​40-тан кейін ТӨСЕКТЕ болатын ҚЫЗЫҚТАР мен «ШЫЖЫҚТАР»

40 жасқа келгенде «қалай болар екен?» деп ойлана жүретін жағдайдың бірі &ndash төсек қатынасы. Ешкім ашып айтпағанмен, іштей бір уайым болатыны жасырын емес. Анығында бұл жасқа келгендер өздерінің күш-қабілетін шынайы бағалай бастайды. Ал, алдынан не күтіп тұр, қандай жағдайға дайын болу керек, бүгін сол жайында сөз қозғайық. Бұл туралы ERNUR.KZ сайтында жарияланды.

АРТЫҒЫРАҚ «қимылдау» керек болады

Бойындағы тестостерон гормонының төмендеуіне байланысты еркектер бұл жаста «кез келген көйлектінің» соңынан ұзақ қарап қалатынан «қасиетінен» ажырай бастайды. Бұл дегеніміз, оның «төсектен түсіп қалғаны» емес. Тек қана жыныстық қатынасқа арнайы дайындықпен жақындауға тура кеп қалады. Бұрынғыдай емес, әйелдің көңілі мен қалауына назар аударатын болады. Сонымен қатар, жас күндегідей асығыс емес, әр қимылдың өзі баппен келістіру керек. Сол үшін де көбірек күш салуға да тура келеді. Әйелдер де бұл кезде гормондық өзгерістерді сезінеді. Эстрогенннің азаюынан әйелдің сексуалды талабын қанағаттандыру да керек болады.

40-тан соң жұптар «АШЫЛАДЫ»

Көпшілік бұл жаста тән жақындығынан ләззат алу бұрынғыдай болмайды деп ойлайды. Қате пікір. Анығында 40-тан асқан шақта олардың сезімдері мен құштарлығы 25 жастағылардан асып түседі. Себебі, оларда бұрынғыдай қысылу, ұялу дегендер болмайды. Енді олар еркін, қалауын ашық білдіріп және оны орындай алатын жаста. Солай болады да!

ЖҮРЕККЕ салмақ салмау керек

40-тан асқандағы көп қызықтың біріндегі бір «шыжық» осы. Бұл жүрек қартайды деген емес. Жүрек, қантамыр жүйесінің жыныстық қатынаста маңызды рөл ойнайтыны белгілі. Белсенді қимыл мен оргазм кезінде қанайналым жылдамдап, жүректің қызметі де артады. Деннің сау болуы да осы кезде маңызды. Жүрек-қантамыр жүйесі мықты болса, төсектегі қабілет пен либидо да жоғары болмақ.

Біраз уақыт ҚАЛАУЫҢЫЗ БОЛМАЙ қалуы да мүмкін

40-тан асқанда біршама уақыт төсекте жақындасуға қалауыңыз болмай қалу да қалыпты жағдай. Ол үшін алаңдауға негіз жоқ. Ағзадағы өзгерістер, есею сияқты жағдайлар да тән жақындығына аса тарта қоймайды. Бірақ мұндай «тыныштықтан» кейінгі төсек қатынасы ерекше болады.

Ал жұптар бұған дейінгі тән жақындығынан алған ләззатын, ненің ұнағанын айтса, ендігі жерде ұнамаған тұстарын білдіруі мүмкін. Міне, осы себепті де қырқаға шыққаннан соң жұбайлардың бұл тақырыптьа ашық болады.

Егер төсектегі жақындық туралы әлі де ашық сөйлесе алмайтындар болса, онда оларға кәсіби маманның көмегі аса қажет.

Бала «жасау» - маңызды «ЖҰМЫС»

Жыл өткен сайын әйелдің аналық ұрық жасушассының сапасы мен мөлшері кеми береді. Сондықтан, 40 жастан асқанда құрсақ көтеру біршама қиындай болады. Егер осы жастағы жұптар тағы да сәби сүйгілері келсе, оған бұрынғыдай қарамайды. Яғни, бұл жаста «бала жасау» кәдімгі әжептеуір күш салатын жұмыс болмақ. Құрсақ көтергенше жыныстық қатынасқа түсу &ndash «міндеттеме» ретінде қабылданады.

Еркектер бұрынғыдан ұзағырақ «қимылдайды»

Жасы ұлғайған сайын еркектер шауһатты ұстап қалуға үйренеді. Бұл да гормондардың өзгерісінен... Сонысымен де серігіне көбірек ләззат сыйлайды. Анығырақ айтқанда, серігінің төсекте қанағаттанғанына көбірек мән береді. 40-тан асқандағы төсек қатынасының тағы бір оңды жағы осы.

Түрлі дереккөзден жинақтаған: Ж.БАЙТҰРЫМ,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста