Тиффани есімді әйел сүйіктісінің жымысқы әрекетін қулықпен біліп қойды. Ол айна арқылы ер адамның өтірігін ашып берді. Желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
Тиффани есімді желі қолданушысы желіде ерекше қулық әдісін айтты. Ол өз сүйіктісінің жымысқы әрекетін біліп қойған. Әйел мұндайда айнаның таптырмас құрал екенін айтты.
“Сүйіктім екеуміз бір бірімізге қарама-қарсы диванда жаттық. Менің аяғым оның басының жанында жатты. Аяғыммен айна қысып алдым да, оның телефоннан не қарап жатқанын тексердім. Ол жалаңаш қыздардың суретін қарап жатты. Мен одан “не көріп жатырсың?” деп сұрап едім. Экзотикалық көліктерді қарап жатқанын айтты. Ол өмір бойы сондай көлік алғысы келіп жүргенін айтты. Мен оның әрекетін соңына дейін бақыладым. Кейіннен оның өтірік айтқанын бетіне бастым. Сіздерде осындай жағдай болды ма?”, – деп сұрады ол.
Көптеген жазылушылар әйелді байсалдылығы үшін мақтады. Солардың бірі былай деп жазыпты: "Құдай-ау, қалай сабырлы болдың! Сен үшін қатты уайымдадым, қаным қайнап кетті! Нәпсі – сатқындықпен бірдей".
Тағы бірі былай деп атап өтті: "Бұл опасыздық емес деп айтатындар үшін мен баса айтқым келеді: кейбіреулер үшін бұл сатқындық. Әртүрлі адамдар әртүрлі әрекеттерді сатқындық деп санайды ". "Бұл алдау емес, бірақ адамды сыйламау", - дейді тағы бір қолданушы.
Басқа қолданушылар ер адамның әрекетінен еш ерсілік көрмеген.
"Жігіттер әйелдердің суреттерін көргенде, қыздар неге жынды болып кететінін түсінбеймін. Өзіңізге деген сенімділік соншалықты жетіспейді ме?" "Күйеуімнің мұндай контентті көріп отырғанына мән бермейтін мен ғанамын ба?" – деп сұрады қолданушылардың бірі.