып, бір бөлмелі пәтерге тапсырыс бергенін айтты. Ол үшін де ақша керек. Гүлшаттың ойына бірден ауылдағы үй түсті. Әкемнің қара шаңырағын қимай тұрсам да анамды қасымызға алатынымыз есіме түсіп, келісім бердім.
Ауылға барып үйді сатып, анамды Астанаға алып келдім. Өз қолыммен әдемілеп салғандықтан, үйіміз еш қиындықсыз қолма-қол ақшаға тез өтті. Осылайша бесеуміз времянкада тұрып жаттық. Гүлшаттың әне-міне болатын үйін біраз күту керек сияқты. Бір күні Гүлшат "времянканың өзіне ақша кетіп жатыр, уақытша әпкемнің қолына барамыз" - деп шешті. Әпкесінің үйі екі бөлмелі. Сол кезде мені қара басып, Гүлшаттың сөзіне сеніп, қалай ғана анамды қарттар үйіне беруге келіскенімді ұқпаймын. Гүлшаттың айтуынша "біз жаңа үйге қол жеткізгенше, анам кәрілер үйінде тұра тұрады. Тамағы тоқ, жылы орын, таза төсек". Ойымызды анама жеткіздік, қайран анам еш қарсылық білдірместен, "балам, сендердің жағдайларыңды түсінемін, не айтсаңдар да құп" деп кете барды. Сөйтіп, қарттар үйіне барып анамды өз қолыммен тапсырдым. Аптасына бір рет анама барып тұрдым. Мені көрген сайын байғұс анам жадырап қарсы алатын. Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Еш уақытта мұңайғанын көрсеткен емес. Немерелерін сұрап, қолында барын балаларыма беріп жіберетін. Қасындағыларға мәз болып, менің келгенімді мақтан тұтып айтып жататын еді.
Біз үйді алдық. Қалған қаражатты аз-кем несиемен төлейміз. Ара-тұра әкем түсіме енеді. Әйелімнің болашақ жоспарында анамды үйге әкелетін ойы жоқ. Әңгіменің бәрі осыдан басталды. "Анаң жағдайы жаман емес көрінеді, үйреніп қалды, сол жерде тұра берсін", - деп қояды. Менің Гүлшаттан көңілім қалып, сөзіне сеніп қалғаныма өкініп, құсадан ішуді бастадым. Осылайша үйге келіп шу шығарамын. Талай рет Гүлшат мені өз қолымен тәртіп сақшыларына ұстатып жіберді. Жұмыстан да қуылдым. Бір күні Гүлшат мені үйден де қуып шықты. Барар жер, басар тау қалмаған соң мен құрылыс басында қонып жүрдім. Арақ ішуді де доғардым. Анама барып тұрамын, бірақ отбасындағы жағдайдың бірін де айтпадым. Бағыма орай жұмыс берушім ниеті таза, намаз оқитын Ғабит есімді мұсылман жан екен. Менің жұмысқа ұқыптылығым ұнаса керек, мені бригадир етіп тағайындады. Өзінің жеке жатақханасынан бір бөлме де берді. Жағдайым түзеле бастаған соң, қарттар үйіне барып анамды қолыма қайтып алдым. Аяғына жығылып кешірім де сұрадым. Ана жүрегі қашанда кешірімді ғой, шіркін! Өкіріп жылаған мені көріп, көзіне жас алып басымды көтеріп, еңсемді түзеді. Анамыз екеуіміз екі жыл бірге тұрдық. Жылы үйде телесериалын көріп, тамағын істеп кешке жылы қабақпен мені қарсы алады. Анамды көрген сайын есіме жасаған опасыздығым түсіп, ұялып кетемін. Күндердің күнінде анам қайтыс болды. О, дүниеге кетер алдында маған батасын беріп, көңілімді жұбатты. Қайтыс болған анамның бар жабдығына ағамдай болып кеткен Ғабит болысты. Туған әйелден көрмеген жақсылықты осы Ғабиттен көрдім. Анамның жылы өткен соң Ғабиттің ақылымен бар қаражатымды жинап, жетпегенін Ғабиттен алып СТО аштым. Ақырындап ісім жүре бастады. Енді жаңа өмір бастайын деп үйленуді ойладым. Өзімнен бес жас кіші Жанат есімді қызбен танысып, отбасын құрмақ ниетпен ЗАГС-ке арыз бердім. Жанат менің бұрынғы өмірімнен хабардар еді.
Бір күні менің жағдайымның оңалғанын және үйленетінімді естіп жатақханаға Гүлшат келіп тұр:
- Қайтадан қосылайық, мені ойламасаң да екі балаңды ойла! - деді.
- Екі баламды ойлаймын, бірақ айласын асырып, туған анамның алдында жер еткен, ананы сыйламаған безбүйрек әйелмен бір күнде де тұра алмаймын! - деп бірден шорт кестім.
Осылайша, ақылсыз әйелге ерем деп туған анамнан бас тартқан ақымақ адамның бірі менмін. Әр жұма сайын ата-анама дұға етіп, Алладан кешірім сұрап жүрген жайым бар. Бойымды өртейтін ұят пен өкініш жіберер емес. Қазақтың ата-әжесі қарттар үйі дегенді білмей өтсе екен деп армандаймын, қарттар үйі - қазаққа жат! Менің жазбамды оқыған соң ақымақтықпен ата-анасын кәрілер үйіне өткізген жандар болса, ойланар әлі де кеш емес, бауырлар! Кәрілер үйінде жаутаңдап жас баладай қайғы жұтып жүрген жандардың арманы - балаларының қасында қартайып, өмірінің соңына дейін қасында болу екенін ұмытпайықшы... Ата-анасынан безгендер, оңбай қателескендер! Алла оларды түзу жолға салсын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста