Абысынымның іштарлығынан қайынжұртыммен араласпаймын...

«Абысын тату болса ас көп» деген қазақтың тамаша бір сөзі бар ғой. Ата-бабаларымыздың даналығы қандай десеңізші, келіндерінің бір-бірімен тату болуына барынша жағдай жасаған. Алайда қазіргі кезде абысын-ажындардың арасында ұрыс-керіс, кикілжіңнің жиі болатынын естиміз. Әрине, тәлім-тәрбиесі бөлек қыз балалардың өзге шаңыраққа келіп бір-бірімен тіл табысып кетуі оңай шаруа емес. Бүгін «Алаш айнасы» бір отбасындағы абысындар арасындағы жағдайды «Отбасы – ошақ қасы» айдарына жариялап отыр. Оқыңыз, пікір білдіріңіз...

«Менің ақ босаға аттап, келін атанғаныма да 7 жылдай болды. Есімім Айғаным. Жолдасым отбасыларындағы екі ағайындының үлкені. Екеуміз бірнеше жыл жүріп үйлендік. Аллаға шүкір, қазір үш баламыз бар.
Мен алғаш келін болып түскен жылы ата-енем, қайным, бәріміз бір шаңырақ астында тұрдық. Менің жолдасым мен қайным қалада емін-еркін өскен, қазақшаға шорқақтау жігіттер. Оларда ауылдың балалары секілді ата-анадан имену деген болмайтын, мүмкін ата-анасының бала күндерінен берген тәрбиесі солай болды ма? Ойындағыларын тік айтады, ата-анасына қарсыласатын кездері де болды. Бас кезінде бұл отбасындағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасына үйренісе алмай жүрдім. Мамалары өз жұмысын істеп, өзін-өзі күтіп, балаларының жағдайына аса бас ауыртпайды. Енемнің атаммен шүйіркелесіп шәй ішіп отырғанын көрмейсің. Әркім өз алдына жүреді. Бір-бірімен сөйлесе қалса, арты ұрысқа ұласып кетеді.
Біздің үйде көрген тәрбиеміз ата-ана қандай болса да, оны сыйлау керек, қарсы сөз айтпау керек деген қағидамен өстік қой. Сондықтан дастархан басында атаммен, кейде енеммен әрнәрсені айтып шүйіркелесіп, әңгімеге тартып, өзімше отбасы мүшелерінің бір-бірімен жақындасуына жағдай жасағым келді. Біртіндеп күйеуіме үлкен адамдар отырғанда тік сөйлемеуді, олардікі дұрыс болмаса да әрнәрсеге ескертпе жасай бермеуді үйреттім. Уақыт өте келе атам үлкен ұлының бойындағы өзгерістерді байқап, «Қызым, біздің баланың мінезіне төтеп беру қиын екенін түсінемін. Айналайын, саған рахмет. Жас кезімізде жұмыс-жұмыс деп балаларға жағдай жасадық, бірақ дұрыс тәрбие бере алмадық. Бұларды көше тәрбиеледі ғой. Анасы да қазақы жан емес» деп ағынан жарылды. Атамның бұлай дейтіндейі бар еді. Жолдасым ісіне ұқыпты, өте талапшыл болғанымен мінезі шатақтау, оның үстіне кейде сыраны да бір кісідей ішетін. Бірақ тез ашуланып, тез қайтады, өзінің артық кеткен тұстарын біліп тұратын.
Ал қайнымның ағасынан өзгешелігі ол өте қырсық. 25 жасқа келгенше не тұрақты жұмыс істемеді, орта мектептің аттсестатын шешесі таныс-тамырға тиын-тебен беріп жүріп әрең алып берген екен. Одан кейін ақшасын төлеп ақылы колледжге түсіріпті. Ол оқу орнына да дипломын аларда бірақ барған. Өзі ішімдікке өте жақын.
Бір күні қайным ойда-жоқта үйге бір қызды алып келді. Үйде атам-енем де, жолдасым да жоқ еді. Өзімнің тұңғышымызға аяғым ауыр болатын. Үйдің тірлігін істеп тырбыңдап жатқанымда араққа сылқия тойып алған қайным үйге кірді де: «Жеңеше, мен үйленетін болдым, танысып қойыңыз, мынау абысыныңыз» деді. Әлгі қызға қарасам шашы сап-сары, дөңгелек жүзді жас қыз екен. Ол қызда именбей көзіме тік қарағанда өзім ынғайсызданып қалдым. Сасқанымнан «мама келсін, орамалды өзі салар» дедім де телефонымды ала салып енеме хабарласып, үйге келін түскенін айттым. Аяқ астынан келген келінге бәріміз таңбыз, бірақ бәрімізді алаңдатқаны, қайнымның мас күйінде қызды алып келгені. Үйге туған-туыс жиылып әлгі қыздан: «Қарағым, өз еркіңмен келдің бе, біздің ұлмен қашаннан бері таныссың» десіп жатыр. Қыздың сөзінен білгеніміз, кездесіп жүргендеріне үш ай болып, өз еркімен келгенін айтты. Сонымен кешке қарай қыздың артынан қуғыншылар келді. Сөйтіп ертеңінде таңертең қайным ес жиғанда отбасылы болып шыға келді. Абысынды болғаныма мен де өзімше қуандым. Әңгімелесетін, үйдің тірлігін бірге жасайтын адам бар дегендей. Ата-енем екі ұлын да үйлендіргеніне мәз. 25 жастан асқан қайным үйленгеннен кейін небір нашар қылықтарын қояр деп үміттендік.
Біздің тойымыздың өткеніне бір жылдан енді асқандықтан қайнымның тойына біраз уақыт дайындалу керек болды. Атам мән-жайды құдалдарына түсіндіріп, тойды кейінге шегерді. Бірақ арада 2 айдай уақыт өткенде абысынымның туыстары үйге келіп жанжал ашып, тойды уақытында жасамағанымыз үшін жер-жебірімізге жетті. Абырой болғанда үйде менің жолдасым болмады, соңы төбелеске ұласар ма еді?...
Осыдан кейін қайным күнде үйге мас болып келеді де ата-анасына: «Сендер Нұрболға қатырып той жасап бергенсіңдер, менің тойымды жасағыларың келмейді» деп қиғылықты салатынды шығарды. Осыдан кейін ата-енем қарызданып, қауғаланып жүріп әйтеуір тойды өткізді, шамамыз келгенше біз де көмектестік. Тойдың қалай өткені бұл жерде маңызды емес шығар...
Біз Нұрбол екеуміз тұңғыш қызымыз дүниеге келгеннен кейін бөлек шықтық. Бұрын ата-енемнің жалға беріп қойған бір бөлмелі пәтері болатын. Сол үйге көшіп кеттік. Анда-санда үлкен үйге барып тұрамыз. Бастапқы кезде абысыным бізді күліп қарсы алып, шәйін беретін. Мен де барған сайын оған құр қол бармай сыйлығымды ала барамын. Бірақ қайным, біз барған сайын «Біздің бөлек тұрғымыз келеді, сендер осында тұрыңдар, біз бөлек кетейік» деген әңгімені жиі шығаратын болды. Ал абысыным болса, біз барғанда ыдыстың бәрін тарс-тұрс еткізіп, өзге біреулерге ашуланған болып мінезін көрсетеді. Басында мен оның мұндай әрекетіне мән бермеуші едім, бірақ кейіннен оның мұндай мінезін жолдасым да байқай бастады. Кейде туған күн, анау-мынау мерекелерде ғана кіріп шығатын болдық.
Бірде енем маған: «Сендер мұнда келе бермеңдер, бұлар біраз өздерімен өздері болсын, Ербол балалардың шулағанын да көтере бермейді, Маржан да қонақ күткенді жақтырмайды екен. Сендердің артынан балалардың шашқан ойыншығын бұрқылдап жүріп жинайды. Ең басытысы Ерболмен тұрып кетсе болды. Сол бұзыққа ие болсыншы» дегеннен кейін біз баруды мүлде қойдық. Енемнің сөзінен кейін біртүрлі көңілім қалды. Демек, менің кішкентай қызым мен екі-үш айлық ұлымды жолатқысы келмегені ме деп біраз жылап та алдым. Мен бұрын балаларым туылғанда абысынымның келмегеніне, қуанышымды бөліспегеніне аса мән бермей, түсіністікпен қарайтынмын. Сөйтсем ол күйеуінің құлақ етін күнде жейді екен. «Сенің ағаң мен жеңгеңдікі рахат, кемпір-шалды бақпайды, өздерімен өзі тұрады, әке-шешең мені жақтырмайды, ылғи Айғанымды мақтайды. Ал мен болсам осы үйдің жұмысынан әбден шаршадым, денсаулығым болмай, бала да көтере алмай жүрмін» дейтін көрінеді. Оны бір күні біздің үйге мас болып келген қайным айтып қойды. Нұрбол екеуі жаға жыртыспас үшін алдап-сулап қоя берген болдым. Кейін енем біздің үйге келгіштей бастады. Ол кісі де әңгіме арасында Нұрбол мен Маржанның аралары дұрыс болмай жүргенін, баласының ішіп алып аузына келгенін айтатынын, келінінің қабағы ашылмайтынын айтып мұңын шақты. «Маржан қит етсе «мен Айғаным секілді емеспін, мені ұнатпасаңдар, балаларыңа басқа келіншек тауып беріңдер» деп айқайлайды, бірақ өзінің кететін ойы жоқ» дейді енем. Сонда менің екі ортада не жазығым бар. Үйім бөлек, отбасым бөлек. Балалы-шағалы болғалы ата-анамнің, қайыным мен абысынымның жағдайларына бас ауыртатын да уақытым болмай кетті. Өздері біздің үйлеріне барғанымызды қаламады, балаларымыздың ойыншықтырды шашып, ойнағанын көтере алмады. Енді келіп абысынмның ұрыс-керістің бәріне мені араластырып, қараптан қарап жау көретініне таңғаламын. Абысынымның іштарлығынан тіпті балаларым атасы мен әжесін сирек көреді. Үлкен кісілер қара шаңырақта отырған кенже баласы мен келінінің сөзін сөйлеп, олардың жақсы отбасы болып кетуі тілеген болар. Абысынымның маған деген реніші болса жеке өзіме неге айтпайды. Айлап араласып, сөйлеспесек те менен кімді, нені, не үшін қызғанатынын түсінбей-ақ қойдым...»
Айғаным,
Алматы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста