Әйел бақытын сезіну үшін көп нәрсенің керегі жоқ

   Ұлтым орыс.Есімім   Марина.  Талай жыл аудандық  клубта əнші болдым. Əнші болған соң талайлар мені ұнатты, мен оларды ұнаттым. Бір сəттік қалаумен талай жігіттер сөз салды. Мен бірақ ермек қылатындармен араласқан емеспін.

Бірақ, тағдыр шығар, төрт рет  тұрмысқа шықтым.Оны ешқашан ешкімнен жасырмадым. Алғашқы күйеуге жиырма жасымда шықтым. Екіншісіне  жиырма төртімде, үшіншісіне  жиырма сегізімде,  Төртіншісіне  қырық екі жасымда шықтым. Иə, мен бұны ешкімге тілеген жоқпын жəне де əр тұрмысқа шыққанда сезіммен,үмітпен  шықтым.

    Амал не?!... Жастықтағы сезімдеріміз  тез сөніп қала берді.  Негізі, еркектердің бəрі бірдей пəк қыз іздейді. Өткеніңді біліп, сені жар етсе де. От құшақпен лəззаттың кіл тереңіне батырсаң да, жақсы жар бола алсаң да...  Өмір бақи  бір қиялдың соңына түсіп алады да, сонымен өмір кешеді. Сол себептен, саған көңілі толмайды екен.

    Алғашқы күйеуім - Сергей  жақын құрбыммен көзіме шөп салды. Сосын одан кетіп қалдым. Дегенмен, Сергей маған əйел екенімді сезіндірген жалғыз еркек. Оны əлі күн аңсаймын. Ол сияқты ешкім жанымды жандырып, тəнімді лəззатқа мас қылған  емес. Одан кейінгі күйеулерім бірі - татар, бірі - неміс болды. Екеуінің де балалары болған соң арамызда түсінбестік орын алды. Содан мен кетуге мəжбүр болдым.  Мен ешқашан бала сүйген  емеспін. Содан шығар, біреудің баласын қарай алмадым. 

   Төртінші күйеуім - Кавказдық. Есімі - Руфат. Қарым-қатынасымыз кездейсоқ басталды. Ол жаңа -жыл қарсаңы еді. Руфат - нағыз азамат. Əйелдің қалауын жүз пайыз орындай алады. Жан мен тəн қалауын толық қанағаттандырады. Кавказдықтардың қызу қандылығына қайран қаламын.  Қырық  екі жасымда, екінші рет  нағыз жылылық пен жайлылықты сезіндім. Отбасылық бақыттың дәмін таттым.

      Айтайын дегенім әйел  өзін  бақытты сезіну үшін, жан мен тән үйлесімдігі болмаса,ешқашан  бақытты бола  алмайды екен.Шоу бизнесте жүрген Баянды  көпшілік даттайды. «Кәрі түйе ойнақтаса...» дегенді айтып.Ал мен оның жәйін өз басымнан өткен соң жақсы түсінем.Біреуді қаралау оңай ғой.Ал әйел бақытын сезіну үшін көп нәрсенің керегі жоқ.


Дереккөз: el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста