"Әйелі ерінен бір саты төмен тұратын отбасында береке болады": Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ғалым әйел ролі туралы

 Отбасы құндылығын дәріптеп, зерттеп жүрген ғалым Жанар Сейсенбаева қазір білген-түйгенімен жастармен бөлісіп жүр. Айтуынша, жанұядағы берекенің қашуына көп жағдайда әйел себепші. Stan.kz редакциясына берген сұхбатында ол отбасы құндылығы, жастардың ажырасу себептері, әйелдің отбасындағы рөлі және күйеуі әйелінің көзіне шөп салса не істеу керектігі туралы айтып берді.

Халыққа отбасы құндылығын арттыратын дүниелер қажет екенін түсіндім

Қазіргі уақытта "Отбасы құндылығы" аталатын парақша жүргіземін. Оны ашуға менің университеттегі ғылыми жұмысым себеп болған, ұлттық тәрбиені білім беру процесіне ендіру мәселесі қозғалды. Осы бағытта 2009 жылдан бері ғылыми жұмыстар жүргіздім. Халыққа отбасы құндылығын арттыратын дүниелердің қажет екенін түсіндім, себебі ұрпаққа ұлтымыздың тәрбиесі кейінге ысырылып жатқан сияқтанды. Өзімді керемет данамын деп есептемеймін, бірақ Instagram қарайтын өзімнен кейінгі жастарға білгеніммен бөліскім келді.

Сондай, ақ, балаларыма өзімнен кейін қалатын ойларымды жазып жүрген күнделігімді кітап етіп шығардым. Халыққа титтей болсын көмегім тисін деп "Бақытты отбасы болудың құпиясы" атты кітабым 2017 жылы жарық көрді.

 

Жолдасым "Сен болмасаң үй күңгірт тартып тұрады" дейді

Отбасы деген "оттың басы", ал от - "шырақ", "жарық", "береке" дегенді білдіреді. Ал құндылық "құнды" деген сөзден шығып отыр. Бұл дегеніміз отбасының құнын білу дегенге сайып келеді. Отбасыны қадірлеп, қастерлеу керек, сонда оның қасиеті арта түседі. Отбасының берекесін келтіре алмай жүргендер қаншама, оның себебі - олардың отбасын қадірлемейтінінде.

Отбасының құндылығын арттыратын бірден-бір нәрсе - үйдегі сыйластық, әйелдің күйеуіне, күйеуінің әйеліне деген қамқорлығы, ата-енеге, олардың сізге деген сыйластығы.

Ер адам сырттан үйіне асығып келетін болса, ол үйде бақыт бар деген сөз. Кейде жолдасым маған "Сен болмасаң үй күңгірт тартып тұрады" дейді. Мұның өзі арадағы сыйластықты білдіреді, бірақ бұл бірден бола салатын дүние емес.

Мысалы, бала кезде анамыз үйде болмаса, тамақтың дәмі кірмей, біртүрлі береке жоқ болып тұратын. Демек үйдегі береке әйелде деп түсінемін.

 

Ең бірінші сен - әйелсің

"Мен" дегенді екітүрлі қарауға болады. Оны көкіректі көтеріп, интонациямен айтуға болады. Әйел өзіне қарамай, көңіл бөлмейтін болса, өзіне деген сенімділігін жоғалтса, арттырмаса, өзіне көңілі толмаса, ол айналасына көңілін бөле алмайды. "Мен ғана істимін", "менің ғана сөзім заң", "мен ғана білем" деген бөлек әңгіме. Әйел адам өзінің әйел екенін ұмытпау керек. Мысалы, қазір табыс табатын, қызметте отырған әйел көп.

Қыз бала боп дүниеге келген негізгі функциямыз тұрмыс құрып, баланы дүниеге алып келу. Соған сай әйелдік образымызды жалғасыруымыз керек. Мейлі сен қызмет істе, табыс тап, ең бірінші сен - әйелсің. Егер сен өз отбасыңда бақыт шамын жаға алсаң, қоғамға да пайдаңды келтіре аласың. Жұмыс істесең де, ол отбасыңа кедергі келтірмеуі керек.

"Мен" деген эгоизмдік мен емес. Бұл - әйелдік қасиет, болмысты жоғалтпау дегенді білдіреді. Әйел адам эмоцияға берілгіш, көңілі тез құлазып қалуы мүмкін. Осындай сәттерде энергия көздері жабылып қалады екен. Бұл энергия жабық болса, ол сыртқа шықпайды.

 

Нәзіктікті дамыту үшін энергия көздерін ашу керек

Нәзіктік қызға ана құрсағында жатқаннан беріледі. Бұл табиғаттан берілген қасиет. Еркекшора қыздың өзінде де нәзіктік болады.

Сөйлеген сөзі, киген киімі барлығы осы нәзіктікті көрсетеді. Ал бұл еркеліктен дамиды. Әкесі, інісі, ағасы қызды еркелетеді. Тұрмысқа шыққан соң нәзіктік әйел адамның қылығына айналады. Бойымда нәзіктік жоқ дейтіндер, өзін тани алмағандар, яғни ол әйел энергиясын жауып тастаған, ашуына мүмкіндік бермей отыр.

Неге қыз балада нәзіктік көп болады, себебі қызды кішкене кезінен еркелетеді, өскен соң жігіттер комплимент айта бастайды. Энергиясы ашық тұрады. Ал тұрмысқа шыққан соң нәзіктігі қылығына айналады.

Тұрмысқа шыққан соң ол енді біреудің көңіліне қарау керек, бала босанады, ұйқысы бөлінеді, шаршау, ашушаңдық, ренішті ішінде сақтау арқылы энергия көздері жабыла бастайды. Сөйтіп нәзік әйелге қарағанда ашушаңдығы басым әйелдің образы көбірек байқалады. Алла пендесіне пайдалы болсын деген нәрсені парыз деп берген. Осы ретте Аллаға сену арқылы біздің энергия көздеріміз ашылады.

Энергия көздерін ашатын тағы бір жол - спорт. Спортзалға бар деп кесіп айтпаймын, әйел үшін үйдегі шаруаларды істеудің өзі спорт. Мүмкіндігіңіз бар болса, жүріп, жүгіріңіз.

"Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады" дейді қазақта. Әрине, мұнда еркектің де үлесі бар. Алайда осыған көндігіп, сүмірейіп жүрсек, энергия көздері жабылады.

 

Әйелге сәл "ақымақ" болған дұрыс

Бұл пікірмен келсімен. Біз ер-азаматтармен бірдей табыс табатын болдық, көлік те айдаймыз, тең жүретін дәрежеге жетіп қалдық. Әйел адамға "мен білем" дегенге қарағанда, кейде күйеуінен көмек сұраған, оны мақтап, дәріптеп отырған абзал. Көбіне біз, әйелдер, "күйеуіме жаным ашып кетті", ауыр нәрсе болса, "өзім жылжыта саламын" деп жатамыз. Осындай сөздер арқылы ердің энергия көздерін жабамыз. Бұл жерде әйел адамға ақымақ бол деп тұрған жоқпын. "Білем деген көп сөз, білмеймін деген бір сөз" деп жатады.

Білмейтін адамның кейпін кисек, ер адам жүкті өз мойнына алады. "Менің әйелім істей алмайды ғой" деп көмектескісі келеді.

Мәселен, балаңызға да өзім істей беремін деп, ештеңе істетпей жүрсеңіз, ертең "балаңыз олақ, қызыңыз салақ" болып шығады. Ал егер қасыңызға ертіп "көмектесіп жібер", "мынаны, істеп жібер" деп сұрасаңыз, олар оны істейді.

Ұлттық тәрбиені зерттегендіктен, менің айтарым, біз, ұлттық құндылығымыздың философиясын бағаламаймыз. Бізге шетелдіктердің айтқаны құндырақ болып тұрады.

 

Әйел мен еркек ешқашан бірдей болмайды

Әйел мен еркек ешқашан бірдей болмайды. Осы сөзіме көп адам қарсы шығуы мүмкін. Бірақ мен әрдайым айтамын, әйел адам ер адамнан бір саты төмен тұрады. Ондай отбасылардың үйінде береке болады.

Еркек адамды жоғарылату арқылы әйел өзі төмендемейді. Кейбір әйелдер айтады, "күйеуім ақша таппайды, жұмыс істемейді" деп. Ол деген сөз еркектің энергия көздері жабық деген сөз. Әйел адам оны беріп жатқан жоқ.

 

Жастар арасындағы ажырасудың көбеюінің себебі - телефон

Әрине, себеп өте көп. Соның бірі қарапайым телефон. Қазір көп жағдайда әйелдер күйеуінің телефонын ақтарып кінәрат табады. Бұл - бір.

Келін түскен соң, шешесіне реніш, ұрыстары жайлы барлық ақпараттарды айтып отырады, бұл - екі. Қызын шырқыратып жатса, шешесі оның позициясын қорғамай қайда барады? Мысалы өз басым тұрмысқа шыққанда телефоным болған жоқ, тіпті үй телефонынан төркініме хабарласпайтынмын, себебі ақша кетіп қалып, енем ұрысатын шығар деп ойлайтынмын.

"Шыққан қыз - шиден тысқары" дейді қазақта, ұзатылып жатқанда қызға "артыңа қарама" деп тағы айтады. Оның мағынасы тереңде жатыр. Бұл дегеніміз - кеткен қыз төркінін ойламау керек дегенді білдіреді. Қыз баласы болашақ отбасы үшін, баратын жерінің тұқымын көбейту үшін жаралған. Келін барған кезде бақытты қылам деп баруы керек.

Ер адамның телефонын қарамау керек, қарасаң ұрыс көп болады. Одан бөлек сабырсыздық, шыдамның жоқтығы бүгінгі жастар арасында негізгі проблемалар. Әйел өзіне деген сенімділігін жоғалтса, өзін күтпесе, еркек одан шаршайды. Бірақ әйел еркекті жөндей, түзей алады, әйел адам қаласа, істей алады.

 

Көзге шөп салуға итермелейтін әйелдің өзі

Көзге шөп салуды кешіру керек. Себебі қатені Құдай да кешіреді. Былай ойлап қарасақ, көзге шөп салуға итермелейтін әйелдің өзі. Өзіне қарамай, берекесі болмай отырса, әрине, ер адам сырттан адам іздейді. Мәселен, жұмысқа біз сәнделіп, жинақыланып барамыз. Ал үйде еркек ыбырсып жатқан әйелін көреді. Тіпті кейбірі таңертең тұрып дұрыс шәй де бермейді. Анам маған әйел еркектен бірінші тұру керек деп айтатын. Сонда мен түсінбейітінмін, "неге ол бірінші тұру керек деп". Әйел, жуынып-шайынып, өзін ретке келтіріп, таңғы ас дайындап отыру қажет. Сонда еркек адам қуанып, ризашылығын айтып шығады екен.

"Болды, солай екен" деп көнудің қажеті жоқ, кемшілік қайдан кетті деп іздеу керек. Отбасы керек болса, оны кешіру керек, керек емес болса, ажырассын.

 

Көп жағдайда әйелдің өзі кінәлі

Әйелге қол көтеру әйелдің өзінен болады. Әйел тілден табады. Күйеуінің ашуланып, ішіп келгенін, қол көтеретінін біліп тұрсаңыз, неге оған сөйлейсіз, ашуландырасыз? Әрине, нашар тәрбие көрген, анасын әкесі ұрған, оны дұрыс деп қабылдағандар да кезедседі. Бірақ, көп жағдайда әйелдің өзі кінәлі деп түсінемін.

 

Жар таңдауда қандай қасиеттеріне көңіл бөлу керек?

"Анасына қарап қызын ал" дейді. Ақылды еркек қыздың отбасында алған тәрбиесіне, жүріс-тұрысына қарау керек. Бала отбасында алған тәрбиесін сыртқа шығарады, бала - ол айна. Сырт келбет оның бәрі уақытша. Әдемілік дегенді тәрбие деп түсінемін.

Сөзінде тұратын, уәдесінде тұратын, анасын жақсы көретін ер адамда мейірімділік болады. Әкесін сыйлайтын, одан қорқатын еркекді сыйлаймын. Уәдесінде тұрмайтын еркектерден қашу керек.

Stan.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста