Баршаңызға, сәлем! Оқырмандардың ақыл, кеңесін білсем деп едім... Мен ер азаматпын. Жасым 31-де. Әне-міне деп 30 жасқа дейін бойдақ болып жүріп, былтыр өзіммен жасты қызға құда түсіп. 1 айдан кейін жүкті болғанын біліп, қуандым. Алайда сол жүктіліктен бастап арамыз суый бастады.
Заңды некеге тұрғысы келмеді. Әр нәрсені сылтау етіп, менен барынша бойын аулақ ұстауға тырысты. Ешқашан қол көтеріп, ауыр сөз айтпағам.Солай 6 ай тұрғасын, еш себепсіз жиналып, төркініне кетіп қалды. Сол жақта босанып, Алланың қалауымен ұлды болдық. Босанғанда әуелі өзім, кейін әке-шешем барып кері қайтуын өтініп едік, көнбеді. 7 ай болды бөлек тұрып жатқанымызға. Қандай ақыл, кеңес бере аласыздар. Тағдырға бойсынып, жаңа өмір бастағым-ақ келеді... Алайда баламды қимаймын. P.S. Бұл жағдайға енесі кінәлі шығар немесе ақша таппай үйде жатқан шығарсың дейтіндерге: біз жеке, басқа қалада тұрдық. Табысым да жаман емес.
Аноним