Ағам мен күйеуім бір қызға ғашық болыпты
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Өмірімде ашылып біреуге сыр айтып көрмеппін. Бар құпиям өзіммен бірге тұншығып өле беретін. Бірақ мына жайтты жазбауға дәтім шыдамады.
Құдай қосқан қосағым Алла маған адалынан берген жар деп ойлаймын. Өзім сүйдім, өзімді сүйді. Қазіргі таңда береке бірлігіміз де жақсы, Құдайдың берген төрт баласын асырап отырмыз. Көп көрмесін. Мені бір қынжылтатыны күйеуім мен ағамның ара қатынасы аса жақсы емес. Күйеуімді жақтайын деп тұрған жоқпын, алайда бұл жерде менің жолдасымдыкі жүз пайызға дұрыс деп айта аламын.
Ағам мен күйеуім бір бірін көрсе тышқан мен мысықтай тыржиа қалады. Ағаммен қанша рет жеке сөйлестім, бәрібір ағамның бойындағы жалған намыс па, әлде пасық бір жігіттік серт пе, әйтеуір менің күйеуіме жібімей қойды.
Күйеуімнен сұрап білгенім, менің жолдасым маған үйленбей тұрып менің ағаммен сырттай араласқан екен. Тіпті екеуі бр қызға ғашық болған, саунада қыздармен бірге болған кездері де бар екен.
Мен оның өткен өмірін қаузағым келмейді. Жас болып, жігіт болып барса барған шығар. Бірақ екеуінің араларының неге суып кеткенін әлі күнге түсінбеймін.
Күйеуім болса ағамның өзіне деген жеккөрінішін көрші ауылдағы Батима деген қызға екеуінің бірдей ғашық болғандығымен түсіндіреді. Өзінің айтысына қарағанда екеуі сол қыздың үйінің алдында бір рет төбелесіп те алыпты.
Ал ағамнан сұрасам жұмған ауызын ашпайды. Бірақ күйеуімді көрген жерде қағытып, қыжыртып, тиісіп қалуға тырысады. Тым құрығанда ренішінің, өкпесінің себебін ашып айтса ғой, ары қарай екеуінің арасының түзеліп кетуіне барымды салатын едім.
Ағам да қазір үйлі баранды. Өз отбасы бар. Әке шешемді асырап отыр. Тек осы күйеу баласымен суық қатынасы менің ол үйге жиі баруыма кедергісін көп келтіреді.
Бастабында күйеуіме ағам мені сенен қызғанады шамасы деп қалжыңдайтынмын. Ол кезде күйеуім де күле салатын. Ал қазір жағдайдың өшпенділікке ұласып бара жатқанын көріп, қорқайын дедім. Ағам тиісіп сөйлей берген соң күйеуім де әке шешемнің үйіне баруын сиретті. Бір ауылда тұрсақ та айына бір көрісеміз. Бұлар сте берсе түптің түбі араласпай кете ме деп қорқамын, Маған бұл жағдайда не істеу керек құрметті оқырман?. Ой қосып, ақылдарыңызды айтарсыздар.
Гүлайым Сапарбек, Талдықорған