​Әйелдердің ТӨСЕККЕ қызығушылығы неліктен төмендейді?

Зерттеулерге сүйенер болсақ әйелдердің 66 пайызында сексуалдық мәселелер болады екен. Оның ішінде төсекке қызығушылығы төмендегендер 33 пайызды құраса, 20 пайызы жыныстық қатынастан ләззат ала алмайды. Сондай-ақ, әйелдердің 15 пайызында төсек қатынасы кезінде ауырсыну болса, 18-48%-ында қозу нүктелерінде мәселелер болған. Ал, 15-24 пайыз әйелдер мүлде оргазм алмайтын болып шықты. Осыдан-ақ олардың секске деген қызығушылығының неліктен төмендейтінін аңғара беруге болады, - деп жазды ERNUR.KZ.

Нәзікжандылардың осылайша төсекке «тәбеті» тартпауына не себеп болатынын дөп басып айту қиын. Сексуалдық қарым-қатынас өте нәзік дүние. Дегенмен, мына мәселелер туындағанда әйелдер түсініксіз жағдайда болады. Мысалы, қатты шаршағанның әсерінен, жұмыстың көптігінен, бала-шағаның у-шуынан әйелдер төсек жайлы ойлай да алмайды. Себебі, кейбірінде жеке жатын бөлме де жоқ. Соған қарамастан ұл-қызының жағдайын жасау керек дегендей. Мұның бәрі әйелдің миын шаршатып, күйеуіне деген сезімін сөндіре береді. 50-ден асқаннан кейін олардың көбі мүлде сексті қаламайтын жағдайға жетеді.

Жоғарыда айтып өткен себептермен қатар, мынадай аурулар мазалап жүрген болса да жақындасуға құлшыныстың жоғалатынын біліп жүріңіз:

  • Жоғары қан қысымы;
  • Қант диабеті;
  • Бүйрек аурулары
  • Жұлынның зақымдануы;
  • Қалқанша без аурулары мен гормондық бұзылыстар;
  • Алкогольге салыну;
  • Қатерлі ісік кезіндегі сәулелік терапия әсері;
  • Етеккір үзілісі және де аналық жыныс безінің алынуы;
  • Кейбір дәрілердің кері әсері.

Ал, қосылу кезіндегі ауырсыну мынадай жағдайлардың әсерінен туындайды:

  • Аналық без аурулары;
  • Қынап бұлшықетінің ауырсынуы;
  • Инфекциялық аурулар;
  • Жатырдың немесе қуықтың төмендеуі;
  • Қынап терісінде пайда болатын аурулар;
  • Қынаптың туа бітті дұрыс орналаспауы;
  • Мүшеқаптың кейбір түріне аллергиялық сезімталдық.

Әртүрлі препараттар да сексуалдық қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін.

Мәселен:

  • Жоғары қан қысымын түсіруге арналған дәрілер;
  • Ауырғанды басатын дәрілер;
  • Жүйкені тыныштандыратын дәрілер;
  • Депрессияға қарсы дәрілер.
  • Психологиялық факторлар да адамның ләззат алуға деген құштарлығын азайтады.

Әсіресе мынадай жағдайларда:

  • Сіз стрестік жағдайда болсаңыз;
  • Сіздің өткен өміріңізде сексуалдық қарым-қатынастан қалған қорқыныш бар;
  • Ата-анаңыз мұндай тақырыптарға жабық болып, өте қатал болса;
  • Өз денеңізден ұяласыз;
  • Жүкті болып қалудан немесе ауру жұқтырып алудан қорқақтайсыз;
  • Өзіңізді бағаламағандықтан қарымқатынас кезінде тартыншақтайсыз;
  • Депрессиялық жағдайларда.

Айтып өткеніміздей, осы айтқандарымыздың тым қрығанда біреуі сіздікімен сәйкес келсе, сексолог дәрігермен кеңескеніңіз дұрыс. Осыдан кейін бәрі де өз қалпына келеді. Сіз мәселені айтудан, оны дұрыстаудан қашпаңыз. Керісінше кездескен қиыншылықтарға қарсы тұрып, өміріңізді гүлдендіруге тырысыңыз.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста