Абысыныммен сыйыса алар емеспін

Əркімнің өз несібесі бар. Алла əркімге өзіне лайық дүниені береді ғой. Ал, соған санасы жетпейтіндерге не деуді де білмейді екенсің?!

Көре алмаған адамға дауа жоқ екен. Əке-шешемнің ақ батасымен ақ некелі жар болдым. Келген де бірден бөлек шығуға мүмкіндік болмады.  Жəне мамандығыма сай  жұмыс болған соң, ата-енемнің қолында қалуға қарсы болмадым. Менің алдымда түскен абысыныммен тату болуға барымды салдым.

Абысыныма əрбір мерекеде үстіне киім-кешек, алтын білезік, сырға сынды дүниелер алып беріп жүремін. Ақшаға қатты басы ауырмайтын адаммын. Барында батып ішіп, жоғында сатып ішіп үйренгенмін. Сол жұмыста да жақсы атқа иемін. Адамға жақсылық жасаудан қашқан адам емеспін.Ақ халатты бос кимеген шығармын деп, əрбір жүкті əйелге көмек қолын созамын. Аядай ғана ауылда мен босандырған  балапандар екі жүзге жетіп қалды. Тəубə, құлдыраңдап алдыма келіп, амандасқанында төбем көкке екі елі жетпей қалады. Əр күні біреу есігімді қағады, қаққан жанға қабақ шытқан кезім жоқ.

Сол ақ көңілділігім мен ақ ниетімді абысыным түсінбей жүр. Ата-енем мен жолдасымның көңіліне күдік салуға тырысуда. Перзентханада жұмыс жасағаныма өкінген емеспін.  Иə, перзенті болған соң талай əкелер қуанышын бізбен бөліседі. Бізге сыйлықтарын береді. Ұялымызды алады. Соған абысынымның ақылы жетпей ме бірдеңе?!

Біреу бір сөздің басын шығарса, қурайдай адам баласының сол сөздің ығына жығылуы заңды. Жолдасым мен енем  соңғы уақытта жұмысқа барамын десем, жақтырыңқырамайтын болды. Абысыныммен талай рет ашық сөйлестім. Тыңдаған болады да, артынан тағы мені даттап шығады. Мен өз арбамды өзім сүйреп, тыныш өмір сүргім келеді! Мен көп нəрсе сұраймын ба? Ғайбат сөздер айтылады. Айтылған күні отбасымызда тыныш шай іше алмаймыз.Түнгі кезекшіліктен  шаршап келген адамға майда-шүйде сөздер жақпайды. Мен де айтарымды айтып қалам. Жолдасыммен түсінеміз. Енем қиын. Үндемей жүріп алады. Шайға шақырсам, келмейді. Абысыныма не істеуге болады? Оқымаған əйел. Көре алмайды. Əулетке сыйы жоқ.

 el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста