22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз

22 жасында әкесімен жасты адаммен тұрмыс құрған қыз

Əкесімен жасты ер адамның жұбайы атанған 22 жастағы келіншек өзінің басынан өткен жайттар өзге қыздарға сабақ болғанын қалайды. Жансая 22 жасында үшінші рет тұрмысқа шыққан.

Жансая бала кезден шешесі - Гүлсім мен өгей əкесі - Нұрлыбектің қолында тұрған. Үйінің үлкені, одан кейін 2 інісі, 1 сіңлісі бар (бір інісі Жансаяның өз баласы).

Алматы облысының 1994 жылғы тұрғыны Жансая бүгінде 1968 жылғы азаматтың жары атанып отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Менің басымнан өткен жағдайды ешбір адамның басына салмасын", - деп жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан 22 жастағы Жансая өз əңгімесін бастады.

Бала кезде алқаш əкесінің қорлығын, анасының жылап өткен өмірін, аштықты, жоқшылықты көріп өскен Жансаяның алдағы өмірі де мұңға толы еді.

- Мен мектеп оқып жүргенімде Қордай қаласынан Алматыға жұмыс істеуге келген Арман деген жігітпен танысып, бірден ғашық болдым. Арман 1987 жылғы, менен 7 жасқа үлкен еді. Анам ол жігітпен кездесуіме бірден қарсы болды. Себебі, анам менің оқуға түсіп, мамандық алғанымды, сол мамандықпен жұмыс істегенімді қалады. Мен ол кезде анамның ол сөздеріне мүлде құлақ аспадым. Махаббат жылуына бөлініп, есімнен айырылған едім. Мен мектептен тыс уақытында балмұздақ сатып, тиын-тебен тауып, анама көмектесіп жүрдім. Жұмыс уақытында жасырын Арманмен де кездесіп алатын едім. Анам інімді менің артыма салып, бəрін біліп қойды. Сол себепті біз Арманның ауылына Қордайға қашып кеттік. Мен ол кезде жүкті едім.

Өмірімнің азабы сол күннен басталды. Арманның үй-іші мені адам құрлы санамады. Таңның атысынан түннің батысына дейін сол үйдің суымен кіріп, күлімен шығатын едім. Ішімдегі баламмен бірге жайлауға барып мал бағатын болдым. Өзім сүйіп қосылған Арман да мені сыйлауды қойды. Күнде ішіп келіп, мені таяққа жығатын еді. Ешкімнің маған жаны ашымайтын. Есімнен танып, құлап қалсам да ешкім дəрігерге көрсетіп, емдетпейтін. Жатқан жерімде ауырып жата беретін едім. Ең соңғы амалым анам еді. Оған қоңырау шалып, мені алып кетуін өтіндім.

Ол кездері анам да жүкті еді. Екеуміздің босанар күніміз бір уақытқа түсіп, бір күнде босандық. Алматыдағы туыстарымыздың ешқайсысы менің жағдайымды білмейтін. Мен - ұл, анам - қыз босанды. Анам менің ұлымды өз атына жазғызып, бүкіл ауыл-елге анамның егізі болды деп жарияладық.

Солай бəріміз бала кездеріміздегідей бір үйде бірге тұра бастадық. Мен ақылы оқуға түстім. Оқып жүріп Қарағандыдан келген Дарын есімді жігітпен таныстым. Дарын менің өткен өмірімнен мүлде бейхабар еді. Екеуміз біраз кездесіп жүріп, үйленетін болдық. Осылайша, мен екінші рет тұрмыс құрдым.

Дарын екеуміз алғашқыда пəтер жалдап тұрдық. Мен дүниеге тағы бір ұл əкелдім. Дарынның табысы пəтерақыға, біздің керек жарағымызға жетпей, өмір тапшылығын көре бастадық. Анам сол кезде тағы қол ұшын берді.

Біз анамның үйіне барып тұрдық. Бірақ, Дарынның маған деген сезімі сөніп, балам екеумізді тастап кетті.

Арада біраз уакыт өткен соң мен даяшы боп жұмыс істей бастадым. Сол уақытта қазіргі жұбайым Талғатпен таныстым. Талғат менің өгей əкеммен жасты, 1968 жылғы. Ол менің жұмысыма жиі келетін болды. Уақытты өткізбей екеуміз отау құрдық. Бірге өмір сүре бастадық, - деп əңгімесін аяқтаған Жансая өксігін баса алмай жылады.

Қазіргі жұбайымен бірге жүргенде ел-жұрт Талғатты Жансаяның əкесі деп ойласа, кейбірі қолын шошайтып, "масқара" деп бетін ұстайтындар да бар.

Жастайынан тағдыр тауқыметін тартқан Жансаяға бұл өмірдің сынағы бітпестей көрінеді.

"Бір айтарым, бұл тағдырды ешкімнің басына бермесін. Əр басқан қадамдарыңызды аңдып басыңыздар демекпін. Жасым кіші болса да көрген қиындығым, қорлығым, аштық, жоқтығым көп болды. Анамның тілегін орындап, өзімнің құрбыларым сияқты оқу оқып, ел біліп, жер біліп, бəрін ақылмен істегенімде бұл халге түспес па едім, бәлкім", - деген Жансая өз қатарластарына мұндай қателікті қайталамай, қыздарды жеңілтек болмауға, өз ұятын сақтауға шақырды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста