17 жыл сәби сүюді армандаған ауқатты әйел сығандарға қалай алданғанын айтты

Бала сүюді бақсыдан емес, Алладан сұра. Қоғамда құрсағын жарып шыққан перезентін әжетханаға немесе қоқырға тастай салатын әйелдер бар. Бұл күнделікті естіп, көріп жүрген құбылысқа айналып барады. Ал арамызда оған зар болып, ана бақытына бөлене алмай отырғандары қаншама?

ШҚО тұрғыны - Меруерт есімді кейіпкеріміз бақсылардан қалай оңбай алданғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ  тілшісі.

Ол жұбайы Абзалмен 2000 жылы шаңырақ көтерген екен. Той ауылда болғанымен, оның дүркіреп өткенін көпшілік әлі ұмыта қоймаған көрінеді. Бүгінде екеуінің бір жастықты бөліскендеріне 17 жыл болған. Қолдарында байлық та, мансап та бар.

Ең өкініштісі - отауды шаттыққа бөлейтін баланың жоқтығы.

Меруерт құрсағына шарана бітірмек болып, талай бақсының табалдырыған тоздырыпты.

«Біз жарым екеуіміз толық медициналық тексерістен өттік. Денсаулығымыздан ақау табылмады. Онда да, менде де бәрі таза. Сондықтан бала көтертемін деген бақсыларды аралауды жөн көрдім. Алғашында жолдасым қарсы болатын. Оны әрең көндірдім. Сөйтіп, ел керемет деп жүрген бақсылардың біразына бардық. Бірі құрбан шалдырып, қанына жуындырды. Тағы біреуі қызыл жіп оқып берді. Осылайша жиырмаға жуық бақсының алдынан өтіппіз. Бірақ ешбірінен көмек болмады»,- дейді Меруерт.
Тіпті, араларында ақылға қонымсыз рәсім жасағандары да кездесіпті. Айтуынша, жұрт 101 пайыз біледі деп сенген сыған әйелі де сан соқтырған.

«Бір досымыз Өскемен маңынды мықты сыған емшісінің барын айтты. Алып - ұшып сонда бардық. Басында адамды жақсы сендіреді екен. Біздің талай уақыттан бері бала аңсап жүргенімізді айтты. Сондықтан қатты сендік. Ол менен бала көтеру үшін өз тарапынан жасалатын 10 рәсімге үзбей келуімді сұрады. Ол он кітаптың ішіне 5 мың теңгеден салып бардым. 50 мың теңге қайда қалмай жатыр?! Тілегімнің қабыл болуын тілеп бардым», - деді Меруерт.

Сыған әйел алғашында кітаппен бірге ақшаны өртемек болған. Кейін Меруерттің көзінше бұл ойынан айнып қалыпты.

«Ол рәсімге сәйкес күн ұясына батқанда кітаптағы ақшамен сені аластап, өртейміз деді Бірақ кейін кітапты өртеп, ақшаны суға ағызамыз деп шығарды. Оған да көндім. Өйткені, ол жерде мен жалғыз емес едім. Өзіммен тағдырлас келіншектер көп болатын. Бәріне солай бұйырыпты. Сөйтсек, бұл ақша табудың бір жолы ғана екен. Көзіміз жетті. Кітапті өтірік өртегенімен, ақшаны өзім өзенге ағызамын деп қалтасына сала берді. Сонда, бір күнде 10 әйелден 50 мың теңге табыс тапқан. Оны тағы он рәсімге көбейтіңіз. Сұмдық», - дейді кейіпкер.

Меруерт өзі барған бақсылардан оңбай алданғанын кеш түсініп отыр. Бойына бала бітіру үшін бас-аяғы екі жылда 1 млн теңгеге жуық қаражатын тәуіптерге таратып берген.

Алайда, олардың рәсімнен кейін көтересін деген баласы сағымға айналған. Енді ол басынан өткерген оқиғасы өзгеге сабақ болуын тілейді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста